Осtadinum - октадин (Б): 0,025 таб. түрінде шығарылады. Жанама әсері: ортостатикалық коллапс (препаратты қабылдап болған соң науқас
төсекте 2 сағат дем алуы керек), адинамия, брадикардия, жүрек айну, іш өту, мұрын бітелуі және сұйықтықтардың ұлпаларда ұсталуы мүмкін.
Препараттарды жедел ми қан айналысының бұзылуында, органикалық жүрек-қан тамыр ауруларының ауыр түрінде, бүйрек жеткіліксіздігінде, атеросклерозда, ал резерпинді - асқазан мен ұлтабардың жарасында, октадинді - феохромоцитомада қолдануға болмайды.
Дофаминергиялық дәрілер
Дофамин - а-тирозиннен түзетін биогенді амин болып табылады. Ол норадреналиннің серігі. Нейромедиатор ретінде ол ОЖЖ-нің қызметінде маңызды қызмет атқарады. Дофаминергиялық процеске әсер етуі, бірқатар нейротропты, соның ішінде психотропты препараттардың әсер ету механизмімен байланысты. Дофаминергиялық рецепторлардың әртүрлі подтиптері бар: Д1 және Д2, Д1-рецепторларының қызметі дофаминнің аденилатциклазаның белсенділігі мен циклді АМФ-тың түзілуіне қуаттандырғыш әсерімен байланысты. Д2-рецепторлар бул әсермен байланысты емес. Дофамин шок жағдайында (кардиогенді, травмалық, эндотоксикалық, операциядан кейінгі, гиповолемиялық т.б. шокта) қолданылады. Тек күре тамырға тамшылатып енгізеді. Әсері тез басталып 5-10 мин. кейін (енгізіп болғаннан соң) аяқталады.
Dophaminum - дофамин (Б); 0,5%; 4% 5 мл еріт. амп.; 125 мл немесе 400 мл 0,9% NaСІ, глюкоза ерітіндісімен араластырып, күре тамырға 2-3 сағат тамшылатып, 1-4 күн бойы енгізіледі.
Орталыққа әсер ететін тікелей дофаминомиметиктер - ОЖЖ-ң Д2 рецепторын қуаттандыратын.
Бромокриптин (парлодел) - гипоталамустың дофаминді рецепторларын қуаттандырып, гипофиздің алдыңғы бөлігінің гормонының әсіресе пролактин мен соматотропиннің синтезін тежейді. Лактацияны төмендету үшін, эндокринді ауруларында (акромегалия, Иценко-Кушинга), паркинсонизмде қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |