Фармакология


Azathioprinu - азатиоприн



бет198/204
Дата28.09.2023
өлшемі0.89 Mb.
#478971
1   ...   194   195   196   197   198   199   200   201   ...   204
Фармакология-emirsaba.org

Azathioprinu - азатиоприн (А): 0,05 таб. шығарылып 1-2 таб. тәулігіне 2-3 рет (қанның құрамын үнемі бақылап отырып, науқас дәрігердің бақылауында болуы қажет) белгіленеді.
2. Антибиотиктер: циклоспорин (сандиммун), такролимус (FK-506, програф)- мүшелердің ауыстырып қондырымында қолданылады(ішке және күре тамырға енгізіледі).
Циклоспорин нефро-және гепатотоксикалық әсер етеді, ал такролимус нефро -және нейротоксикалық әсер етіп, АҚ-ң және қандағы қанттың мөлшерін жоғарылатады.
3. Батриден - бүйректі ауыстырып қондырымында (глукокортикойдтармен, антибиотиктермен бірге) және созылмалы гломерулонефритте (0,1 таб.) қолданылады.
4. Глюкокортикоидтар - преднизолон, дексаметазон және т.б. Т-лимфоциттердің пролиферациясын және В- лимфоциттермен кооперациясын тежеп, иммуноглобулиндердің синтезін төмендетеді.
Сонымен қатар күшті қабынуға қарсы әсері бар. Аутоиммундық аурулардыа қолданылады.
5. Антилимфоцитарлы сары сулар: антилимфолин- Кr, АТГ- Фрезениус- құрамында иммунодепрессивті әсер ететін иммуноглобулині бар. Тек стационар жағыдайында антибиотиктермен және глюкокортикоидтармен бірге мүшелер мен ұлпалардың ауыстырып қондыруда қолданылады.
6. Коллагеноздардың базисті терапиясындағы препараттары: хингамин (делагил, хлорохин) және гидроксихлорохин (плаквенил)- малярияға қарсы препарат; алтын препараттары: кризанол (5% 2мл майлы суспензиясы ампулада шығарылып, аптасына 1рет б\е енгізіледі) ауранофин (0,003 таб) ; пеницилламин (куперенил)- "әлсіз иммунодепрессанттар", бұлар жасушалық және гуморальды иммунитетті төмендетіп, қабыну процесінің пролиферативті фазасымен төмендетеді. Әсері баяу басталып (10-12 аптадан соң) ұзаққа сақталады. Препаратты ұзақ қолданады (6ай), алтын препараттары мен пеницилламин улы болып келеді. Препараттарды көбінесе ревматоидты артритте қолданылады. Бұл препараттар қабыну процесінің жедел фазасында әсері тиімсіз.


13. Қатерлі ісікте қолданылатын дәрілер


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   194   195   196   197   198   199   200   201   ...   204




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет