Фармакология 2 курс аі, еі



бет15/17
Дата15.07.2016
өлшемі2.67 Mb.
#200342
түріПрограмма
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




№185

Препаратты анықтау. Кең спектрлі антибиотик. АІЖ-да оңай сорылады. Тағамдық токсикоинфекцияны, бактериялық және амебалық дизентерияны, риккетсиозды, туляремияны, созды, пневмонияны, іріңді инфекцияларды емдеу үшін қолданылады. Фотосенсибилизация шақырады, препарат тістің эмалында жиналады.

1



пенициллиндер

2



макролидтер

3



карбапенемдер

4



тетрациклиндер

5



левомицетиндер




№186

Препараттар тобын анықтау.Бұл антибиотиктер грамоң және грамтеріс бактерияларға бактерицидтік, кең спектрлі әсер көрсетеді. Жанама әсерлері: нефро- және ототоксикалық бұзылыстар.

1



левомицетиндер

2



карбапенемдер

3



тетрациклиндер

4



монобактамдар

5



аминогликозидтер




№187

Препаратты анықтау. Пенициллиндер тобының антибиотигі, қанда ұзақ емдік концентрациясын сақтау үшін, ревматизмді емдеу және алдын алу, мерезді емдеу үшін қолданылады. Бұлшық етке енгізеді, әсер ету ұзақтығы 3-4 апта. Пенициллиназаның әсерінен ыдырайды.

1



бензилпенициллин натрий тұзы

2



бензилпенициллин новокаин тұзы

3



бициллин-5

4



феноксиметилпенициллин

5



бензилпенициллин калий тұзы




№188

Препараттар тобын анықтау. Мерездің барлық түріне, кокктардың барлық түріне, дифтерия, күйдіргі, анаэробты инфекциялардың қоздырғыштарына тиімді әсер етеді. Бұлшық ет ішіне енгізгенде 3-4 сағат әсер етеді. Жанама әсерлері - аллергиялық реакциялар, анафилаксиялық шок болуы мүмкін.

1



левомицетиндер

2



карбапенемдер

3



тетрациклиндер

4



монобактамдар

5



қысқа уақыт әсер ететін биосинтетикалық пенициллиндер




№189

Препаратты анықтау. Жартылай синтетикалық пенициллин. қышқылға төзімді, пенициллиназаға тұрақты, Бензилпенициллинге төзімді стафилококктық инфекцияларда қолданылады. Жанама әсерлері: диспепсиялық бұзылыстар.Ішке және парентералды қолданылады.

1



карбенициллин

2



оксациллин натрий тұзы

3



феноксиметилпенициллин

4



ампициллин

5



бензилпенициллин натрий тұзы




№190

Препараттар тобын анықтау. Әсер спектрі- стафилококктар, стрептококктар, диплококк, кұйдіргі таяқшасы, ішек, дифтерия таяқшасына, қарапайымдыларға, хламидияларға әсер етеді. Фармакодинамикасы: парааминобензой қышқылымен бәсекелес антагонизм. Ішке және сыртқа қолданылады. Жанама әсерлері: лейкопения, кристаллурия, аллергиялық реакциялар.

1



макролидтер

2



аминогликозидтер

3



нитрофурандар

4



ульфаниламидтік препараттар

5



фторхинолондар




№191

Препаратты анықтау. Сульфаниламидтік препарат, АІЖ-да баяу сіңіріледі. Ішекте біртіндеп белсенді сульфаниламидтік бөлігі бөлініп шығады. Дизентерияда, колитте, гастроэнтеритте, сонымен қатар іріңді асқынулардың алдын алу үшін, ішекке операция жасаған кезде қолданылады.

1



сульфадиметоксин

2



сульфален

3



фталазол

4



сульфацил натрий

5



этазол




№192

Препаратты анықтау. өсімдік тектес препарат, ипекакуана тамырынан алынатын алкалоид, ішектің жедел бұзылыстарының көріністері бар амебалық дизентерияны емдеу үшін қолданылады. Парентералды жолмен енгізеді. Кумуляцияланады.

1



метин гидрохлориді

2



хиниофон

3



метронидазол

4



левамизол

5



хингамин




№193

Препаратты анықтау. Көздің, терінің герпестік ауруында, вирустық риниттерде жағылма түрінде қолданылады, тұмаудың алдын алуда тиімді.

1



ацикловир

2



ремантадин

3



оксолин

4



идоксуридин

5



зидовудин




№194

Препаратты анықтау. Вирустың әсеріне жауап ретінде адамның донорлық қанының лейкоциттерімен түзіледі. Тұмаудың және басқа да вирустық респираторлық аурулардың алдын алу үшін қолданылады. Ингаляция түрінде мұрын қуысына тамызады немесе бұлшық етке енгізеді.

1



ацикловир

2



ремантадин

3



оксолин

4



интерферон

5



зидовудин




№195

Препаратты анықтау. Туберкулезге қарсы белсенді синтетикалық препарат,ГИНҚ туындысы. АІЖ-да жақсы сіңіріледі, тіндік тосқауылдардан оңай өтіп, туберкулез ошақтарына және каверналарға енеді. Ағзадан ацетилденген түрде негізінен бүйрекпен шығарылады. Препаратқа Кох таяқшасының төзімділігі баяу дамиды.

1



рифампицин

2



изониазид

3



этамбутол

4



ПАСҚ

5



пиразинамид




№196

Препаратты анықтау.Химиотерапиялық зат, адамантан туындысы, тұмаудың қоздырғышына (әсіресе А тобының әртүрлі вирустарына айқын, В тобының вирустарына әлсіздеу) қарсы әсер көрсетеді. Тұмаудың алдын алу және емдеу үшін ішке қабылдайды.

1



идоксуридин

2



ацикловир

3



ремантадин

4



оксолин

5



интерферон


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет