Фармацевтика академиясы



бет1/24
Дата09.07.2016
өлшемі1.67 Mb.
#186718
түріЖұмыс бағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24



ҚРДСМ «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы» ШЖҚ РМК

«Гигиена-1, дене шынықтыру және валеология» кафедрасы



044 -59/18-( )


Радиациялық гигиена




ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК

ФАРМАЦЕВТИКА АКАДЕМИЯСЫ


«Гигиена-1, дене шынықтыру және валеология» кафедрасы

«БЕКІТЕМІН»

ОӘТЖ жөніндегі проректор,

м. ғ. д., профессор м. а.

Анартаева М.Ұ. __________

«____» _________ 2013ж.

ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ

Пән, пән коды: «Радиациялық гигиена», RG 3221
Мамандық: 5В110400 - «Медициналық-профилактикалық іс»
Оқу сағатының көлемі (кредит)- 90сағат/2 кредит
Оқылатын курс пен семестр: 3- курс, V- семестр


2013ж
Жұмыс бағдарламасы Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2011жылғы 26-қазандағы №734 бұйрығымен бекітілген радиациялық гигиена пәнінен типтік оқу бағдарламасы негізінде «Гигиена-1, дене шынықтыру және валеология» кафедрасымен құрастырылды.
Кафедра мәжілісінде талқыланды

Хаттама № ____ «____» ________ 2013 ж.


Кафедра меңгерушісі

м.ғ.к., доцент ________________ Долтаева Б.З.


ОҚМФА қоғамдық денсаулық сақтау және медициналық-профилактикалық пәндер бойынша жүйелік әдістемелік комиссия мәжілісінде қаралды.
Хаттама № ____ «____» ________2013 ж.

Комиссия төрайымы м.ғ.к., доцент м.а. _______________ Бейсембаева З.И.


ОҚМФА Әдістемелік кеңесінде мақұлданды.

Хаттама № «____» ________2013 ж.


2. Бағдарлама:

2.1 Кіріспе

Радиациялық гигиена – бұл иондаушы сәулелердің адамға әсер ету жағдайын, түрлерін және салдарын зерттейтін және адам денсаулығын қорғауға бағытталған шараларды зерттеп, дайындайтын ғылым.

Радиациялық гигиена иондаушы сәулеленудің, иондағыш радиация көздерімен жұмыс істейтін адамдардың және бүкіл халықтың денсаулығына тигізетін әсерін зерттейді және олардың жұмыс және тұрмыс жағдайының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қорғану шараларының кешенін дайындайды. Радиациялық ластану қазіргі таңның өзекті мәселесіне айналып отыр. Қоршаған ортаның радиобелсенділігі біздің өміріміздің бөлінбейтін бір бөлшегі, сондықтан да радиациялық сәулелену заңдылықтарын толық меңгермей Қазақстандағы, дүние жүзіндегі радиация жағдайын шынайы бағалау мүмкін емес. Радиациялық гигиена профилактикалық медицинаның ғылыми бір саласы, сол себептен де «Медициналық-профилактикалық іс» мамандығының студенттері бұл саланың сұрақтарын жете білулері қажет.


    1. Пәннің мақсаты халықты жәнеәртүрлікәсіп иелерін радиациялық қауіпсіздікпен қамтамасыз ету үшін, қоршаған ортаны радиациялық ластанудан қорғау мақсатында жоғары білікті мемлекеттік санитарлық- эпидемиологиялық қадағалау мамандарын дайындау.


2.3 Оқытудың міндеттері

  1. Негізгі заңдылық акітілерімен танысу: «Қазақстан Республикасы Конституциясы», ҚР «Халықтың радиациялық қауіпсіздігі» заңы, «Радиациялық қауіпсіздік нормасы», ҚР Президентінің «Семей ядролық сынақ полигонын жабу туралы» үкімі».

  2. Иондаушы сәулелеудің көздерін қолдануымен байланысты адамның кәсіптік іс-әрекеті жағдайындағы және де халық тұратын орта жағдайындағы және ағзаның бір-біріне тигізетін әсерін дұрыс түсіну үшін пәннің теориялық негіздерін таныстыру.

  3. Нақты жағдайларда радиациялық жағдайды бағалау мен обьективті ақпарат алу үшін санитарлық-дизиметрлік бақылау жүргізу әдістерін игерту және меңгерту.

  4. Радиациялық гигиена саласында ескертпелі және ағымды мемелекеттік санитарлық бақылауды жүргізу мен радиациялық қауіпті нысандарда радиациялық жағдайды жақсарту бойынша ғылыми негізделген шараларды жасаудың теориялық негізі мен дағдыларды игерту.


2.4 Оқытудың соңғы нәтижесі

Студентбілуі тиіс:

- радиациялық гигиена және қоршаған ортаны қорғаудың негізгі зандылық

құжаттарын;

- "Радиациялық гигиена" ғылымының шығу және даму тарихын;

- МСЭҚД радиациялық гигиена бөлімі мен СЭСО радиациялық

лабораториясының құрылымы мен ұйымдастырылуын;

-ядролық физика элементтерін (атом құрылысын, радиобелсенді

ыдыраудың негізгі заңын, ыдырау-жартылай ыдырауды сипаттайтын

негізгі шамалар, белсенділікті, белсенділіктің өлшем бірліктерін);

- радиобелсенді айналымдар түрлері мен олардыц сипаттамасын;

- иондаушы сәулелер туралы түсінік, олардың жіктелу қасиеттерін;

- иондаушы сәулелердің заттармен әрекеттесу түрлерін;

- иондаушы сәулелердің сандық сипаттамасы, сәулелену дозасы түсінігі мен

олардың өлшем бірліктерін, доза қуаттылығын, өлшем бірліктерін;

-иондаушы радиацияның ағза мен адамға әсер ету, ағзаның негізгі арнайы

емес реакцияларын және арнайы биологиялық әсерін;

-радиосезімталдық түсінігін және радиосезімталдығы бойынша ағза

ағзалары мен тіндерінің бүлінуін;

- адамға радиациялық әсердің гигиеналық нормалануы мен болжамдау

негіздерін;

- дозалар шегі, сыртқы сәулеленудің дозалық шегі, ішкі сәулеленудің рұқсат

етілген шегі туралы, бақылау денгейлері туралы түсініктерін;

- араласу деңгей туралы түсінікті (АД);

- жылдық тиімді сәулелену дозасы мен дозалық коэффициентін;

- тұрғындардың бір мезеттік сыртқы және ішкі сәулеленуге ұшырау түсінігін

және осы жағдайларда орындалуға қажетті талаптарды;

- медициналык тексерулер кезіндегі тұрғындардың сәулеленуге ұшырауын

нормалауды;

- ашық және жабык иондаушы сәулелену көздерімен жұмыс кезіндегі

қызметкерлердің қорғану қағидалары, әдістері және шараларын;

- радиациялық қауіпсіздікке байланысты радионуклидтердің жіктелуін;

- ашық иондаушы сәулелену көздерімен жұмыс түрлерін;

- иондаушы сәулелердің ашық және жабық көздерін қолданатын

мекемелердің, кабинеттердің орналасуы мен жоспарлануын;

- радиациялық гигиенада колданылатын зерттеу әдістерін (дозиметриялык,

соның ішінде ЭПР-дозиметриялық, радиометриялық, спектрометриялық,

радиохимиялық);

- жұмыс істеу жабдыктарының, аспаптардың көмегімен және жағындылар

алумен кызметкер қолдарының радиобелсенді заттармен ластануын анықтау

әдістерін;

- иондаушы сәулеленуді тіркеу әдістерін;

- радиациялық гигиена саласында қолданылатын аспаптар, олардың

жіктелуін, құрылымын, жұмыс істеу қағидаларын, колданылу тәртібін;

- радиациялық фон, табиғи радиациялық фон (ТРФ),

технологиялық өзгерген ТРФ, жасанды радиациялық фон туралы

түсініктерін;

- қоршаған ортаның радионуклидтерімен ластану көздерін, қорғану

шараларын;

- атомдық және ядролық апаттар туралы түсініктерін;

- атомдық апаттардың жіктелуін;

- атомдық аппаттар кезіндегі аймақтарға бөлуді;

- қоршаған орта мен тұрғындар денсаулығы үшін ядролық қарулар

сынақтарынын салдарын;

- радиоактивті қалдықтарды өндеу, жою және көмудің казіргі кездегі және

болашактағы әдістерін;

- радиациялық гигиена саласындағы ескертпелі және ағымдык мемлекеттік

бакылау бойынша шаралар кешендерін;

- радиациялық гигиена саласындағы ескертпелі және ағымдык мемлекеттік

бакылау бойынша құжаттарды.

істей алуы тиіс:

- дозиметрлік аспаптар көмегімен дозиметрлік зерттеулер жүргізуді;

- есептеу әдісімен сәуле кабылдау дозасын аныктауды;

- есептеу әдісімен және арнайы кестелер көмегімен радиациялык корғану

шараларын аныктауды (кашықтыкпен корғау, мөлшермен корғау,

уакытпен қорғау, экранмен қорғау);

- радиометрлік, радиохимиялық, спектрометрлік зерттеулер жүргізу үшін

қоршаған ортаның әртүрлі нысандарынан(ауа, су, топырақ, азык-түліктер)

сынама алуды;

- қоршаған ортаның әртүрлі нысандарынан (ауа, су, топырақ, азық-

түліктер) белсенділік деңгейін аныктау мақсатында радиометрлік,

радиохимиялық, спектрометрлік зерттеулер жүргізуді;

- аспаптың көмегімен және жағындылар алу әдісімен жабдыктардың,

жабдықтар бетінің, қызметкерлер қолдарының радиоактивті заттармен

ластануын анықтауды;

- радиоактивті заттар мен басқа иондаушы сәулелену көздерін қолданатын

мекемелерге санитарлық тексеру жүргізуді;

- дозиметрия, радиометрия, спектрометрия деректерін талдау мен бағалауды;

- қоршаған орта нысандары мен әртүрлі материалдан жасалған жабдыктар

беттеріне дезактивация жүргізуді;

- радиобелсенді қалдыктарды өндеу, жою және көмуді тиімді жүрізуді

бағалауды;

- ескертпелі санитарлық бақылау саласында радиациялық тексеру бойынша:

гамма фон және радонның болуы ескеріліп, тұрғын, коғамдық үйлерді

салуға жер телімдерін бөлуге санитарлық қорытынды беруді;

- радиациялық қауіпті нысандарды салуға жер телімін бөлуге санитарлық

қорытынды беруді;

- радиациялық қауіпті нысандарды орналастыруда санитарлық-қорғаныш

аймағын анықтауды;

- радиоактивті заттар мен басқа иондаушы сәулелер көздерін қолданатын

құрылыстар жобаларына және мекемелер реконструкциясына сараптама

жүргізуді;

- санитарлык ережелерге сәйкес радиациялық техниканы, аспаптарды,

аппаратураларды орнатудың техникалық құжаттары бойынша шешімді

қарастыруды және дайындауды;

- радиоактивті заттар және басқа иондаушы сәулелену көздерімен жұмыс

кезінде қолайлы жағдай жасау мақсатында мекемелерге санитарлық-

гигиеналық тексеру жүрізуді;

- ағымды санитарлық бақылау саласында: мекемелер, ведомствалар немесе

арнаулы территорияларда радиациялық қауіпсіздік жағдайларының

қолайсыз өзгерістерін уақытылы анықтау мен жоюға бақылау жүргізуді;

- жаңадан бекітілген заңдылыктарға және баска регламенттеуші кұжаттарға

сәйкес радиациялық жағдайға ез уақытында бақылау жүргізуді;

- сәулелік диагностиканың медициналық кабинетінде рентген сәулелерін

дозиметрлік өлшеудің әртүрлі құжаттарын (хаттаманы), радиобелсенді

заттарды қабылдауға, санитарлық паспорт алуға сұранысты, радиологиялық

зерттеулер кезіндегі зертханалық тәжірибелер хаттамасын, азық-түліктің

радиациялық қауіпсіздігі жөніндегі гигиеналық шешімді құрастыруды және

іс-кағаздарын толтыруды;

- радиациялық кауіпсіздік жөнінде медицина кызметкерлері және барлық

тұрғындар арасында гигиеналық білім денгейін жоғарылату бойынша

шараларды (дәрістер, семинарлар, әңгімелесулер, жалпыға арналған

акпараттар) жүргізуді

машықтануы тиіс:

- компьютерлік технологияны пайдаланумен тіркеу-есеп 6epv кұжаттарын

жургізуге;

- интернетжәнеинтранет желісінде, персоналды компьютерде жұмыска;

- ғылыми зерттеулер жүргізуге;

- радиологиялык нысаналарда санитарлык-дозиметрлік тексерулер жүргізуге;
2.5 Реквизитке дейінгі экология және тұрақты даму, физиология,

қоршаған орта және халық денсаулығы.



2.6 Реквизиттен кейінгі коммуналды гигиена,еңбек гигиенасы, тағам

гигиенасы, балалар мен жасөспірімдер гигиенасы, жалпы гигиена,

қоғамдық денсаулық және денсаулықты сақтау.
2.7Тақырыптық жоспар: тақырып,әр сабақтың өткізілу түрі мен ұзақтылығы (дәріс, тәжірибелік,өзіндік жұмыс)
2.7.1 Дәрістің тақырыптық жоспары



Тақырыбы

Өткізілу

түрі

Сабақтың ұзақтылығы (сағат түрінде)

1кредит

1

Радиациялық гигиена пәні және мазмұны. Ғылымның негізгі даму кезеңдері. Радиациялық гигиенада қолданылатын әдістер. Заңдылық құжаттар. Радиациялық гигиенада қолданылатын негізгі түсініктер және олардың сипаттамасы. Радиобелсенді ыдырау заңы.

Шолу

1

2

Иондаушы сәуле көздері, олардың гигиеналық сипаттамасы. Адамның қазіргі кездегі сәуле қабылдау денгейі.

Мәселелік


1

3

Радиациялық эффектілер халықтың әртүрлі топтарындағы сәуле қабылдау денгейін реттеу мен оның салдарын бағалау негізгі ретінде.

Адамға радиациялық әсерлерді гигиеналық нормалау және болжамдау



Мәселелік


1

4


Ашық және жабық иондаушы сәуле көздерімен жұмыс істеу барысындағы қорғаныс қағидалары.

Шолу

1

5

Радиациялық қауіпсіздікті бақылау адам денсаулығы мен қоршаған ортаны қорғаудың маңызды элементі ретінде.

Мәселелік


1




Барлығы 1- кредит




5

2 кредит

6

ҚР санитарлық-эпидемиологиялық мекемелерініц радиациялық гигиена саласындағы жұмысының құрылымы мен ұйымдастырылуы.

Шолу

1

7

Радионуклидтермен қоршаған ортаның потенциалды ластау көздері, тегі жасанды радионуклидтердің таралуы.

Мәселелік

1

8

Қоршаған ортанырадиобелсенді ластанулардан қорғау.

Мәселелік

1

9

Радиациялық және ядролық апаттардың гигиеналық аспектілері.

Мәселелік

1

10

Атом электростанциялары халықтың сәуле қабылдауы мен қоршаған ортаның ластануы көзі ретінде. Атом энергетикасының даму перспективасы.

Мәселелік


1




Барлығы 2- кредит




5




Барлығы:

10


2.7.2 Тәжірибелік сабақтың тақырыптық жоспары




Тақырыбы

Өткізілу түрі

Сабақтың ұзақтылығы (сағат түрінде)

1 кредит

1

Радиациялық гигиенадағы ядролық физика элементтері. Дозаларды анықтаудың және қызметкерлерді сыртқы сәулеленуге ұшыраудан қорғаудың есептеу әдісі.

Шағын топпен жұмыс, «Түймедақ» әдісі

2


2

Радиациялық гигиенада қолданылатын радиометрлік зерттеу әдістері. Эталондарды дайындау, қондырғы есебінің тиімділігін аныктау, препараттың белсенділігін аныктау тәсілі.

Шағын топпен жұмыс, құралдармен жұмыс

2



3

Иондаушы сәуле көздерімен жұмыстың санитарлық ережелері. Жұмыс жабдыктарының және кызметкерлер қолдарының радиобелсенді заттармен ластануын зерттеу әдістері.

Шағын топпен жұмыс, «Түймедақ» әдісі

2

4

Қоршаған орта нысандарын санитарлықсараптау. Қоршаған орта нысандарын дезактивациялау әдістері.

Шағын топпен жұмыс,

«Миға шабуыл» әдісі



2

5

Мемелекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау облыстық департаментінің радиациялық гигиена бөлімі (СЭБОД мен санитарлық эпидемиологиялық сараптаудың облыстық орталығының радиологиялық зертханасы (СЭСОО) жұмысын ұйымдастыру. Радиациялық гигиена саласындағы ескертпелі және ағымды мемлекеттік санитарлык бақылау.

Шағын топпен жұмыс, «Лото» әдісі, нормативті құжаттармен жұмыс

2




Барлығы 1- кредит




10

2 кредит

6

Радиациялық қауіпсіздік нормалары (РҚН - 99). Сыртқы қабылдаудың дозалык шектері. Ішкі сәуле қабылдаудың рұқсат етілген шектері.Радиометрлік зерттеулер үшін қоршаған орта нысандарынан сынама алу әдістері. Алынған сынамалардан препарат дайындау.

Шағын топпен жұмыс,

нормативті құжаттар-мен жұмыс



2

7

Стационарлық және жылжымалы радиометрлердің көмегімен ауаның, судың, тамак өнімдері мен топырақтың радиобелсенділігін гигинелық бағалау әдістері.

Реферат, пікірталас, презентация


2

8

«Радиациялық» және «ядролық» апаттар түсінігінің анықтамасы. Әртүрлі сапасы бойынша радиациялық апаттардың жіктелуі. АЭС-пен байланыссыз, оның салдары бойынша радиациялық апаттардың жіктелуі. Радиациялық және ядролық апаттарды қызметтік тексеру шараларын ұйымдастыру.

Теориялық сұрақтарды талқылау.

2


9

Радиациялық және ядролық апаттардың салдарын жою бойынша шараларды ұйымдастыру. Радиациялық апаттың ерте, аралык және қалпына келтіру сатысында аймаққа болу. Дезактивация түсінігі және оған көрсеткіш. Дезактивация әдістері.

Теориялық сұрақтарды талқылау,

«Пресс- конференция» әдісі



2


10

Қоршаған ортаның радиобелсенді заттармен ластушы потенциалды көздерінің гигиеналық сипаттамасы. Қоршаған ортаны радиобелсенді заттармен ластанудың қорғау шараларының жүйесі. Санитарлық зандылықта радиациялык кауіпсіздікті камтамасыз ету қағидалары.

Шағын топпен жұмыс, «Пресс-конференция» әдісі

2




Барлығы 2- кредит




10




Барлығы:

20


2.7.3.Студенттің өзіндік жұмысының тақырыптық жоспары



Тақырыбы

Өткізілу түрі

Сағат саны

№1 кредит

1

Радиациялық гигиенаның даму тарихы. Ғылымның қалыптасуының негізгі кезеңдері.

Реферат, презентация, тақырып бойынша глоссарий, сөзжұмбақ, тест тапсырмаларын құрастыру, жағдайлық есептерді құрастыру, сөз жұмбақ, ғылыми- танымал мақалаларға талдау жасау,

тақырыптық альбом,

интелектуалды карта.

2


2

Иондаушы сәулелерді тіркеу әдістері.

2

3

Қызметкердің жеке бас гигиенасы мен жеке қорғаныс шаралары. Жеке қорғаныс құралдырының жіктелуі мен олардың гигиеналық сипаттамалары.

2

4

Ағзадағы радиобелсенді заттардың мөлшерін анықтау әдістері

2

5

Медицинада иондаушы сәуле көздерін пайдалану кезіндегі еңбек гигиенасы




6

Өнеркәсіпте иондаушы сәуле көздерін қолдану кезіндегі еңбек гигиенасы.

2

7

Әртүрлі иондаушы сәуле көздерінің заттармен өзара әсерлесуі.

2

8

Иондаушы сәулелердің жасушаға және көп жасушалы ағзаға әсері.

2

9

Биологиялық дозиметрия (электрондық парамагниттік резонанс және тағы басқалар) және олардың тәжірибеде қолданылуы.

2

10

Радиобелсенді индикаторлардың халық шаруашылығының әртүрлі салаларында қолданылуы.

2

11

Қоршаған орта мен тұрғындар денсаулығы үшін Қазакстан аймактарындағы көп жылдық ядролық сынақтар салдары.

2

12

Радиобелсенді заттар мен иондаушы сәуле көздерін пайдаланатын мекемелер мен өндірістерді санитарлық тексеру тәртібі.

2

13

Медициналық және рентген кабинеттерін радиациялық-гигиеналық тексеру.

2

14

Иондаушы сәулделер көздерін пайдаланатын мекемелер мен өндірістерде жұмысты ұйымдастыру мен радиациялық кауіпсіздікті қамтамасыз ету. Радиобелсенді заттар мен иондаушы сәулелер көздерімен жұмыс істеудің санитарлық ережелері (негізгі нормативті кұжаттар).

2

15

Аралық бақылау -8 апта

Кеңесу, тестілеу

2




Барлығы 1- кредит




30

2 кредит

16

Иондаушы сәулелер көздерімен жұмыс істеуге арналган мекемелер мен қондырғылардың орналасуына қойылатын гигиеналық талаптар. Өнеркәсіптердің ішкі жоспарлануына, санитарлық өткізгіштер мен саншлюздер қондырғысына қойылатын гигиеналық талаптар.

Реферат, презентация, тақырып бойынша глоссарий, сөзжұмбақ, тест тапсырмаларын құрастыру,

жағдайлық есептерді құрастыру, сөз жұмбақ, ғылыми- танымал мақалаларға талдау жасау,

тақырыптық альбом,

интелектуалды карта.




2

17

Иондаушы сәулелер көздерін әкелуге, тіркеуге, сақтауға және тасымалдауға қойылатын гигиеналық талаптар. Ашық көздермен жұмыс жасау кезінде желдетуге, шаң мен газдан тазалауға, сумен камтамасыз етуге, канализацияға қойылатын гигиеналық талаптар.

2

18

Атмосфералық ауада радиобелсенді газдар мен аэрозолдердің әрекеттері. Радиобелсенді изотоптардың жерасты суларында, беткі су қоймалары суларында таралуы.

2

19

Топыракта радиобелсенді заттардың әрекеттеріжәне олардың өсімдіктер мен жануарлар әлемінде таралуы. Дискриминация коэффициенті. Сыртқы ортаны радиоабелсенді заттармен ластану денгейі.

2



20

Биологиялық тізбек туралы түсінік. Түсу жолдары мен радионуклидтердің адам ағзасына жиналу үдерістері.

2


21

Радиобелсенді қалдықтар және олардың жіктелуі. Радиобелсенді қалдыктарды жинау, уақытша сақтау, тасымалдау мен залалсыздандыру. Радиобелсенді қалдықтарды көмудің экологиялық-гигиеналық мәселелері.

2


22

Атмосфераға жіберілген кұрамында радионуклидтері бар қалдыктарды залалсыздандыру әдістері. Сүзу, абсорбция, уақытпен ұстап тұру.

2


23

Сұйық радиобелсенді қалдыктарды қайтара өндеу әдістері. Дистилляция, тұңбалау, коагуляция, ионды алмастыратын сүзгілерді қолдану, физикалық-химиялық, биологиялық әдістер.

2

24

Атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану. Радиобелсенді изотоптар мен иондаушы сәулелер көздерін медицинада қолданылуы.

2


25

Халыктың радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен қоршаған ортаны радиобелсенді заттардан қорғаудағы халықаралық ұйымдардың рөлі.

2

26

Атом энергетикасы өндірісі мен басқа да радиологиялық нысандардағы апаттардың себебінің жіктелуі және олардың салдарының масштабы.

2

27

Бөлмелердің радиациялық фоны. Радон мен оның өнімдерінің гигиеналық маңызы.

2

28

Радиацияның сырткы әсері кезінде фармакологиялык және биологиялық корғау.

2

29

Халыктың радиациялық қауіпсіздігін камтамасыз ету мен қоршаған ортаны радиобелсенді ластанулардан қорғау бойынша Қазакстан Республикасының негізгі заңдылық актілері.

2

30

Аралық бақылау- 15апта

Кеңесу, тестілеу

2




Барлығы: 2- кредит




30




Барлығы:

60


2.8 Оқыту мен сабақ берудіңәдістері


  • Дәрістер: шолу, мәселелік.

  • Тәжірибелік сабақтар: теориялық сұрақтарды талқылау, пікір-талас, құралдармен жұмыс, нормативтік құжаттармен жұмыс, шағын топтар, дөнгелек стөл, пресс-конференция, жұптасып жұмыс істеу, және т.б.)

  • Студенттің өзіндік жұмысы: реферат, презентация, тақырып бойынша глоссарий, сөзжұмбақ, тест тапсырмаларын құрастыру,

жағдайлық есептерді құрастыру, сөз жұмбақ, ғылыми- танымал мақалаларға талдау жасау, тақырыптық альбом, интеллектуалды карта.
2.9 Білім алушылардың білімі мендағдыларын бағалау әдістері:

  • Ағымдық бақылау: тестілеу, ауызша сұрау.

  • Аралық бақылау: әнгімелесу және тестілеу.

  • Қорытынды бақылау: компьютерлік тестілеу және тәжірбиелік дағдыны бағалаудан тұратын емтихан.


2.10 Ұсынылатын әдебиет:

негізгі:

  1. «Пациенттерге медициналық рентгенологиялық тексеріс жүргізу барысында алынатын сәуле соққысының тиімді дозасына жүргізілетін бақылау». Бақылау әдістері бойынша әдістемелік нұсқау №5.05.012.03.- Астана қаласы, 2003.-28б.

  2. «Дозаның аумаққа көбейтіндісін өлшейтін құралдарды қолдана отырып пациенттерді рентгенологиялық тексерістен өткізу барысында қабылдаған жеке тиімді сәуле соққысының дозасын анықтау». Бақылау әдістері бойынша әдістемелік нұсқау №5.05.011.03.- Астана қаласы, 2003.-14б.

  3. Ильин Л.И., Кириллов В.Ф., Коренков И.П. Радиационная гигиена: учебник + СД.-М., 2010.-475с.

  4. Архангельский В.И., Кириллов В.Ф., Коренков И.П. Радиационная гигиена: практикум: учебное пособие.-М.,2009.-352с.

қосымша:

  1. «Санитарно-гигиенические требования по обеспечению радиационной безопасности». СанПин.-Астана, 2003.-210с.

  2. Муминов Т.А., Кенесариев У.И., Бекмагамбетова Ж.Д., Туберкулез в регионе влияния ракетно-ядерного полигона.- Алматы, 2002.-328с.

  3. Бекмагамбетова Ж.Д. Радиационно-экологические аспекты безопасности населения. Учебное пособие.- Алматы, 2002.- 304с.

  4. Пивоваров Ю.П. и соавт. Гигиена и основы экологии человека. Ростов н/Д: «Феникс», 2002.-512с.

  5. Гигиена. Под.общ.ред. Г.И. Румянцева.-М.: ГЭОТАР-МЕД, 2001.-608с.

  6. Кенесариев У.И., Жакашов Н.Ж., Бекмагамбетова Ж.Д., Снытин И.А. Методические рекомендации по комплексной оценке загрязнения окружающей среды в регионах испытательных ракетно-ядерных полигонов Казахстана (на примере региона испытательного ракетно- ядерного полигона «Капустин Яр»).- Астана, 2000.-20с.

  7. Рыскулов С.Т.Экология и радиация. Алматы, 2000.-40с.

  8. Указ Президента РК №3956 «О первоочередных мерах по улучшению состояния здоровья граждан РК».- 18.05.1998г.


2.11Қосымша:

1үлгі



Реквизитке дейінгі, реквизиттен кейінгі және бір- бірімен шектес пәндермен білім берудің келісу хаттамасы
20__ - 20___ оқу жылына жұмыс бағдарламасының басқа пәндермен келісу хаттамасы


Келісілетін пәндер

Материалдық пропорциясын және оны баяндау ретін өзгерту туралы ұсыныстар және т.б.

Келісімге қатысқан кафедралардың мәжіліс хаттама-ларының нөмірлері және күндері

1

2

3

Реквизитке дейінгі:







Экология және тұрақты даму


Тірі ағзалардың өзара және қоршаған ортамен байланысу, бір біріне әсер ету заңдылықтары. Ағзаның қалыпты физиология және морфологиясымен тығыз байланысты экология және аутоэкология сұрақтары

Хаттама №____

«____»____2013ж

Каф. меңг.:_______


Физиология





Хаттама №_____

«____»_____2013ж

Каф. меңг.:_______


Қоршаған орта және денсаулық

Атмосфералық ауаның, судың, топырақтың, тағам өнімдерінің радиоактивті ластануы. Тірі ағзаларға иондағыш сәулелердің әсер етуі. Қоршаған ортаны радиоактивті ластанудан қорғау. Радиоактивті қалдықтар.

Хаттама №_____

«____»_____2013ж

Каф. меңг.:_______


Жалпы гигиена


Радиациялық гигиена туралы жалпы түсінік. «Радиоактивтілік». Иондағыш сәулелену түрлері, олардың сипаттамасы. Иондағыш сәулелену көздері.

Доза шектері. Иондаушы сәулелердің тірі ағзаларға әсері. Радиациядан қорғау.



Хаттама №_____

«____»_____2013ж

Каф. меңг.:_______


Реквизиттен кейінгі:







Балалар және жасөспірімдер гигиенасы


Өсіп келе жатқан балалар ағзасына иондағыш сәулелердің әсері. Балаларды иондағыш сәулелер әсерінен қорғау.

Хаттама №____

«____»____2013ж

Каф. меңг.:_______


Еңбек гигиенасы

Өндіріс жағдайында жұмысшылар ағзасына иондағыш сәулелер әсері. Иондағыш сәулеленумен байланысты кәсіби ауруларды алдын алу. Жеке қорғану құралдары. Радиациялық қорғау негіздері.

Хаттама №_____

«____»_____2012ж

Каф. меңг.:_______


Тағам гигиенасы

Қоршаған ортаның және тағам өнімдерінің радиоактивті заттармен ластануын радиациялық бақылау мәселелері

Хаттама №_____

«____»_____2013ж

Каф. меңг.:_______


Қоғамдық денсаулық және денсаулықты сақтау

Қоршаған орта радиациялық факторларының биосфераға, адам популяциясы денсаулық көрсеткіштеріне әсері. Ядролық энергетиканың экологиялық мәселелерін шешу.

Хаттама №_____

«____»_____2013ж

Каф. меңг.:_______




Үлгі 2

2014-2015 оқу жылының жұмыс бағдарламасына толықтырулар мен өзгерістер
«Радиациялық гигиена» пәні бойынша жұмыс бағдарламасының 2.4. бөліміне келесі өзгертулер енгізілді:
2.4. Оқытудың соңғы нәтижесі




Дублин дескрипторлар

ОҚМФА-да әзірленген мамандық құзыреттілігі


Пәнді оқытудың нәтижесі

Тұжырымдама бойынша оқытудың нәтижелері

А


Зерттеліп отырған саладағы алдыңғы қатарлы білім элементтерін қоса алғанда, сол сала бойынша білімі мен түсінігін көрсете білу.

Жаратылыстану ғылымдары саласындағы құзыреттілік

- Радиациялык гигиена және қоршаған ортаны қорғаудың негізгі зандылық құжаттарын біледі;

- ядролык физика элементтерін (атом құрылысын, радиоактивті ыдыраудың негізгі заңын, ыдырау- жартылау ыдырауды сипаттайтын негізгі шамалар, белсенділікті, белсенділіктің өлшем бірліктерін) біледі;

- радиоактивті айналымдар

түрлері мен олардың сипаттамасын біледі;

- иондаушы радиацияның ағза мен адамға әсер ету, ағзаның негізгі арнайы емес реакцияларын және арнайы биологиялық әсерді біледі;

- ашық және жабык иондаушы сәулелену көздерімен жұмыс кезіндегі қызметкерлердің қорғану принциптері, әдістері және шараларын біледі;

- иондаушы сәулелер сандық

сипаттамасы, сәулелену дозасы түсінігі және олардың өлшем бірліктері, доза қуаттылығы, өлшем бірліктері туралы біледі;

- радиациялык қауіпсіздікке

байланысты радионуклидтердің жіктелуі, ашық иондаушы сәулелену көздерімен жұмыс сыныптарын біледі;

- иондаушы сәулелердің ашық және жабық көздерін қолданатын мекемелердің, кабинеттердің орналасуы мен жоспарлануын біледі;

- коршаған ортаның

радионуклидтерімен ластану көздерін, қорғану шараларын біледі;












Кәсіпкерлік құзыреттілігі

Радиациялық гигиена саласындағы санитарлық дәрігердің жұмысын реттеуге арналған заңды құжаттардың негізгі ережелерін біледі.




«Денсаулық адвокаты» құзыреттілігі

- Бүкіл халық пен

қызметкерлердің радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін ҚР заңдылықтарын жете түсінеді және біледі;

- радиациялық гигиенасы

аймағындағы нормативті-құқықтық құжаттарды біледі.









«Ғылыми зерттеулер дағдыларының» құзыреттілігі


- Рұқсат етілетін сәулеленуге

ұшырау деңгейін гигиеналық регламенттеу теориясы мен әдістемесін және радиацияға қарсы қорғану шараларын өңдейтін санитарлық ұйымдастыру бағытын біледі;

- радиациялық гигиена

аумағында ғылыми зерттеу әдістемесін біледі;

- радиациялық-гигиеналық

зерттеу әдістерін біледі (дозиметриялық, радиометриялық, спектрометриялық, радиохимиялық талдау және т.б.)









«Компьютерлік және ақпараттық» құзыреттілігі

- Exel, Microsoft, Word, Power

Point бағдармаларды пайдалана отырып, заманауи техникалардың негізгі жұмыс істеу принциптерін біледі;

- радиациялық гигиена саласы бойынша желілік технология көздерінің негізгі әдістерін қолдануда, кәсіби ақпараттарды өңдеудің әртүрлі көздеріне ізденіс жүргізуде және оның ішінде қазіргі компьютерных жабдықтарды пайдалануда, желілік технологияларды қолданып дерек-тер алуда білімін пайдалана алады.










«Коммуникативтік дағдылар» құзыреттілігі

- ашық және жабык иондаушы сәулелену көздерімен жұмыс кезіндегі қызметкерлердің қорғану принциптері, әдістері және шараларын бағалау бойынша өзінің ойын ұсынады;

- қоршаған адамдармен қарым-қатынас жасау дағдыларын меңгерген, ұжымда жұмыс істей алады.






В


Осы білімі мен түсінігін кәсіби деңгейде қолдана білу

Жаратылыстану ғылымдары саласындағы құзыреттілік


  • - Мемлекеттік және орыс

  • тілдерінде радиациялық гигиена бойынша іскерлік, есеп-қисаптық, медициналық құжаттармен жұмыс жасай алады;

  • - дозиметрлік аспаптар

  • көмегімен дозиметрлік зерттеулер жүргізе алады;

  • - есептеу әдісімен және арнайы кестелер көмегімен радиациялык корғану шараларын аныктай алады (қашықтықтан қорғау, мөлшермен корғау, уақытпен қорғау, экранмен қорғау);

  • - есептеу әдісімен сәуле

  • кабылдау дозаны аныктай алады;

  • - радиоактивті заттар мен басқа иондаушы сәулелену көздерін қолданатын мекемелерге санитарлық тексеру жүргізе алады;

  • - дозиметрия анықтамалары

  • арқылы радиациялық жағдайды бағалай және талдай алады;

  • - радиациялык қауіпті

  • нысандарды салуға жер телімін бөлуге санитарлык корытынды бере алады;

  • - радиациялық қауіпті

  • нысандарды орналастыру кезінде санитарлық қорғаныс аймағын анықтай алады;

  • - радиациялық гигиена

  • саласында ескертпелі және ағымды санитарлық-гигиеналық қадағалаулар жүргізе алады;

  • - радиациялык қауіпсіздік

  • жөнінде медицина қызметкерлері және барлық тұрғындар арасында гигиеналық білім денгейін жоғарылату бойынша шаралар (дәрістер, семинарлар, әңгімелесулер, жалпыға арналған акпараттар) жүргізе алады.










Кәсіпкерлік құзыреттілігі

Халықтың радиациялык қауіпсіздігін, радиоактивті ластанулардан коршаған ортаны қорғау мен адамдардың кәсіптік категориясын қамтамасыз ету мақсатында

мемлекеттік санитарлық қадағалау органдарымен өзара қарым-қатынас механизмі кезінде білімін қолдана алады.












«Денсаулық адвокаты» құзыреттілігі

- Радиациялық гигиена

саласындағы кәсіптік қызметті реттемелейтін нормативті-құқықтық құжаттарды қолдана алады;

- қоршаған орта және

халықтың радиациялық қауіпсіздігін қорғау саласы бойынша ҚР заңдылықтарын қолданады.












«Ғылыми зерттеулер дағдыларының» құзыреттілігі


- Халықтың және

қызметкерлердің денсаулығын сақтау, қоршаған ортаны радиациялық қорғау сұрақтары

бойынша ғылыми әдибиеттермен жұмыс жасай алады;

- әдеби мағлұматтарға сын

көзбен шолу жасай алады;

- өндірістерде радиологиялық

зерттеулер жүргізу үшін жаңа заманауи аппараттарды қолданады;

- ғылыми зерттеулер

тақырыбының өзектілігін және жаңалықтарын түсінеді;

- ғылыми конференцияларға

таңдамалы тақырыптар бойынша қатыса алады;

- ғылыми зерттеулер

тақырыбының жаңалығын және өзектілігін талқылайды.











«Компьютерлік және ақпараттық» құзыреттілігі

Радиациялық гигиена бойынша желілік технологияларды, дерекқорларды, заманауи компьютерлік құралдарды қолданып кәсіптік ақпараттарды әртүрлі көздерде қайта өңдеудің, сақтаудың, алу құралдарын және тәсілдерінің негізгі әдісін қолдана алады.










«Коммуникативтік дағдылар» құзыреттілігі

- Әлеуметтік қызметпен, МСЭҚ қызметкерлерімен, әріптестерімен қарым-қатынас жасауда, басқару аппараттарымен және өнеркәсіптік, радиологиялық нысан жұмысшыларымен тілдесу кезінде қызметтік этика қағидаларын қолдана алады;

- иондағыш сәулелену көздерімен жұмыс істейтін қызметкерлер мен халықтың радиациялық қауіпсіздігі сұрақтары бойынша өз ойларын еркін білдіреді;

- қорытынды жасау үшін өзінің

сыни ойларын білдіреді;

- иондағыш сәулелену көздерімен жұмыс істейтін қызметкерлер денсаулығын қорғау, халық пен қоршаған ортаның радиациялық қауіпсіздігі мәселелерін талқылау бойынша халық алдында еркін сөйлей алады.





С

Дәйектемелер құрастыру және зерттеп отырған саласындағы мәселелерді шешу.

Жаратылыстану ғылымдары саласындағы құзыреттілік


- Радиобелсенді заттардың және басқа да иондаушы сәулелену көздерінің халық пен қызметкерлер денсаулығына әсерін, қауіпті және зиянды радиациялық факторлардың әсерін төмендетуге арналған алдын алу шараларының тиімділігін тұжырымдайды және дәлелдей алады.

- радиоактивті заттар мен басқа иондаушы сәулелену көздерін қолданатын мекемелерге санитарлық тексеру бойынша меншікті шешімін ұсыныс, қосымша, нұсқама түрінде тұжырымдайды.






Кәсіпкерлік құзыреттілігі

- Кәсіптік топтар мен

тұрғындардың радиациялык қауіпсіздігі жағдайларын қамтамасыз ету саласында нормативті-құқықтық құжаттарды және басқа да заңнамаларды түсініп тұжырымдайды және дәлелдей алады;

- дозиметрия көрсеткіштері

бойынша радиациялық жағдайды бағалап тұжырымдайды;

- радиоактивті қалдықтарды

өндеу, жою және көмудің тиімділігін бағалайды.






«Денсаулық адвокаты» құзыреттілігі

Өзінің жұмысында ҚР Конституциясының сәйкес баптарында, ҚР «Тұрғындардың радиациялық қауіпсіздігі жөніндегі» заңын, халық денсаулығы жайында және денсаулық сақтау жүйесі саласында бүкіл халықтың радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін нормативті-құкықтық және заңнамалық құжаттарды меңгерген және орынды қолдана біледі.










«Коммуникативтік дағдылар» құзыреттілігі

- Бүкіл халықтың және

қызметкерлердің, қоршаған ортаның радиациялық қауіпсіздігі сұрақтарына жаңа шешімдерін ұсынады, өз көзқарасын дәлелдей алады, командалық жұмыста айналасындағы адамдармен жалпы тіл табыса алады.






«Ғылыми зерттеулер дағдыларының» құзыреттілігі


- Өзінің ғылыми зерттеулер

нәтижесін студенттерге дәлелдейді;

- Ғылыми-тәжірибелік

конференцияға қатысу үшін «Қоршаған ортаны

радиобелсенді ластанулардан қорғау» тақырыбына дайындалатын баяндамаға бар алған білімін қолдана алады.





«Компьютерлік және ақпараттық» құзыреттілігі

Компьютерлік және мультимедиялық технологиялар білімі негізінде кәсіптік қызметте сандық білім беру ресурстарын қолдана алады, алынған ақпараттарды диаграмма және кесте түрінде көрсету, әртүрлі ақпараттық ресурстармен жұмыс істеу дағдыларын меңгерген.




Д

Әлеуметтік, этикалық және ғылыми көзқарастарды ескере отырып, пайымдаулар жасауға қажет ақпараттар жинауды және интерпретациялауды жүзеге асыру


Жаратылыстану ғылымдары саласындағы құзыреттілік


- Радиациялық гигиена

аймағындағы жеке ой пікірін жүзеге асырып реферат, презентация, жоба түрінде рәсімдеп тәжірибелік сабақтарда, студенттер үйірмесі отырысында, студенттік ғылыми конференцияларда іске асыра алады;

- оқу зерттеу әдістерін

жүргізуді жоспарлайды, байқаған көріністері мен фактілерін, олардың себеп-салдар байланысын студенттер мен оқытушыға түсіндіреді;

- өз зерттеу нәтижелері

бойынша қорытынды береді.









Кәсіпкерлік құзыреттілігі

  • - Радиациялық гигиенасы

  • саласында мемлекеттік санитарлық-гигиеналық қадағалау басқармасының әртүрлі деңгейінде бақыланатын шешімді қабылдауды біледі;

  • - мемлекеттік және орыс

  • тілдерінде радиациялық гигиенасы бойынша медициналық, есеп-қисаптық, іскерлік құжаттармен жұмыс жасауды біледі;




«Денсаулық адвокат» құзыреттілігі

ҚР конституциясында айтылған санитарлық дәрігердің қызметін реттейтін, заңнамалық актілердің, «Халықтың радиациялық қауіпсіздігі» туралы ҚР заңы, «ҚР халықтың денсаулығын сақтау» заңы, ҚР үкіметінің қаулылары және басқа да нормативті-құқықтық актілердің негізгі ережелерін қолдана алады.







«Ғылыми зерттеулер дағдыларының» құзыреттілігі


- Радиациялық гигиена бойынша өтетін ғылыми конференцияға қатысу үшін ғылыми баяндамалар мен статьяларды өңдеу дағдыларын меңгерген;

- зерттеу саласында ғылыми

нәтижелердің талдауын, өзінің жеке пікірін бұқара алдында еркін айта алады;

- өзінің жеке зерттеулер

нәтижесін презентация, баяндама түрінде ғылыми және студенттік конференцияларда ұсынуға қабілетті.








«Компьютерлік және ақпараттық» құзыреттілігі

Радиациялық гигиенасы аймағында интернет платформаларда және интернет порталдарда ақпаратты алуда, өңдеуде заманауи әдістерді меңгерген.










Коммуникативтік дағдылар

Кәсіптік мазмұнды логикалық және дәлелденген (аргументтелген) талдауларды көпшілік алдында сөйлеуге, пікір-талас жүргізуге қабілетті.




Е

Ақпаратты, идеяларды, проблемаларды және шешімдерді мамандарға да, маман еместерге де жеткізе білу қабілеттерінің болуын көздейді

Жаратылыстану ғылымдары саласындағы құзыреттілік


- PUBMED, MEDLINE, Web on science, Web on Knowledge берілген базалардан ақпараттарды хабарлай алады;

- өзінің жеке зерттеу жұмыстарын презентация түрінде мамандарға да, маман еместерге жеткізуге қабілетті;

- дозиметрия көрсеткіштері бойынша радиациялық жағдайды тұжырымдайды және қоршаған орта нысандарын зерттейді.





Кәсіпкерлік құзыреттілігі

- Радиациялық гигиена

саласында жаңа заңды құжаттар туралы мағлұматты хабарлайды;

- Радиациялық гигиена

саласында заңды құжаттарға қосымшалар мен толықтырулар енгізу туралы ақпаратты хабарлайды.






«Денсаулық адвокаты» құзыреттілігі

- Радиациялық гигиена

бойынша заманауй желілік технологияларды және білімін қолдана отырып кәсіби ақпараттарды әртүрлі көздерден алу, сақтау және өңдеудің негізгі әдіс- тәсілін хабарлайды және компьютерлейді.






«Ғылыми зерттеулер дағдыларының» құзыреттілігі


Радиациялық гигиенасы бойынша практикалық және ғылыми қызметті салыстыруды, электронды және баспа түріндегі тасымалдаушылардағы ғылыми әдебиеттермен жұмыс жасай алады.










«Компьютерлік және ақпараттық» құзыреттілігі

Радиациялық гигиенасы бойынша заманауй желілік технологияларды, компьютерлік құралдарды және білімін қолдана отырып кәсіби ақпараттарды әртүрлі көздерден алу, сақтау және өңдеудің әдіс тәсілін хабарлайды (жеткізе алады).




Коммуникативтік дағдылар


- Әңгімелесушіге қажетті әсерді жасауға, онымен байланыс орнатуға, қолдау көрсетуге дайын және қабілетті

- ұйымшыл жұмысшы ұжымда қарым қатынас жасайды, қақтығыстарды аурусыз жеңе біледі;

- өзінің қызығушылығын сәтті қорғайды;

- аудиториямен жұмыс жасай алады.









Оқытудың дербес зейінін әрі қарай жалғастыру




Магистратура пәндері





Жұмыс бағдарламасы кафедра мәжілісінде қайта қаралған және мақұлданған

«19» 05. 2014ж № 11 хаттама

Кафедра меңгерушісі, м.ғ.к., доцент: Б.З. Долтаева
ОІБК сарапшысымен тексерілді: Б.О. Торланова

2 үлгі

20___ - 20____оқу жылына Жұмыс бағдарламадағы толықтырулар мен өзгертулер
_____________________________________________________пәні бойынша жұмыс бағдарламасына келесі толықтырулар мен өзгертулер енгізіледі ______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Жұмыс бағдарламасы кафедра мәжілісінде қайта қаралған және мақұлданған

«____» __________________________20____ж. №___________хаттамасы.


ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК

ФАРМАЦЕВТИКА АКАДЕМИЯСЫ


«Гигиена-1, дене шынықтыру және валеология» кафедрасы
СИЛЛАБУС




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет