Фармакология Сессия жауаптары



бет17/24
Дата04.06.2024
өлшемі146.24 Kb.
#502316
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   24
Фарм сессия

76.1 типті қант диабетін емдеуге арналған дәрілік препараттар (инсулин препараттары) қолдану ерекшеліктері).
Инсулин туралы түсінік
Көмірсу алмасуын реттеуде ұйқы безі гормонының зор маңызы бар.Лангерганс аралшығының В-жасушаларыпроинсулин өндіреді,одан айқын гипогликемиялық әсер көрсететін инсулин түзіледі.А-жасушалары гипергликемия шақыратын глюкагон өндіреді.
Тәжірибелік медицина үшін аса қызығушылық туындататын ,қант диабетін емдеу үшін қолданылатын ұйқы безінің инсулин гормоны.
Инсулинотерапия
Жан-жақты диабетке қарсы өте тиімді зат.Ол дисульфидті көпіршемен байланысқа полипептидті сақинадан тұратын полипептид.Қазір адам инсулині гендік инженерия жолымен алынады. Дәрілік зат ретінде адам инсулині мен қара малдың ұйқы безінен алынған инсулин қолданылады.Әсер бірлікпен мөлшерленеді.
Көрсеткіштері
Инсулин дәрілері ҚД-1-мен сырқаттанған науқастарға өмірлік қажет; сонымен қатар оны ҚД-2-мен сырқаттанған науқастардың 40%-ы қабылдайды. ҚД кезінде инсулиндітерапияны тағайындаудың жалпыкөрсеткіштері:
Инсулинді егу ерекшеліктері
1.Инсулиннің енгізу дозасын, сағатын және жиілігін қатаң сақтау.
2.Енгізер алдында флаконды жақсылап сілкужәне 25-30 0 С дейін жылыту.
3.Бір шприцте инсулиннің бірнеше түрін араластырып алуға болмайды.
4.Инъекция орнын спиртпен өңдегеннен кейіноның кебуін күту.
5.Инсулин енгізу орындарын 6-7 күнде бір ретауыстырып отыру (липодистрофияның алдыналу).
6.Инсулин іштің алдың бөлігінен тез сіңеді.
7.Ыстық ванналар, жылытқыш қою сіңуді тездетеді.


77) 2 типті қант диабетін емдеуге арналған синтетикалық гипогликемиялық препараттар (метформин, гликлазид, гликлазид, глибенкламид). Қолданылуы
Метформин гипергликемияны төмендетеді, гипогликемияның дамуына әкелмейді. Сульфонилмочевина туындыларынан айырмашылығы инсулиннің секрециясын стимуляцияламайды және дені сау тұлғаларда гипогликемиялық әсер туындатпайды.
Қолданылуы
2 типті қант диабетінде, әсіресе емдәммен емдеу және дене жүктемесі тиімсіз болған жағдайда, семіздікпен зардап шегетін емделушілерде:
Таблеткаларды шайнамай, бүтіндей жұтып, аспен бірге немесе дереу астан кейін судың жеткілікті мөлшерімен іше отырып ішке қабылдау керек.
Ересектер: монотерапия және басқа пероральді гипогликемиялық дәрілермен біріктірілген ем:
• Әдеттегі бастапқы доза аспен бірге немесе астан кейін тәулігіне 2-3 рет 500 мг немесе 850 мг құрайды. Қандағы глюкоза концентрациясына байланысты дозаны кейіннен біртіндеп жоғарылатуға болады.
Гликлазид – пероралды гипогликемиялық дәрі, II буынды сульфонилмочевина туындысы. Ұйқы безінің бета-жасушаларымен инсулиннің секрециясын көтермелейді. Шеткергі тіндердің инсулинге сезімталдығын арттырады. Ас ішкен уақыттан инсулин секреция
Қолданылуы
- емдәм, физикалық жүктеме және дене салмағының төмендеуі қандағы глюкоза деңгейін талапқа сай бақылау үшін жеткіліксіз болғанда ересектердегі II типті қант диабетінде
Қолдану тәсілі мен дозалары
Ішке, тамақ қабылдау кезінде.
Ересектер
Препараттың тәуліктік дозасы 40-320 мг (гликемия деңгейіне байланысты) құрайды. Препарат тәулігіне 2 рет қабылданады.
Ең жоғары тәуліктік доза – 320 мг (4 таблетка), оны екі қабылдауға бөлу керек – таңертең 2 таб. және кешке 2 таб.Жанама әсері: іштің ауыруы, жүрек айнуы, құсу, диарея, іштің қатуы
бауыр ферменттері деңгейінің (АЛТ, АСТ, сілтілік фосфатаза) қайтымды жоғарылауы, гепатит тері бөртпелері, қышыну, есекжем, эритема, макуло-папулездік бөртпелер, буллездік реакцияла Глибенкламид - екінші буындағы сульфонилмочевина туындалыры гипогликемикемиялық дәрі. Препараттың қантты төмендететін әсері панкреатиттік және экстрапанкреатиттік әсердің кешенді механизміне байланысты.
Глибенкламид ішу арқылы қабылдағаннан кейін асқазан-ішек жолдарынан жылдам және толығымен сіңеді. Бір мезгілде тамақ ішу глибенкламидтің сіңуін баяулатады. 
Бір рет қабылдағанннан кейін қандағы ең жоғары концентрациясына 1-2 сағаттан соң жетеді. Қан ақуыздарымен байланысуы - 98%-дан жоғары. Плацентарлы бөгет арқылы нашар өтеді.


79.Бүйрек үсті безінің қыртысты қабаты гормондарының препараттары: глюкокортикоидтар. Дәрілік заттар. (преднизолон, дексаметазон, флуметазон, полкортолон) қолданылуы


Преднизолон- Синтетикалық глюкокортикостероидты дәрі. Қабынуға қарсы, аллергияға қарсы, иммуносупрессиялық, антиэкссудативтік және қышынуға қарсы әсер етеді. 
Қолданылуы
жүйелі қызыл жегі, түйінді периартериит, дерматомиозит және полимиозит, жүйелі васкулиттерде ревматизм, ревматоидтық артритте, Бехтеров ауруында жайылған склероздабіріншілік және екіншілік бүйрекүсті безі жеткіліксіздігінде ( соның ішінде бүйрекүсті безін алып тастағаннан кейінгі Адиссон ауруы) қарай жеке белгіленеді. Күткен әсерді алған соң дозаны ең төменгі тиімді дозасына дейін біртіндеп төмендетіледі. Сондай-ақ дәріні жоспарлы түрде қабылдауды тоқтатуда да дозасын біртіндеп төмендету керек.Дәрілік затты тәуліктік ритмге байланысты , ертеңгісін үлкен (немесе барлық ) доза бөлігін қабылдауға кеңес беріледі. Бірақ кейбір жағдайларда преднизолонды жиі қабылдау қажет болуы мүмкін.Препаратты аз ғана сумен ішеді.
Дексаметазон бүйрек үсті бездері қыртысының глюкокортикоидты әсері бар синтетикалық гормон (кортикостероид) болып табылады. Препарат қабынуға қарсы, аллергияға қарсы және десенсибилизациялаушы айқын әсер береді, иммунодепрессиялық белсенділікке ие. Қолданылуы
алғашқы және салдарлы (гипофизарлық) бүйрек үсті безі жеткіліксіздігіндегі орын алмастыру емі бүйрек үсті бездерінің туа біткен гиперплазиясы
жай өрбитін тиреоидит және сәуледен кейінгі тиреоидиттің ауыр түрлері ревматизмдік қызба жедел ревмокардит
Ересектер үшін ұсынылатын бастапқы доза 0,5 мг-ден 9 мг дейін. Тәуліктік ең жоғары доза – 10-15 мг. Тәуліктік дозаны 2-4 қабылдауға бөлуге болады. Әдеттегі демеуші доза –тәулігіне 0,5 мг-ден 3 мг дейін.
Флуметазон – глюкокортикостероид, қабыну медиаторларының босап шығуын кідіртеді; теріге әсер еткенде нейтрофильдердің шеткергі жинақталуының алдын алады, ол қабыну экссудатының және цитокиндер өндірілуінің азаюына, макрофагтар миграциясының іркілуіне, инфильтрация мен грануляция үдерістерінің азаюына әкеледі.
10 жастан асқан балаларға тек айрықша жағдайларда ғана, препаратты бет терісіне тигізіп алмай, терінің шектеулі бөліктеріне қолдану керек
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   24




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет