Аnaprillinum - анаприлин (Б): 0,01 және 0,04 таб., 1-4 таб. тәулігіне 3-4 рет; 0,1% 1 және 5 мл еріт. амп. шығарылып, күре тамырға енгізіледі. Β1 - адренорецепторларды тежеу нәтижесінде, жүректің жиырылу күші мен жиілігін төмендетіп, жүрек бұлшық етінің қозуын, автоматизмі мен өткізгіштігін және жүрекке оттегінің қажеттілігін төмендетеді. Қолданылуы: стенокардия, тахиаритмия, инфаркттан кейінгі жағдай. Бүйректегі ренин синтезініңтежелуі мен жүректің минуттық көлемі төмендеуімен байланысты гипотензивті әсері байқалады. Жанама әсері: брадикардия, атриовентрикулярлы өткізгіштіктің қиындауы, жүрек жетіспеушілігі, гипотензия, β2-адренорецепторларды тежеу нәтижесімен байланысты бронх тонусының жоғарылауы (бронхспазм), ұйқы келуі, депрессия, аяқ-қол тамырларының түйілуі мен диспепсиялық жағдайлар байқалуы мүмкін. Брадикардияда, жүрек жеткіліксіздігінде, бронх демікпесінде, бронхспазмға бейімділікте, атриовентрикулярлы түйіннің еткізгіштігінің бұзылуында, қант диабетінде (анаприлин дәрілік гипогликемияны күшейтеді) және жүктілікте қолдануға болмайды.
Охprenololum - окспренолол (Б): 0,02 таб., 1-2 таб. тәулігіне 3 рет,
б) Кардиоселективті β-адреноблокаторлар β1-адренорецепторларды тежейді, бірақ бронх тонусына әлсіз әсер етеді. Әсері орташа (6-8сағ): талинолол (корданум), метопролол (беталок, спесикор); әсері узақ (24 сағ. дейін): атенолол (тенормин), бисопролол (конкор), ацебутолол (сектраль).
Таlinololum - талинолол (Б): 0,05 драже-1-2 дражеден тәулігіне 3 рет; 0,2% 5 мл еріт. амп. шығарылып, к/т (өте баяу) енгізіледі.
Atenololum - атенолол (Б): 0,025; 0,05; 0,1 таб.;1 таб. тәулігіне 1 рет тағайындалады.
Віsoprololum - бисопролол (Б): 0,005 таб.; 1 таб. тәулігіне 1 рет.
в) Ішкі симпатомиметикалық белсенділігі бар β- адреноблокаторлар жүрек соғуының жиілігіне айқын әсер етпей, жүректің қызметін жақсартады: окспреналол, альпренолол, пиндолол, бопиндолол, талинолол, ацебутолол.
Достарыңызбен бөлісу: |