Фармацевтикалық инспекторатты қалыптастыру, тиісті фармацевтикалық практика жөніндегі фармацевтикалық инспекторлардың тізілімін жүргізу ережесін бекіту туралы


Фармацевтикалық инспекциялардың рәсімдері



бет7/11
Дата18.04.2024
өлшемі35.57 Kb.
#499209
түріКодекс
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
@028;0 D @ 8@ D0@ 8=A 5 07 (1)

6. Фармацевтикалық инспекциялардың рәсімдері

33. Фармацевтикалық инспекторат белгіленген нысан бойынша фармацевтикалық инспекцияларды жүргізу туралы есептерді ресімдей отырып, дәрілік заттар айналымы субъектілерінің фармацевтикалық инспекцияларын жүргізеді.


34. Фармацевтикалық инспекторат жазбаша құжаттар нысанында фармацевтикалық инспекцияларды жүргізу жөніндегі рәсімдерді әзірлейді және қабылдайды.
35. Егер фармацевтикалық инспекцияға 2 және одан да көп фармацевтикалық инспектор қатысса, фармацевтикалық инспектораттың басшысы инспекциялық топтың қызметін үйлестіру үшін жетекші инспекторды тағайындайды.
Бірлескен фармацевтикалық инспекцияларды жүргізу кезінде жетекші фармацевтикалық инспектор фармацевтикалық инспекцияны жүргізуге бастамашылық жасаған мүше мемлекеттің фармацевтикалық инспекторатынан тағайындалады.
36. Жетекші фармацевтикалық инспектор инспекциялық есепті дайындайды және оны инспекциялық топтың басқа фармацевтикалық инспекторларымен келіседі.
Белгіленген тәртіппен ресімделген инспекциялық есеп инспекцияланатын дәрілік заттар айналымы субъектісінің уәкілетті тұлғасына жіберіледі.
37. Инспекциялық топтың жетекші фармацевтикалық инспекторы және басқа да фармацевтикалық инспекторлары инспекцияланатын дәрілік заттар айналымы субъектісінің түзетуші әрекеттерінің жеткіліктілігін және инспекцияланатын дәрілік заттар айналымы субъектісінің Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласындағы қолданыстағы заңнамасына сәйкестік дәрежесін айқындау үшін фармацевтикалық инспекцияның нәтижелері бойынша жауаптарын бағалауға қатысады.
38. Фармацевтикалық инспекция барысында алынған бақылаулар және (немесе) деректер мәліметтердің жоғалуын болдырмау үшін қағаз немесе электрондық ақпарат тасығыштарда уақтылы тіркеледі.
Фармацевтикалық инспекцияларды жүргізу нәтижелері олардың фармацевтикалық инспектораттың сапа жүйесіне сәйкестігін бағалау үшін талданады.


7. Фармацевтикалық инспектораттың ресурстары

39. Фармацевтикалық инспектораттың фармацевтикалық инспектораттың сапа саласындағы саясатты іске асыру үшін қажетті ресурстары бар.


40. Фармацевтикалық инспекторат штаттық кестеге сәйкес тиісті фармацевтикалық практикалардың талаптарына сәйкестігіне фармацевтикалық инспекцияларды ұйымдастыру және өткізу үшін қажетті персоналмен жинақталады.
Фармацевтикалық инспектораттың персоналы өз міндеттерін орындау мүмкіндігі үшін тиісті үздіксіз оқытудан өтеді.
41. Персоналдың біліміне, біліктілігіне, жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар, сондай-ақ міндеттері мен функциялары фармацевтикалық инспектордың басшысы бекітетін лауазымдық нұсқаулықтарда белгіленеді.
42. Фармацевтикалық инспекторлар:
а) дәрілік заттардың айналымын реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ фармацевтикалық инспектораттың сапа жүйесінің құжаттарын білу;
б) тиісті дайындығы болуы, фармацевтикалық инспекция жүргізу әдістерін білу және қолдану;
в) дәрілік заттар айналымының инспекцияланатын субъектісінің дәрілік заттар айналымы саласындағы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкестігі туралы кәсіби қорытындылар шығаруға және қауіпті бағалау әдістерін қолдана білуге;;
г) фармацевтикалық инспекцияларды өткізу үшін қажетті өзге де білімді, оның ішінде компьютерленген жүйелер мен ақпараттық технологиялар саласындағы білімді меңгеру.
43. Жұмысқа қабылданған (фармацевтикалық инспекция жүргізуге тартылатын) фармацевтикалық инспекторлар кемінде бес инспекцияда тағылымдамадан өтушілер ретінде қатысады. Фармацевтикалық инспекторларды дербес қызметке жіберуді фармацевтикалық инспектордың басшысы фармацевтикалық инспектордың сапа жүйесінің құжаттарында белгіленген тәртіппен олардың білімін тексергеннен кейін жүзеге асырады.
Көрсетілген фармацевтикалық инспекторларды одан әрі даярлау (оқыту) жылына оқыту іс-шараларына кемінде 10 күнді (кемінде 60 академиялық сағат) құрайды. Фармацевтикалық инспектораттың басшысы әрбір фармацевтикалық инспектордың кәсіби даярлығына тұрақты негізде талдау жүргізеді және оны одан әрі даярлау (оқыту) қажеттілігін айқындайды.
44. Фармацевтикалық инспекторларды оқыту және оның нәтижелері тиісті түрде құжатталады.
Өткен оқу және алған біліктілік туралы жазбалар әрбір фармацевтикалық инспектордың оқу туралы құжатында (жеке файлда) сақталады.
45. Әрбір фармацевтикалық инспектордың оқуы туралы құжат (жеке файл) келесі дербес мәліметтерді қамтиды:
а) білімі және диплом бойынша мамандығы;
б) біліктілік;
в) жұмыс тәжірибесі;
г) міндеттер мен жауапкершілік;
д) фармацевтикалық инспекторат шеңберінде мамандандыру;
е) даярлау (оқыту), біліктілікті арттыру және даярлау (оқыту), біліктілікті арттыру барысында алынған қорытынды бағалар туралы мәліметтер.
46. Тартылған сарапшының жеке файлына атқаратын лауазымы мен біліктілігі туралы мәліметтер, сондай-ақ оның фармацевтикалық инспекцияларға қатысуы туралы ақпарат енгізіледі.
47. Фармацевтикалық инспектораттың үй-жайларды, жиһаздарды, компьютерлік және ұйымдастыру техникасын, байланыс құралдарын, ақпараттық ресурстар мен көлікті қоса алғанда, оның қызметін қамтамасыз етуге қажетті жабдықтары бар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет