Фармакология


Пентазоцин - артериялық қан қысымын жоғарылатып, тахикардия тудырады. Просидол



бет121/200
Дата08.01.2024
өлшемі433.7 Kb.
#488667
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   200
фармакология кітап

Пентазоцин - артериялық қан қысымын жоғарылатып, тахикардия тудырады. Просидол - морфиннен әлсіздеу, сфинктерге әсер етпейді. Ішек пен қуық қаңқа бүлшық еттерін босаңсытады. Трамадол - арапас әсерлі антибиотик болып табылады (апиынды + апиынды емес), апиынды рецепторлармен байланысып, жүйке синапсындағы серотонин мен норадреналинді тежейді. Тыныс алу және ас қорыту жүйелеріне әлсіз әсер етеді, дәріге тәуелділік аздап тудырады. Әсері 3-5 сағ. созылады. Орташа, күшті, созылмалы және жедел ауырсынуларда тиімді.
Улану. Наркотикапық анальгетиктермен жедел уланғанда есінен тану, тыныс алудың тежелуі, дене қызуының темендеуі, миоз, ал балаларда тырысулар (тыныс алу мүшелерінің салдануынан өлімге алып келуі мүмкін) байқапады. Жедел жәрдем; асқазанды шаю (морфинмен уланғанда - 0,05% калий перманганатымен немесе белсендірілген кемірдің суспензиясымен бірнеше қайтара шаю), ішке белсендірілген көмір, түзды іш айдағыш дәрілер, күре тамырға наркотикалық анальгетиктердің антогонисті налоксон енгізу қажет (налтрексон ішке әсері 1-2 сағ. кейін байқалып, 24-48 сағ. созылады. Олар апиынды нашақорлықты емдеу үшін қолданылады); оттегімен емдеу, екпеге жасанды дем беру; анапептиктер; атропин; форсирленген диурез; науқастың денесін жылытып; тілдің кетуін алдын алу қажет.
Могрһini hydrochloridum - морфин гидрохлориді (А) 0,01 таб.- 1 таб. тәулігіне 2-3 рет; 1% - 1 мл еріт. амп. (шприц-тюбикте) - т/а енгізіледі. Морфиннің анальгетикалық әсерінің үзақтығы 3-5 сағ. созылады.
Оmnoponum - омнопон (А): 1% және 2% еріт. амп. шығарылып, 1 мл т/а енгізіледі.
Ргоmedolum- промедол (А): 0,025 таб.; 1% және 2% еріт. амп. шығарылып, 1 мл-ден т/а, б/е, к/т.
Рһеntanylum-фентанил (А): 0,005% 2 және 5 мл еріт. амп. шығарылып, б/е және к/т енгізіледі.
Реntazocinum- пентазоцин (А): 0,05 таб; 3% - 1 мл еріт. амп. шығарылып, т/а, б/е, к/т енгізіледі.
Butorfanolum-буторфанол (А): 0,2% 2 мл еріт. амп. шығарылып, б/е және к/т енгізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   200




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет