Фариза, фаризажан, фариза қЫЗ



Дата06.06.2016
өлшемі31.85 Kb.
"ФАРИЗА, ФАРИЗАЖАН, ФАРИЗА ҚЫЗ"

атты Республикалық Фариза Оңғарсынованың өлеңдерін оқу және ақын өлеңдеріне жазылған әндер байқауының ережесі

Қатем мен жеңістерім үшін,

Менің мынау қиындау тағдырым болып

О, баста көріскенің үшін

Өлең, мен сені аялап өтем!-

деп жырлаған лирик ақын, сыршыл жыр суретшісі Фариза Оңғарсынова - өз заманының ар-ұжданы бола білді. Шындыққа бас иген, сандуғаштай сайраған жырларында бүгінгі ұрпаққа үлгі болар дүние мол. Фариза поэзия әлемінің асқар шыңында біздер үшін ақындық сезімі ерекше, қаламгерлік идеясы асқақ жан болып қала бермек...

Байқаудың мақсаты мен міндеті:

- ақын шығармашылығын насихаттап, оның әдеби-лирикалық өзгешеліктерін көрсете білу;

- жас оқырманға ақын поэзияларының мән-мағынасын тереңінен түсіндіріп, олардың поэзияға, өлең оқуға деген сүйіспеншілігін арттыру;

- ақынның сөздеріне жазылған әндерін жандандырып, дәріптеу;


Байқауға қатысушының жас ерекшелігі:

кіші топ – 6 жастан 9 жасқа дейін

орта топ – 10 жастан 13 жасқа дейін;

жоғарғы топ – 14 жастан 17 жасқа дейін.



Номинациялар

- "Эстрадалық вокал"

- "Көркем сөз"
Номинациялар талабы
"Эстрадалық вокал" номинациясы бойынша байқауға қатысушы екі ән орындайды. Бірінші - Фариза Оңғарсынованың сөзіне жазылған әнді орындау қажет, екінші - еркін тақырыпта ән салады.

"Көркем сөз" номинациясы бойынша ақынның екі өлеңін мәнерлеп жатқа оқу керек.

(Ф.Оңғарсынованың жырларын оқуға "Дауа", "Ғашық сезім", "Сандуғаш", "Шілде", "Жүрек күнделігі", "Жүректің төрт мезгілі", "Сұхбат" сияқты т.б жыр жинақтарын пайдалануға болады)


- Байқауға қатысу үшін ұйымдастыру комитетіне 2015 жылдың 10-шы желтоқсанына дейін өтініш-сауалнамасы - оқушылардың аты-жөні, жасы, мекен-жайы (облыс, аудан, қала, ауыл), шығарманың атауы, телефон номері, мектептің номері жазылып электронды түрде көрсетілген электронды почтаға жіберілсін. Көрсетілген мерзімнен кейін келген өтініштер қаралмайды.

- Барлық қатысушылар өз мини-дискілеріне орындаушының аты-жөнін, әннің реттік номерін, жанрының атын жазып көрсетулері қажет.


Қорытынды бағалау мен марапаттау:

- вокалдық ерекшеліктері, музыканың кәсіби деңгейде өңделуі, дауыс ырғағының кеңдігі, өлең оқудағы мәнері, актерлік шеберлігі, сахналық киім үлгісі.

- қазылар алқасының құрамында өнер қайраткерлері, композитор, ақын, әнші, белгілі педагогтар болады.

- қазылар алқасы байқауға қатысушылардың өнерін 10 ұпайлық жүйе бойынша бағалайды. Қазылар алқасының шешімі түпкілікті және қайта қарауға жатпайды. Жинаған сан ұпайы бойынша жас орындаушылар қатарынан байқаудың жүлдегерлері анықталады.
Байқаудың қорытынды әр жанр бойынша марапаттау беріледі:

Бас жүлде («эстрадалық вокал» және «көркем сөз» жанрлары бойынша) – сыйлық және лауреат дипломы;

І орын - сыйлық және лауреат дипломы;

ІІ орын - сыйлық және лауреат дипломы

ІІ орын - сыйлық және лауреат дипломы;

ІІІ орын - сыйлық және лауреат дипломы;

ІІІ орын - сыйлық және лауреат дипломы;

ІІІ орын - сыйлық және лауреат дипломы.

Байқауға қатысқан өнерпаздар мақтау қағаздарымен марапатталады. Байқауға қатысушыларды дайындаған педагогтар мақтау қағаздарымен марапатталады.


Байқаудың өткізілетін мерзімі мен орны
Байқау 2015 жылдың 11-12 желтоқсан айында Алматы қаласы, Қазақконцерт бірлестігінің концерт залында өтеді.

– сағат: 09.00 - 10.00 дейін қатысушылардың тіркелуі;

10.00-10.30 - Салтанатты ашылу рәсімі. Ары қарай өнерпаздардың өнер көрсетуі және әділқазылардың бағалауы; (қосымша: бағдарлама таратылады)

– сағат: 14.00-де Гала-концерт. Марапаттау рәсімі.



Мекен-жайымыз: Алматы қаласы, Абылайхан даңғылы 83, Қазақконцерт бірлестігі, "Мереке" студиясы, 309 кабинет.

эл.почта - smmereke@mail.ru

Ұялы тел.: +7 701 755 59 35, +7 708 771 72 66, +7 702 173 82 56
Байқауға қатысушылар алдын ала кіру жүлде жарнасын төлейді


Өтініш беру үлгісі
Аты –жөні(Топтың аты)___________________________________

Жасы: _________________________________________________

Қайдан ( обл, қала...) ___________________________________

Мектеп, сыныбы: ________________________________________

Номинациясы:___________________________________________

Репертуары: _____________________________________________

Шығарманың авторлары (сөзі, әні) ________________________________________________________

Жетекшісі:_____________________________________________



Жетекшінің тел.номерлері:_________________________________


Достарыңызбен бөлісу:


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет