Фармакология



бет88/200
Дата10.05.2023
өлшемі1.76 Mb.
#473482
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   200
Фармакология

Mucilago seminum Lini-зығыр тұқымының шырышы (1:30)
« Алмагель» - Алмагель: асқазан мен ұлтабардың жарасында, гиперацидті гастритте және асқазан ауруларында қолданылады.170 мл флаконда суспензия түрінде шығарылады. «Алмагель А»- құрамында 0,1 анестезин бар.

4.Сіңіргіш дәрілер (сорбенттер)- шырышты қабықшаларды тітіркендірмейтін және суда ерімейтін, үлкен адсорбциялық беті бар, ұнтаұ тәрізді инертті заттар болып табылады.Олар өз бойына химиялық қосылыстарды сіңіріп, сезімтал жүйке ұштарын тітіркенуден қорғайды.


Белсендірілген көмір («карболен») диспепсияда, іш кебуде (метеоризмде), тамақпенғ алкалоидтармен және ауыр металл тұздарымен және т.с.с улануларда қолданылады. АІЖ-ның жарсында және асқазаннан қан кетуде қолдануға болмайды.
Carbo ativatus-белсендірілген көмір (активтелген көмір) ұнтақ түрінде; таб түрінде; уланғанда асқазанды шаю үшін -20,0-30,0.(10-15л су мен араластырып) суспензиясын,ал метеоризмде 1таб.күніне 2-3 рет белгіленеді.
Smecta – смекта: 3,0 пакетте; әртүрлі диареяларда (іш өтуі) қолданылады. Адсорбциялық (сіңіргіш) қасиетінен басқа ауырған жерді сездірмейтін және АIЖ-ның шырышты қабықшаларына қорғаныш қызмет көрсететін қасиеттері бар.
Полифепан- гранула және паста түрінде шығарылып, жұқпалы және жұқпалы емес диареяларда, метеоризмде (іш кебуі) және жалпы улануларда қолданылады.
Ақ балшық (каолин) пен тальк- сыртқа сеппе турінде тағайындалады.


5.Тітіркендіргіш дәрілер - жергілікті қолданғанда, тері және шырышты қабықшалардың афферентті жүйке ұштарын қоздырып, ішкі мүшелердің қанмен қамтамасыз етілуін жақсартады. Тітіркендіргіш дәрілер невралгияда, құяңда (радикулитте), артралгияда, құздамада (ревматизмде), миалгияда, жарықтарда, сіңір таралуда, спорттық жарақаттарда, қышыма дерматозда, сондай-ақ жоғарғы тыныс алу жолдарының қабыну ауруларында қолданылады. Оларды іріңді ауруларда, нейродерматитте, сулы экземада, псориазда зақымдалған теріге жағуға болмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   200




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет