Фармакология


Пара-аминофенол туындысы: парацетамол



бет124/200
Дата08.01.2024
өлшемі433.7 Kb.
#488667
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   200
фармакология кітап

3. Пара-аминофенол туындысы: парацетамол (панадол, ацетаминофен, эффералган, тайленол, калпол, цефекон Д (супп.)) - анальгетикалық және ыстықты түсіретін қасиеті бар, ал қабынуға қарсы әсері мүлдем жоқ. Жанама әсері: Нефро- және гепатотоксикалық әсер, қан жүйесінің бүзылуы, аллергиялық реакциялар байқалады. Салицилаттарды, әсіресе парацетамолды үзақ уақыт қабылдаған (көп мөлшерде) балаларда Рейе синдромы: улы энцефалопатия, бауыр, ми және бүйрек дистрофиясы байқалып, өлімге алып келуі мүмкін.
Рагасеіетоіит - парацетамол (Б); 0,2 және 0,5 таб; 0,25 және 0,5 супп. шығарылады. Келесі препараттардың қүрамына кіреді: “Солпадеин” таб. (парацетамол + кодеин + кофеин); “Дарвал” таб; “Панадол-экстра” (парацетамол+кофеин); “Цитрамон П” (аспирин+ парацетамол+кофеин) “Колдрекс”, “Фервекс”, “Тера-Флю”, “Ибуклин”, “Ринза”, “Но-шпалгин” (парацетамол + но-шпа + кодеин) және т.б.
б) Стероидты емес қабынуға қарсы дәрілер (ауырсынуды басатын және ыстықты түсіретін қасиеті сақталынған, ал қабынуға қарсы әсері басымырақ).
Ревматизмде, ревматоидты артритте, полиартритте және миокардитте, радикулитте; Бехтерев ауруында; артрозда; невралгияда; миозитте; флебитте; подаграда қрлданылады.
1.Салицил қышқылының туындысы: аспирин, катрий салицилаты; метилсалицилат - артритте, миозитте сыртқа қолданылатын линимент және жағылма қүрамына кіретін сүйықтық.
2. Пиразолон туындысы: антипирин, амидопирин, анальгин; бутадион (фенилбутазол) - басқа топ препараттарынан айырмашылығы
қабынуға қарсы әсері басым және әсері үзақтығымен ерекшеленеді.
Бутадион улы: диспепсия, АІЖ-ның шырышты қабықшасын зақымдайды, лейкопения және агронулоцитоз, ісіну, аллергиялық реакциялар тудырып, бауыр қызметін бүзады.
Вutadionum - бутадион (Б): 0,15таб.-1 таб. тәулігіне 3-4 реттамақпен бірге немесе тамақтан кейін, 5% - 20,0 жағылмасы бар. Амидопиринмен бірге “Реопирин” (амидопирин+бутадион), “Амбене” (дексаметазон + бутадион + лидокаин + натрий салициламид), “Пирабутол” препаратының қүрамына кіреді, таб. және амп. түрінде 5 мл к/т енгізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   200




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет