Фармакология Сессия жауаптары


)Қалқанша безінің гормондарының дәрі-дәрмектері.Дәрілік препараттар (эутирокс, L-тироксин, мерказолил, йодомарин)



бет16/24
Дата04.06.2024
өлшемі146.24 Kb.
#502316
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   24
Фарм сессия

75)Қалқанша безінің гормондарының дәрі-дәрмектері.Дәрілік препараттар (эутирокс, L-тироксин, мерказолил, йодомарин).
Эутирокс® препаратының құрамында болатын синтетикалық левотироксин өзінің әсері бойынша қалқанша безбен өндірілетін табиғи негізгі гормонға ұқсас. 
Қолданылуы
Эутирокс® 25 - 150 мкг:қатерсіз эутиреоидты зобты емдеудеоперациядан кейінгі гормональді статусқа байланысты эутиреоидты зобты хирургиялық емдеуден кейін оның қайталануының профилактикасында гипотиреозда орнын алмастыру емі ретінде қалқанша без обырының еміндешке қабылдау: бір тәуліктік дозаны таңертең ашқарынға таңертеңгі тамақтан 30 минут бұрын судың аздаған мөлшерімен (жарты стакан сумен) ішкен дұрыс. Сәбилерге тәуліктік дозаны алғашқы таңертеңгі тамақтандырудан 30 минут бұрын бір қабылдауға береді. Таблеткаларды суда ерітеді, алынған суспензия тағы да судың біршама мөлшерімен қабылданады. Әрбір қабылдау үшін суспензия жаңадан дайындалуы тиіс.
Жағымсыз әсерлері жүрек аритмиясы (мысалы, жыпылықтағыш аритмия және экстрасистолалар), тахикардия, жүректің қағуы, стенокардия бас ауыру бұлшықет әлсіздігі және құрысулар гиперемия, қызуқұсу, диарея етеккір оралымының бұзылуы бас сүйекішілік гипертензия, тремор, мазасыздық, ұйқының бұзылуышамадан тыс терлеудене салмағының кемуі
L-Тироксиннің құрамына кіретін синтетикалық левотироксин өзінің әсерімен негізінен қалқанша безбен өндірілетін табиғи тиреоидты гормонға ұқсайды. Организм үшін эндогенді және экзогенді левотироксиннің арасында айырмашылық жоқ.
Қолданылуы
- кез келген этиологиядағы гипотиреозда тиреоидты гормондардың орнын басу үшін
эутиреоидты зобты алып тастағаннан кейін зобтың қайталануының алдын алуда
- эутиреоидты қатерсіз зобта
Қолданылуы
Туа біткен және жүре пайда болған гипотиреозбен балалар мен жасөспірімдер
Демеуші доза, әдетте, тәулігіне дене беткейінің м2 ауданына 100 -150 мкг левотироксинді құрайды.
Жоқ гормонның орнын дереу левотироксинмен орын басу қажет болатын туа біткен гипотиреозбен жаңа туғандар мен нәрестелер үшін алғашқы 3 айда қолдануға арналған левотироксиннің ұсынылған бастапқы дозасы тәулігіне дене салмағына 10 - 15 мкг құрайды. Кейіннен дозаны клиникалық деректерге, сондай-ақ тиреоидты гормондар мен ТТГ деңгейіне қарай жекелей түзетуге болады.
Жүре пайда болған гипотиреозбен балаларүшін левотироксиннің ұсынылған бастапқы дозасы тәулігіне 12,5 - 50 мкг құрайды. Клиникалық деректерге, сондай-ақ тиреоидты гормондар мен ТТГ деңгейіне сүйеніп, дозаны біртіндеп, 2 - 4 апта аралықпен, орын басу емі үшін қажет толық дозаға қол жеткенше жоғарылату керек.
Мерказолил- Антитиреоидты дәрі, тироксин (Т4) және трийодтиронин (Т3) – қалқанша без гормондарының түзілуін тежейді
Қолданылуы тиреотоксикозда тиреотоксикозды хирургиялық емдеуге даярлауда тиреотоксикозды радиоактивті йодпен емдеуге даярлауда
Қолдану тәсілі және дозалары
Ішке, тамақтанудан кейін, шайнамай, жеткілікті сұйықтық мөлшерімен ішуге тағайындайды. Бастапқы және демеуші доза әр науқасқа жеке белгіленеді. Тәуліктік дозаны бір рет қабылдауға тағайындап немесе 2–3 реттік дозаға бөледі. Емдеудің басында бір реттік дозаны бірдей уақыт аралығымен күні бойы қабылдайды. Демеуші дозаны таңғы астан кейін 1 рет қабылдау керек.
Йодомарин- Қалқанша без гормондары – тироксин және трийодтиронин синтезіне қатысатын элемент ретінде – йод астың маңызды компоненті болып табылады. Оған, яғни эндемиялық зобтың дамуына жол бермеу үшін организмге күн сайын түсуге тиісті йод мөлшеріне қажеттілік әдеттегідей тәулігіне 100 - 150 мкг құрайды.
Қолданылуы
- йод тапшылығының алдын алуда (мысалы, эндемиялық зобтың алдын алуға және йод тапшылығынан болған зобтың резекциясынан кейін)
- емшектегі балаларда, балаларда, жасөспірімдерде және жас ересектерде йод тапшылығынан болған диффузды эутиреоидты зобты емдеуде.
Қолдану тәсілдері және дозасы
Йод тапшылығымен аурулардың алдын алуға (организмге алиментарлы йод тәулігіне 150-300 мкг-нан кем емес жеткіліксіз мөлшерде түскен жағдайларда): 
Емшектегі балаларға, 2 – 12 жастағы балаларға – тәулігіне ½ таблетка Йодомарин® 200 - ден (ол 100 мкг-ға дейінгі йодқа сәйкес келеді).
12 жастан асқан балаларға және ересектерге – тәулігіне ½ таблеткадан 1 таблеткаға дейін Йодомарин® 200 (ол 100 - 200 мкг йодқа сәйкес келеді)
Жүкті және бала емізетін әйелдерге: тәулігіне 1 таблетка Йодомарин® 200 (ол 200 мкг йодқа сәйкес келеді).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   24




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет