Тәбетке әсер ететін дәрілер
Тәбетке әсер ететін дәрілерді тәбетті қуаттандыратын және тәбетті төмендететін дәрілер деп бөлінеді.
Тәбет ашатын дәрілер. Тәбет төмендегенде тәбетті ашатын дәрілерді қолданады. Ащылар ащы дәмі анық байқалатын құрамынды белсенді заттары бар өсімдіктен алынған заттар. Бұлар дәм сезу рецепторларын қоздырып, ашығу орталы,ын рефлекторлы қоздырып, асқазан сөлінің бөлінуің күшейтеді, ас қорытуды жақсартып, тәбет ашады. Ащылар жусан шөбі мен жапырағының, үш жапырақты вахта сабағының, батбақты иір тамырсабағының, толғақшөптің, бақбақ тамырының, жолжелкен жапырағының құрамында болады. Ащыларды \тұнба, тұндырма, жиын\ астан 20-30 мин бұрын қабылдайды. Ащылар асқазан секрециясының жоғарлауынада, асқазан мен ұлтабар ойық жарасында және ревлюкс эзофагитте қолдануға болмайды. Ащыларды гипоацидті және анацидті гастритте, созылмалы атрофиялық гастритте және т.б тағайындайды. Ащы заттарға: бұрыш \қара,қызыл\, тұрып, желкен \хрен\, қыша жатады. Оларды тамақпенбірге қолданғанда тәбет ашатын қасиеті бар. Сонымен қатар зат алмасу процесін күшейтетін, тәбетті қуаттандыратын дәрілерге: витаминдер, анаболикалық стероидтар, карнитин және апилак жатады. Антигистаминді препарат ципрогептадин \апетиген, перитол\ орталыққа қуаттандырғыш әсер көрсететіндіктен, нейрогенді анорексияда, созылмалы ауруларда қолданылады.
Tinctura Absinthii- ащы жусан тұндырмасы: 25 мл флаконда шығарылады. Астан 20-30мин бұрын 10-20 тамшыдан қабылданады. Оның құрамында абситин гликозиді, сонымен бірге құрамында терпен мен камфора, изомерлі абсентолы менэфир майы бар.
Tinctura Amara – Ащы тұндырманың құрамы: толғақшөптен, үш жапырақты су перісі жапырағынан (60,0), иір тамырсабағынан, ащы жусан шөбінен (30,0), кориандр жемісінен (15,0) және 40% этил спиртінен (1л дейін) тұратын 25 мл флаконда шығарылады.
Тәбетті төмендететін дәрілер\анорексигенді дәрілер\. Алиментарлы семіздік зат алмасуы бұзылуына, сонымен қатар жүрек қан тамыр жүйесінің ауруларына және т.б алып келеді. Семіздікті емдеудің ең тиімді жолы тамағын тыю, яғни ашығу сезімін басу үшін кейде тәбет төмендететін дәрілер белгіленеді. Тәбетті төмендететін дәрілерге: фепранон, дезопимон, дексфенфлурамин, \изолипан, минифаж, фенфлурамин, пондимин\, мазидол \теронак, санорекс\ жатады. Әсер ету механизмі: гипоталамустағы тою орталығын қуаттандырып, тәбетті төмендетеді және ашығу сезімін төмендетеді. Қолданылуы: алиментарлы семіздікте, сонымен қатар гормонды бұзылыстардан болған семіздікте белгіленеді. Жанама әсері: ауыз қуысының құрғауы, іш қату немесе іш өту, артериялық қан қысымның көтерілуі, психиканы қуаттандырғыш әсеріне байланысты тітіркенулер және ұйқысыздық, ұзақ қолданғанда үйренгіштік дәріге тәуелділік байқалуы мүмкін.жүктілікте, артериялық гипертензияда, ми мен коронарлы қан айналымының бұзылуында, психикаалық ауруларда, гипертиреозда, эпилепсияда, психозда, бауыр мен бүйрек ауруларында қолдануға болмайды. Бұл дәрілерді глаукомада қолданылатын МАО ингибиторларымен бірге қолдануға болмайды.
Бірінші анорексигенді дәрі ретінде фенамин қолданған, бір жанама әсері айқын байқалғандықтан, қазіргі таңда оның аналогтары қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |