Фармакология


Туберкулезге қарсы дәрілер



бет69/200
Дата10.05.2023
өлшемі1.76 Mb.
#473482
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   200
Фармакология

3. Туберкулезге қарсы дәрілер.
Қазақстанда туберкулез әлеуметтік тұрмыстық жағдайға байланысты негізгі орын алады. Сондықтан туберкулезге қарсы препараттар өзінің мәнін жоғалтпады және олардың номенклатурасы әр жылы жаңа препараттармен толықтырылда.Қазіргі таңда ғалымдардың негізгі мақсаты белсенділігі жоғары ,улылыгы мен жанама әсері төмен препараттарды іздестіру болып табылады.Маңыздысы болып микробактерияға тұрақтылық баяу пайда болуы болып саналады.Мұндай препараттар медициналық тәжірибиеде бағасы төмен болуы қажет,себебі олармен емдеу мерзімі ұзақ болып келеді.Туберкулезді дәрілерді кешенді емдеуде негізгі орынды химиотерапевтикалық дәрілер алады. Туберкулезге қарсы дәрілер антимикробты спектрі бойынша айтарлықтай ерекшеленеді,Туберкулез химотерапиясының ұзақтығы (12-16 ай одан да көп) ескере отырып ,қоздырғышқа тұрақтылық мәселесіне үлкен мән беріледі.Негізінен кейбіреулеріне (рифампицин,стрептомецин) ол тез, басқаларға салыстырмалы баяу (натрий парааминносамицилаты)пайда болады.


Туберкулезге қарсы дәрілердің жіктелуі:
Негізгі препараттары (І -топ):изониазид , рифампицин , пиразинамид ,этамбутол ,стрептомицин- әсері жоғары, жеңіл қабылданады, бірақ туберкулез микобактериясына тұрақтылық тез пайда болады.
Қосымша препараттары (ІІтоп): этионамид, протионамид, канамицин, циклосерин, натрий пара -аминасалицилаты(ПАСҚ,аминацин),тиоацеазон- белсенділігі төмен ,улылығы жоғары ,микробактериялардың негігі препараттарға тұрақты болғанда немесе оларды қабылдай алмаған жағдайда қолданылады.Тұрақтылық даму жылдамдығы төмендету үшін 2-3 препараттарды қиыстырады.Емдеу барысында бірден бірқатар туберкулезге қарсы дәрілерді қолданудың мағынасында берілген нақастың белгілі препараттарға сезімталдығын белгісіз болуы және бірнеше аптадан кейін анықталу мүмкіндігі жатыр.Сонымен ем неғұлым ерте басталса соғұрлым жақсы ем жүреді, сондықтан химиотерапияны бактериологиялық зерттеулердің нәтежиелерін күтпей бастайды.
Изониазид(изоникотин қышқылының гидразиді(ГИНҚ),тубазид)-тек туберкулез микобактериясына әсер ететін синтетикалық препараттар ,туберкулезге қарсы дәрілердің ішінде әсері жоғары болып табылады.Әсер ету механизмі:ауыр металл иондармен хеалтты кешен түзіп , микробактерияның тынысын тежейді.Жасуша жаныда және жасуша ішінде орналасқан микробактерияларға бактериостатикалқ немесе бактерицидті әсер көрсетеді.ФІЖ-да жақсы сіңіріліп , ағзаның барлық ұлпаларына өтеді ,сонымен қатар гематоэнцефальді кедергіден өтіп ,қандағы терапевті концентрациясы 6 сағаттан 24 сағатқа дейін сақталады,Изониазид туберкулезді барлық түрінде сонымен бірге алдын алу үшін де қолданылады.
Жанама әсері:нейтротоксикалқ(шеткерлік нервиттер –алдын алу үшін В6 тағайындалады),бас ауру , бас айналу, журек тұсының ауыруы, лоқсу, құсу, терінің аллергиялық реакциялары, ұйқысыздық,дәрілік гепетит ,ерлерде гинекомастия,ал әйелдерде меноррагия бақалады.Қолдануга қарсы көрсеткіштері:эпилепсия және тырысу ұстамасына бейімділік ,брын полиомиелитпен ауырған жағдай,бауырмен бүйрек қызыметінің бұзылуы,айқын атеросклероз ,ал флебитте к/т енгізуге болмайды.

Isoniazidum – изнониазид (Б): 0,1; 0,2 және 0,3 таб. – тамақтан кейін; 10% 5 мл. еріт. амп. Шығарылып, б/е, к/т, ингаляциялық, каверноз ішіне енгізіледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   200




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет