Фармацевтика академиясы


Пән, пән коды: Экология және тұрақты даму, ЕСО-1106



бет2/12
Дата13.06.2016
өлшемі1.36 Mb.
#133286
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Пән, пән коды: Экология және тұрақты даму, ЕСО-1106




Мамандық: 051101 «Мейірбике ісі»

051102 «Қоғамдық денсаулық сақтау»

051103 «Фармация»

5В110400 «Медициналық- профилактикалық іс»


Оқу сағатының көлемі (кредиттің) -90 сағат/ 2 кредит
Курсы және оқу семестрі : І- курс, 1,2 - семестр


2014-2015 оқу жылы

Силлабус экология және тұрақты даму пәнінің жұмыс бағдарламасы негізінде гигиена-1, дене шынықтыру және валеология кафедрасымен құрастырылды

Кафедра мәжілісінде талқыланды « 19 » 05 2014ж.

Хаттама № 11
Кафедра меңгерушісі

м.ғ.к., профессор м.а ________________ Долтаева Б.З.



1.7.Оқытушылар туралы мәлімет:



Аты-жөні

Ғылыми, акаде-миялық дәрежесі, атағы

Қызметі

Өнертабыстық

ғылыми қызығу

шылығы, жетістіктері

Эл. адрес

1

Долтаева Бибигуль Зайдуллаевна

к.м.н.,

доцент


Кафедра меңг.

Қазіргі кездегі балалар мен жасөспірімдердің

Денсаулық жағдайы мен дене дамуын зерттеу. Ғылыми еңбектер саны-45,оның 1-і әдістемеліқ құрал



Doltaeva 68@ mail.ru


2

Оразова Мереке Мамыровна

магистр

Аға оқытушы

Мұнай өнім өндірісіндегі сумен қамтамасыз етуді айналмалы жүйесін өндеу. Ғылыми еңбектер саны- 6.

Anara.ma

@ mail.ru




5

Тайжанова Меруерт Аюбековна

магистр

Аға оқытушы

Құрамында бар қорғасын қалдықтарды элетрохимиялық жолмен тазалау. Ғылыми еңбектер саны-2

Tajzhanova75@ mail.ru


6

Бергалиева Раушан Нурмахановна

магистр

Аға оқытушы

Қазіргі кездегі Оңтүстік Қазақстан облысындағы балалардың жұқпалы ауруларына эпидемиологиялық сипаттама Шығарылған мақала саны -2.

bergalievs@ mail.ru


7


Балабаева

Эльмира


Набеновна

магистр

Оқытушы

Салауатты өмір салтын қалыптастырудағы ақпараттық іс-әрекет. Шығарылған мақала саны - 2.

Balabaeva 80@ mail.ru



1.8.Байланыс ақпараты:

Кафедраның мекен- жайы:Шымкент қаласы,Әл Фараби алаңы 1, тел: 40-82-22 (4013) аудтория – 202, 203, 205, 209.



1.9.Пәнің саясаты:

1.Сабаққа уақтылы келу

2.Халат пен қалпағының болуы

3. Оқу үрдісіне белсенді қатысу

4. Дәрістің бір сабағына себепсіз қатыспаған жағдайда айып балы 0,66%-дан аспайды және ол жіберілу рейтінгісінен алынады (қатыспаған сабақ саны көп болған жағдайда айып балы келесі жолмен есептеледі: жіберілген дәріс сабағының саны × 0,66).

5. Сабақты жібермеу, ауру себебімен жіберілсе деканаттан рұқсат қағаз әкелу

6. СӨЖ-сы тапсырмаларын өз уақытында орындау. Ұақытында орындамаған жағдайда айып балы 0,66%-дан аспайды және ол жіберілу рейтінгісінен алынады (айып балы келесі жолмен есептеледі: орындалмаған СӨЖ саны × 0,66).

2. Бағдарлама:

2.1. Кіріспе

Адамзат қоғамының табиғатпен қарым – қатынасы қазіргі заманның ең маңызды проблемаларының біріне айналды. Адам жерде пайда болған кезден бастап оның биосфераға тигізетін əсері үнемі үдеп отырды. Бірақ тек индустриалдық қоғам жəне демографиялық жарылыс жағдайында ғана адам əрекетінің жағымсыз зардаптары ғаламдық сипатқа ие болды. Қоршаған орта бұған дейін ешқашан байқалмаған қарқынмен ластанып жатыр. Энергетикалық жəне минералдық ресурстардың сарқылу үрдісі байқала бастады. Антропогендік əрекеттің саналуан түрлері жануарлар мен өсімдіктердің көптеген түрлерінің тікелей немесе жанама түрде жойылуына əкеліп соқты. Табиғи ортаның химиялық ластануы, радиациялық жағдай, азық – түлік пен ауыз судың сапасының нашарлауы жəне т.б. халықтың денсаулығының нашарлауына əкеліп соқты. Бірқатар ғаламдық экологиялық проблемалар пайда болды: жылулық эффекті, озон қабатының жұқаруы, Əлемдік мұхиттың ластануы, шөлдену жəне т.б. Экономиканың экстенсивті дамуына байланысты экологиялық жағдай Қазақстанда да күрт нашарлады: Арал экожүйесінің бұзылуы, Каспий маңында жəне Шығыс Қазақстандағы қолайсыз экологиялық жағдай; Семей сынақ алаңына іргелес жатқан территориялар, топырақтың құнарсыздануы жəне т.т.

Бірқатар уақытқа дейін, Ле–Шателье приципіне сəйкес, адамның қоршаған ортаға əсері биосферадағы өтіп жатқан процестер нəтижесінде жұмсартылып келді. Бірақ қазіргі кезде антропогендік өзгерістер планетаның барлық дерлік экожүйелерінен байқалады, атмосфераның газдық құрамы, Жердің энергетикалық балансы өзгерді. Бұл адамның əрекеті табиғатпен қарама – қайшылыққа түсіп, “биосфера -адамзат” жүйесі барған сайын тепе–теңдік күйден ауытқып бара жатыр деген сөз, нəтижесінде əлемнің көптеген аймақтарында табиғаттың динамикалық тепе – теңдігі бұзылды. Барлығы жинала келіп қазіргі биосфераның жағдайының нашарлауына, адамның денсаулығы мен рухани дуниесінің бұзылуына себепші болады. Мəселені табиғи тепе – теңдікті қалпына келтіру нəтижесінде шешуге болар еді, бірақ бұл өте күрделі, əлемде теңдесі жоқ қиын мəселе, ол 1992 жылы Рио-де-Жанейрода күн тəртібіне қойылып, сонда Тұрақты даму тұжырымдамасына қол қойылып, бекітілді. Ғаламдық “қоғам – табиғат” жүйесіндегі тұрақты даму -əртүрлі деңгейдегі əлеуметтік–экологиялық жүйелерде динамикалық тепе-теңдікті сақтау болып табылады. Адамзат осыны неғұрлым ертерек түсініп осы жолға түссе, оның Жер бетінде тірі қалу мүмкіншілігіде соғұрлым жоғары болмақ. Бұл жолда мазмұны мен болмысы əрбір жеке тұлғаның экологиялық дүниетанымын қалыптастыру болып табылатын экологиялық сауаттылық шешуші рөлге ие болады жəне оның негізін “Экология жəне тұрақты даму” пəні құрайды. Пəннің мақсаты студенттерде қоршаған ортаға жəне өз денсаулығына ұқыптылықпен қарау сезімін қалыптастыру. Мұндай көзқарас болашақ жоғары білімді мамандардың экологиялық тұрғыдан сауатты шешімдер қабылдап, сол арқылы биосфераның тұрақты дамуына көмектесуіне септігін тигізеді.
2.2. Пәннің мақсаты:

– табиғаттың жəне қоғамның тұрақты дамуының негізгі заңдылықтары туралы біртұтас түсінік қалыптастыру.


2.3. Оқыту мақсаттары:

- тірі ағзалардың, əртүрлі деңгейде ұйымдастырылған экожүйелердің, бүкіл биосфераның қызмет атқаруының негізгі заңдылықтарын жəне олардың тұрақтылығын оқып-білу;

- биосфера компоненттерінің өзара əсерлесу заңдылықтары жəне адамның шаруашылық əрекеттерінің, əсіресе табиғатты қарқынды пайдалану кезіндегі салдарлары туралы білімдерді қалыптастыру;

- əртүрлі мемлекеттердегі жəне Қазақстан Республикасындағы тұрақты дамудың тұжырымдамалары, стратегиясы жəне практикалық міндеттері туралы заманауи түсініктерді қалыптастыру;

- студенттердің экологияның, қоршаған ортаны қорғаудың жəне тұрақты дамудың күрделі жəне шиеленіскен мəселелерін талқылауда ауқымды кешенді, объективті жəне шығармашылық көзқарасын қалыптастыру.
2.4. Пәнді оқытудың соңғы нәтижелері:


Дублин дескрипторлар

ОҚМФА-да әзірленген мамандық құзыреттілігі



Пәнді оқытудың нәтижесі


Тұжырымда

ма бойынша оқытудың нәтижелері

А



Зерттеліп отырған саладағы алдыңғы қатарлы білім элементтерін қоса алғанда, сол сала бойынша білімі мен түсінігін көрсете білу.

Экология және тұрақты даму саласындағы құзыреттілік


- экология және тұрақты даму міндеттері мен оның негізгі түсініктерін біледі;

-тірі ағзалардың тіршілік ортасымен қарым-қатынастарының жалпы заңдылықтарын біледі;

- тірі ағзалардың кеңістікке таралуын жəне сан динамикасын, қауымдастықтардың құрылымы мен динамикасын біледі;

- энергияның тірі жүйелер арқылы ағып өтуі жəне заттар айналымының заңдылықтарын, экологиялық жүйелердің жəне бүкіл биосфераның қызмет атқару заңдылықтарын біледі;

- табиғатты қорғау мен табиғатты ұтымды пайдаланудың негізгі принциптерін біледі;

- антропогендік əрекеттің əлеуметтік – экологиялық салдарларын біледі;

- тұрақты дамудың тұжырымдамасын, стратегиясын, проблемаларын, оларды əлемдік, аймақтық жəне жергілікті деңгейде шешуге қатысты көзқараструды біледі;


Р1

Р3


Кәсіпкерлік құзыреттілігі

-қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастық аспектілерін яғни:

-қоршаған ортаның жағдайын жақсарту мәселелері бойынша ұйым қызметкерлерімен іс-шаралар ұйымдастыра алады;

-халықтың денсаулығын жақсарту мәселелері бойынша ұйым қызметкерлерімен іс-шаралар ұйымдастыра алады;


P6

P13


«Компьютерлік және ақпараттық» құзыреттілігі

- Exel, Microsoft, Word, Power Point бағдармаларды пайдалана отырып, заманауи техникалардың негізгі жұмыс істеу принциптерін біледі;

- қоршаған ортаны қорғау мен табиғи ресурстарды тиімді пайдалану бойынша желілік технология көздерінің негізгі әдістерін қолдануда, кәсіби ақпараттарды өңдеудің әртүрлі көздеріне ізденіс жүргізуде және оның ішінде қазіргі компьютерных жабдықтарды пайдалануда, желілік технологияларды қолданып деректер алуда білімін пайдалана алады.



P2

«Денсаулық адвокаты» құзыреттілігі

- ҚР қоршаған ортаны қорғау саласындағы негізгі заңдылықтарды біледі;

- ҚР экологиялық кодексінің негізгі ережелерін біледі;



P6

P19






«Ғылыми зерттеулер дағдыларының» құзыреттілігі


- экология және тұрақты даму облысында ғылыми зерттеудің методологиясын біледі;

-табиғи ресурстарды тиімді пайдалану саласында нормативті құжаттармен, оқулықтармен және ғылыми әдебиеттермен жұмыс істеу барысын біледі;

- бақыланатын отырғын жағдайдың фактылармен және олардың себеп салдарларының байланысын жасай біледі


P21

«Коммуникативтік дағдылар» құзыреттілігі(мәдени құзыреттілік, сыни ойлау, жаңашылдық, командада жұмыс жасай білу қабілеттілігі, шет тілділік құзыреттілігі)

экология және тұрақты дамуды бағалау бойынша ғылыми - тәжірбиелік жұмыстарын жүргізу барысында нақты ақпараттар алу үшін мамандармен тіл табыса алады.

Р8

В

Осы білімі мен түсінігін кәсіби деңгейде қолдана білу.

Экология және тұрақты даму саласындағы құзыреттілік


-табиғи жəне антропогендік экологиялық үдерістерді анықтап, талдауы жəне олардың реттелуінің ықтималды жолдарын болжау істей алады

- биосфераның тұрақтылығын сақтау жəне адамзат қоғамының апатты күйзелістерсіз дамуын қамтамасыз ету мақсатында, шаруашылық жүргізудің дəстүрлі формалары мен адамдардың тіршілік салттарын жоспарлы түрде өзгертуге бағытталған, адамзаттың тұрақты дамуының осы заманғы тұжырымдамалары мен стратегияларын ажырата білуді істей алады;

- тірі организмдер мен қоршаған ортаның əсерлесу заңдылықтары туралы алған білімдерін күнделікті қызметінде экожүйелердің тұрақты дамуын сақтау үшін қолдана білуді істей алады;

-экологиялық процестерді талдап, табиғат қорғау қызметінде нақтылы міндеттер қойып басым бағыттарды белгілеуге жəне алған білімдерін экологиялық мəселелерді шешу үшін пайдалануды істей алады;

- қоршаған орта нысандарына әсер ету мүмкіншілігі бар антропогенді факторларды анықтай алады;

- биосфераның даму заңдылықтары, оның тұрақтылығының сақталу шарттары, сондай – ақ, əртүрлі мемлекеттерде, соның ішінде Қазақстан Республикасында, тұрақты даму идеясының іске асырылуы жөнінде білімдер жинақтауды істей алады.







Кәсіпкерлік құзыреттілігі

- табиғатты тиімді пайдалану, табиғатты қорғау мен аурудың алдын алу шараларын құрастыруда, тұрғындар сауаттылығын көтеруде, үгіт насихат жұмыстарынт жүргізуде білімін пайдалана алады.

Р7

«Компьютерлік және ақпараттық» құзыреттілігі

- экология және тұрақты дамуды бағалау бойынша ғылыми - тәжірбиелік жұмыстарын жүргізу барысында нақты ақпараттар алу үшін Интернеттен мәліметтер ала алады.

Р2

«Денсаулық адвокаты» құзыреттілігі

- ҚР экологиялық кодексінің негізгі ережелерін көрсете алады ;

- қоршаған орта нысандарымен жұмыс жүргізу үшін нормативті - құқықтық құжаттарды қолдана алады;

- экологиялық зерттеулер кезінде техникалық қауіпсіздікті көрсете алады;

-қоршаған ортаны қорғау саласында ҚР-ң заңдылықтарын тәжірибеде колдана алады;



Р19

Р19

«Ғылыми зерттеулер дағдыларының» құзыреттілігі


- ғылыми - тәжірбиелік жұмыстарда, қоршаған ортаның жағдай және табиғи ресурстарды тиімді пайдалану мәселелері бойынша нормативті құжаттармен жұмыс істей алады;

- әдебиет деректеріне шолу жасай алады;

- экологиялық зерттеулер жүргізу үшін заманауи құрал-жабдықтарды қолданады;

- қоршаған орта жағдайын бағалаудағы әдістерді жетілдіреді;

-ғылыми зерттеулер тақырыптарының өзектілігі мен жаңалығын түсінеді;

- таңдалған тақырыптар бойынша ғылыми конференцияларға қатысады;

-ғылыми зерттеулер тақырыптарының өзектілігі мен жаңалығын талқылайды;


Р21




«Коммуникативтік дағдылар» құзыреттілігі(мәдени құзыреттілік, сыни ойлау, жаңашылдық, командада жұмыс жасай білу қабілеттілігі, шеттілділік құзыреттілігі)

- табиғи ресурстарды тиімді пайдалану мәселелері бойынша өз ойын тұжырымдайды,

-қорытынды жасау үшін өзінің сыни ойларын білдіреді;

-қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды тиімді пайдалану мәселелері бойынша білімін көрсетіп, халық алдында сөйлей алады.

- -қоршаған орта факторлары мен халық денсаулығын бағалау бойынша өзінің ойын ұсынады;




Р27

С

Дәйектемелер құрастыру және зерттеп отырған саласындағы проблемаларды шешу.

Экология және тұрақты даму саласындағы құзыреттілік

-- табиғи ресурстарды тиімді пайдалану құжаттарының нормативті талаптарын және физикалық, химиялық факторлардың сапа көрсеткіштері негізінде қоршаған ортаны қорғау деректерін талдайды;

- әсер ететін тіршілік ортасы факторларының мәселелерін қоршаған ортаның нысандарының жағдайын анықтайды және олардан шығу жолдарын талдайды;




Р9

Кәсіпкерлік құзыреттілігі

-экологиялық қауіпсіздікті сақтап, автокөлік пен өндіріс орынындағы жұмыстарды шектейтін нормативті құжаттарды дәлелдейді;

-қоршаған орта жағдайын бағалап дәлелдейді және жоспарлауды біледі;

- қоршаған орта жағдайын жақсарту бойынша іс-шараларды ұйымдастыруды және жоспарлауды біледі.


Р17

«Компьютерлік және ақпараттық» құзыреттілігі

- экология және тұрақты даму саласында мәселелелерді шешу үшін ақпараттар алмасуда заманауи құралдады меңгерген.

Р10

«Денсаулық адвокаты» құзыреттілігі

-табиғи ресурстарды тиімді пайдалану бойынша негізгі заңдылықтарды біледі.

Р6

«Ғылыми зерттеулер дағдыларының» құзыреттілігі

-өзінің ғылыми зерттеулер нәтижесін студенттерге дәлелдейді;
-қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды тиімді пайдалану бойынша жүргізілетін тәжірбиенің жалпы қорытындыларын тұжырымдайды;

-« экология және тұрақты даму» атты тақырыпта өтетін ғылыми конференцияға қатысу үшін ғылыми доклад жазуда алған білімін қолданады.



Р21




«Коммуникативтік дағдылар» құзыреттілігі(мәдени құзыреттілік, сыни ойлау, жаңашылдық, командада жұмыс жасай білу қабілеттілігі, шеттілділік құзыреттілігі)

қабілетті: ұжымда жұмыс істеуге;

- өзінің көзқарасын нақты дәлелдеуге қабілетті;

- экология және тұрақты даму мен табиғи ресурстарды тиімді пайдалану мәселелерін шешудің жаңа жолдарын ұсынуға;


Р8


Д

Әлеуметтік, этикалық және ғылыми көзқарастарды ескере отырып, пайымдаулар жасауға қажет ақпараттар жинауды және интерпретациялауды жүзеге асыру



Экология және тұрақты даму саласындағы құзыреттілік


- PUBMED, MEDLINE,мәліметтер жинағынан экология және тұрақты даму, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану мәселелері бойынша мағлұматтарды жанауды іске асырады;

- қоршаған орта нысандарынң ластану туралы өзінің жеке зерттеулер бағалау нәтижесін ұсынады;

-өз зерттеулерінің нәтижесін қорытындылай алады


Р26

Кәсіпкерлік құзыреттілігі

- экология және тұрақты даму саласындағы ұйымдастыру – экономикалық аспектілерінің қызметін біледі;

- экологиялық зерттеулердің жалпы әдістерін біледі;

- қоршаған орта нысандар жағдайының сапасын болжай алады


Р27

«Компьютерлік және ақпараттық» құзыреттілігі

-мәліметтер базасынан тақырып бойынша материалдар жинайды;

-кәсіби қызмет саласында ақпаратты технологияларды меңгерген



Р2

«Денсаулық адвокаты» құзыреттілігі

  • - қоршаған орта нысандарының сапасын реттейтін нормативті-құқықтық құжаттарынан аргуметтерді тұжырымдайды;

  • - -«қоғам-табиғат» жүйесіндегі құқықтық қарым-қатынастарды және этиканың негізін түсіндіре алады

Р19

«Ғылыми зерттеулер дағдыларының» құзыреттілігі

-« экология және тұрақты даму» атты тақырыпта өтетін ғылыми конференцияға қатысу үшін ғылыми докладтар мен статьяларды өдеу дағдыларын меңгерген;

-зерттеу саласында ғылыми нәтижелердің анализін, өзінің жеке пікірін бұқара алдында айта алады;

-өзінің жеке зерттеулер нәтижесін презентация, доклад түрінде ғылыми және студенттік конференцияларда ұсынуға қабілетті.


Р21







«Коммуникативтік дағдылар» құзыреттілігі(мәдени құзыреттілік, сыни ойлау, жаңашылдық, командада жұмыс жасай білу қабілеттілігі, шеттілділік құзыреттілігі)

- экология және тұрақты даму, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану саласында өзінің жеке пікірін білдіруге қабілетті


Р27

Е



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет