Фармакология


Acidum nalidixum-налидикс қышқылы



бет68/200
Дата10.05.2023
өлшемі1.76 Mb.
#473482
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   200
Фармакология

Acidum nalidixum-налидикс қышқылы (Б):0,5таб.және капсула шығарылып,1-2 таблетка тәлігіне 3-4рет белгіленеді.
Ескерту:Хинолондарды нитрофурандармен(антагонист)антидциттермен ,темір препаратымен (хинолондардың сіңірілуін төмендетеді)бірге қолдануға болмайды.
Хинолондардың ІІІ буыны (фторохинолдардан). Пефлоксацин (абактал,пефлацин) офлаксацин(таривид), норфлоксацин (нолицин,нарбактин), ципрофлоксцин (сифлокс, цифран, ципролет, ципробай), ломефлоксацин (максаквин), спарфлоксацин (загам), флероксацин (хинодис). Әсер ету механизмі: бактериялардың ДНК гидразасын тежеп,одан ДНК қызыметі мен қызыметінің құрылысы бұзылып, ақуыз синтезін тежейді. Бактерицидті әсер көрсетеді.Постантибиотикалық әсері(5-11сағ)бар,Әсер ету спектрі өте кең:аэробты грамм (-) микроорганизмдерге белсенділік танытып,грамм (+) және жасуша ішілік қоздырғыштарға әсері әлсіз ,анаэробты бактерияларға белсенділігі төмен .Спарфлоксоцин туберкулкз микробактериясы мен лепраға, грамм(+) кокктага әсер етеді.Спарфлоксацин мен флеросацининнің хламидий мен микоплпзмаға әсері жоғары.Фторохинолдарға: сұр тропонема, саңырауқұлақтар, вирустар, қарапайымдылар метициллинрезистентті стафилаккоктар тұрақты болып келеді.Фторхинолдарға екіншілік резистенттік баяу дамиды .Қолданылуы:Фторхинолдар-резервті микробқа қарсы дәрілер,олардың белсенділігі жоғары кең спектрі антибиотиктердің парентеральді қолданылуында әсері болмаған жағдайда тағайындайды.Жеңіл инфекциялада қолданылмайды.Фторхинолдардың тыныс алу жолдарының инфекциялаында;құлақ , тамкқ, мұрын , өт пен несеп шығару жолдарының;іш қуысы мен кіші жамбас мүшелерінің;тері ,жұмсақ ұлпалар мен сүйектің ; гинекологиялық жұқпалы ауруларында минигитте;сепсис пен ауыр іріңді инфекцияладың асқынында қолдануға болмайды.Барлық фторохинолдар АІЖ жақсы сіңіріліп , ағза ұлпаларына және сұйықтықтарға жақсы таралады.Қандағы терепевті концентрациясы 12 сағ ал әсері ұзартылған препараттарында.спарфлоксацин, флероксоцин және руфлоксоцинде әсері 24 сағат. Жанама әсері:улылығы томен;диспепсияға, аллергияға , фотосенсибилизация,
Кейде бас ару , бас айналу,ұйқысыздық немесе ұйқының келмеуі, қан құрамының өзгеруі,бүйрек пен бауыр қызыметінің бұзылуы байқалуы мүмкін.Жүктілікте,емізулі әәйелдерге ,15жасқа дейінгі балаларға ,жоғары сезімталдықта және эпелепсияда (тырысу болуы мүкін) қолдануға болмайды.
Ciprofloxacinum-ципрофлоксацин(Б):0,25және0,5 таб. (шайнамай) тәулігіне 2 рет;0,2%50 және 100мл ерітіеді түрінде флаконда шығарылып ,тамшылатып тәулігіне 2 рет баяу;1%10мл ерітінді амп.-50мл 0,9%NaCl ерітінді немесе глюкозамен бірге-0,3%5мл еріт.флаконда –көз тамшысы түрінде шығарылады.
Ескерту:фторхинолдарды антадциттермен,сукральфаттармен ,темір препараттарымен (хинолдардың сіңірілуі төмендейді)бірге колданға болмайды.
г)Хиноксалин туындылары.Хиноксидин,диоксидин-бактерицидті әсері бар,әсер ету спектрі кең,сонымен катар көкіріңді таяқшаларға,протейге анаэробтарга т.б әсер етеді.Ауыр іріңді- қабыну процестерінде,өкпе фбсцесінде,іріңді плевритте сепсисте,терең қуысты жараларда т.б қолданылады.
Бұл препараттар өте улы және жанама әсері өте көп болғандықтан,стационар жағдайында ,дәрігердің қатаң қадағалауында тек ересектерге тағайындалады.
Жанама әсері:бас ауру,дене қызуының көтерілуі,диспепсия,аллергиялық реакциялар,бұлшық ет тырысулары т.б.Терогенді және эмбриотоксикалық әсеріне байланысты жүктілікте қолдануға болмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   200




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет