ТАПСЫРМА 5.
РЕЦЕПТ МІНДЕТТЕРІ: ДӘРІ-ДӘРМЕКТЕРДІ АНЫҚТАҢЫЗ ЖӘНЕ РЕЦЕПТ ЖАЗЫҢЫЗ:
Тыныс алу жүйесінің патологиясында қолданылатын селективті М-холиноблокатор.
Тыныс алу жүйесінің патологиясында холинергиялық заттарды байқап қолдану керек.Себебі ауру одан сайын асқынып кетуі мүмкін. Тыныс алу жүйесінің патологиясында (ХОБЛ) – Тровентол қолданылады.Атропинмен салыстырғандағы ерекшелігі бронх бұлшықеттерінің холинергиялық рецепторларына күшті және ұзақ әсер етеді. Орталық жүйке жүйесіне енбейді. Бронходиляциялық әсері ингаляциядан кейін 15-30 минуттан соң дамиды және 4-5 сағат бойы сақталады.
2. Паркинсонизмді емдеуге арналған Холиноблокатор.
Паркинсон ауруы – орталық жүйке жүйесінің баяу дамып келе жатқан патологиясының атауы. Аурудың негізгі белгілеріне қозғалыстың бұзылуы, бұлшықет ригидтілігі (тонустың жоғарылауы), тыныштық кезіндегі тремор жатады.Көбінесе қарт адамдарда кездеседі.Ең негізгі белгісі жадтың жоғалуы,алжу.Бұл ауруды емдеу үшін холиноэстераза ингивиторы Донепезил қолданылады.Холиноэстераза ацетохолинді ыдырататын фермент.Бұл ферменттің жұмысының тежелуі холинорецептордың белсенділігін жоғарылатады.Сол себепті мидан қозу ары қарай парасимпатикалық жүйкенің бойымен жалғасады.
3. Өкпе ісінуінде қолданатын холинергиялық зат.
Пентамин өкпе ісінуін басуға арналған холинергиялық зат. Вегетативті ганглийлер арқылы жүйке импульстарының өткізілуін тоқтата отырып, ганглион блокаторлары вегетативті иннервациямен қамтамасыз етілген органдардың функцияларын өзгертеді. Бұл жағдайда қан қысымының төмендеуі орын алады, бұл негізінен қан тамырларының кеңеюімен байланысты.Осылайша өкпе ісінуі басылады.
Достарыңызбен бөлісу: |