Фармакология


Cefazolin - цефазалин (Б)



бет54/200
Дата10.05.2023
өлшемі1.76 Mb.
#473482
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   200
Фармакология

Cefazolin - цефазалин (Б) : 0,25; 0,5; 1,0; 2,0 және 4,0 құрғақ зат флаконда шығарылып ,2-3 мл иньекцияға арналған суда, немесе 0,9 % NaCl ертіндісі немесе 0,5% новокаин ертіндісімен ерітіп, тәулігіне 2-4 рет б/е; 10 мл к/т баяу ағынмен, 100-200 мл 0,9% NaCl еріт. тамшылатып енгізіледі.
Cefalexinum - цефалексин (Б): 0.25 капс.; 0.5 таб. шығарылып, тәулігіне 4 рет белгіленеді.
Цефалоспориндердің ІІ буыны: цефуроксим (кетоцеф, зинацеф), цефамандол (мандол), цефаклор (цеклор) - әсер ету спектрі: І- буын препараттарына ұқсас, бірақ грамм (-) микроорганизм қоздырғыштарына әсер ету күшті. Қолдану көрсеткіштері : жоғарғы тыныс жолдары мен бронх-өкпе инфекциялары ; урогенитальді инфекциялар, өт жолдары, сүйек , буын инфекциялары , отит, синусит, менингит, септицемия, перитонит және т.б.
Cefuroxim-цефуроксим (Б): 0,75 және 1,5 құрғақ зат флакогда шығарылып, б/е және к/т енгізіледі.
Цефуроксим - аксетил- 0,25 таб тәулігіне 2 рет белгіленеді.
Цефалоспориндердің ІІІ буыны: цефатоксин(клафоран), цефтазидим ( мироцеф, фортум), цефтриаксон ( лонгацеф, роцефин, лендацин), цефоперазон ( цефобид). Әсер ету спектрі: грамм (-) микрофлораларға әсері кеңірек, бірақ Ә-буын препараттарына қарағанда грамм (+) микроорганизмдерге әсері әлсіздеу. Цефтазидим мен цефаперазон көкірің таяқшасына , цефотаксим мен цефтриаксон анаэробтарға әсер етеді. Қолдану көрсеткіштері : пневмания , эндокардит, урологиялық және құлақ, тамақ, мұрын инфекциялары , менингит, сепсис, перотонит, жұмсақ ұлпа, сүйек, буын инфекциялары және т.б. Барлық препараттары парентеральды енгізіледі.
Cefotaxim-цефотаксим (Б): 0,5; 1,0 және 2,0 құрғақ зат флаконда шығарылып, 2 мл иньекцияға арналған суда ерітіп тәулігіне 2-4 рет - б/е; баяу және тамшылатып к/т еңгізіледі.
Ceftriaxon- цефтриаксон (Б) : 1,0 құрғақ зат флаконда 2-3 мл еріткіште ерітіп (1% лидокаин еріт.) тәулігіне 1-2 рет б/е енгізіледі.
Цефалоспориндердің IV буыны: цефепим ( максипим ), цефпиром (кейтен), цефметзол- ұлпаларға тез сіңіп, - лактамаз әсеріне тұрақты. Әсер ету спектрі: грамм(+), грамм(-) микроорганимзерге белсенділігі бірдей, анаэробтарға қарсы белсенділігі жоғары, көкіріңді таяқшаларға әсер етіп, бактероидтарға әсер етпейді. Қолдану көрсеткіштері: сепсис, әр түрлі ауыр госпитальды және аралас инфекцияларда. Жанама әсері: барлық цефалоспориндер аллергиялық реаякциялар( пенициллиндермен қиыспалы сенсизбилизация ( сезімталдықтың артуы) тудыруы мүмкін), бүйрек қызметінің бұзылуы, дисбактериоз, суперинфекция , әшке қабылдағанда - деспепсия жергілікті тітіркендіргіш әсер ( инфильтрат, флебит) тетурам тәрізді әсерлер байқалуы мүмін . Қарсы көрсеткіштері: осы топтығ кез-келген препараттарна аллергия болуы мүмкін , бүйрек,бауыр ауруларында ,жүктілік кезінде абайлап қолдану қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   200




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет