Фармакология Сессия жауаптары


)Ер жыныстық гормондарының дәрілік препараттары. Жалпы сипаттама. Жіктелуі. Қолдану ерекшеліктері.(тестостерон пропионаты, андрокур, клостилбегит



бет19/24
Дата04.06.2024
өлшемі146.24 Kb.
#502316
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24
Фарм сессия

81)Ер жыныстық гормондарының дәрілік препараттары. Жалпы сипаттама. Жіктелуі. Қолдану ерекшеліктері.(тестостерон пропионаты, андрокур, клостилбегит)
Тестостерон ерлерде аталық Лейдиг жасушаларында түзілетін табиғи андрогендік гормон болып табылады. Ерлердің жыныстық функциясын көтермелеу мен демеп тұруда негізгі рөл атқарады. Жыныс бездерінің, қуықасты безінің, ұрық қуықшасының өсуін туғызады, сперматогенезге әсер етеді, екіншілік жыныстық белгілердің дамуына түрткі болады.
Тестостерон, ерлерде де, әйелдерде де анаболиялық әсер береді, бұлшықет массасының ұлғаюна алып келеді
Бұлшықет ішіне.
Инъекцияларды бөксе бұлшықетіне терең енгізу керек.
Дозалары клиникалық бағалауға және зертханалық зерттеулердің нәтижелеріне сәйкес жекелей, аурудың түріне және жыныс бездері функциясының бұзылу дәрежесіне, сондай-ақ емдеудің тиімділігіне, препараттың көтерімділігі мен аурудың жалпы ағымына байланысты таңдалады. Әдетте препараттың әр 4 апта сайын 1 ампуласын бұлшықет ішіне тағайындайды.
Андрокур® андрогенге қарсы гормональды препарат болып табылады. Андрокур® препаратын қолданған кезде еркектерде жыныстық құштарлықтың, потенцияның және аталық без қызметінің төмендеуі байқалады. Бұл әсерлер толық қайтымды және емдеуді тоқтатқаннан кейін жоғалады.
Қолданылуы
Еркектерде сексуальдік ауытқулары бар еркектерде жыныстық құштарлықты төмендетуге операция жасауға келмейтін қуықасты безі обырында Әйелдерде бетте және денеде түктер патологиялық шамадан тыс өскенде (айқын гирсутизм) және төмен дозадагы ципротерон ацетатпен немесе басқа антиандрогендік жыныстық гормондармен емдеуден әсері болмаған акненің және/немесе себореяның ауыр түрлерімен жиі қоса қабаттасатын ауыр андрогенді алопецияда.
Андрокур® таблеткаларын тамақтанудан соң сұйықтықтың аздаған мөлшерімен ішіп қабылдайды.
Жыныстық құштарлығы сау емес (сексуальдік ауытқулары бар) емделушілерді емдеген кезде дәрігер Андрокурдың® дозасын әрбір жеке жағдайда әр адамға жекелей таңдайды. Әдетте курстың басында препаратты 1 таблеткадан күніне 2 рет қабылдайды. Қажет болған кезде доза күніне 2-3 реттен, бірақ қысқа уақыт аралығы ішінде, 2 таблеткаға дейін арттырылуы мүмкін
Клостилбегит – стероидтық емес құрылымдағы антиэстрогендік препарат. Әсер ету механизмі эстрадиолдың рецепторларымен байланысуын бәсеңдетіп, гипоталамуста эстрогендер рецепторларымен спецификалық байланысу қабілетімен түсіндіріледі.
Қолданылуыжүкті болу мақсатымен ановуляторлық циклмен әйелдерде овуляцияны стимуляциялауда. Клостилбегит таблеткаларын овуляторлық циклдің расталған бұзылуымен емделушілерге ғана қолдануға болады Қолдану тәсілі мен дозалары Препаратты дәрігердің тағайындауы бойынша ғана қолдануға болады! 1-ші емдеу курсы: ұсынылатын доза 5 күн ішінде тәулігіне 50 мг (1 таблетка) құрайды. Жуық арада жатырлық қан кету болмаған жағдайда емді кез келген күні бастауға болады. 2- ші емдеу курсы: бұл сызбаны 1-ші емдеу курсының тиімсіздігінде қолдану керек. Егер овуляция 1-ші емдеу курсынан кейін басталмаса, күнделікті 100 мг препараттан (бір реттік тәуліктік доза ретінде 50 мг екі таблетка) 5 күн ішінде келесі циклдің 5-ші күнінен бастап, яғни алдыңғы циклден кейін 30 күннен кейін тағайындау керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет