Фармакология



бет168/200
Дата08.01.2024
өлшемі433.7 Kb.
#488667
1   ...   164   165   166   167   168   169   170   171   ...   200
фармакология кітап

3.гастропротекторлар. бұл препараттар асқазанның шырышты қабықшасын химиялық және физикалық факторлардан,яғни оған тигізетін зақымдаулардан қорғап, кемістігін жазкға жағдай жасайды. Олар: висмут препараттары; Де-нол(коллоидты висмут субцитраты), антацидті және бүркеуіш әсер көрсетеді. Шырышты қабатты тітіркенуден сақтау үшін, зақымдалған жара бетінде төзімді албуминаттар түзіп, HELICOBACTER pylori қоздырғышына бактерецидті әсер көрсетеді. 0.12 таб кунине 4рет тамактан 30мин бұрын және ұйықтар алдында, ойық жара ауруларын кешенді емдеу үшін 4-8 апта бойына белгіленеді.
Алюминий сукральфаты (Вентер таб) цитопротекторлық әсері бар.
Простагландиндер: мизопростол (цитотек, сайтотек) - простагландин Е1-н синтетикалык аналогы, стероидты емес кабынуга карсы дарилердин ульцерогенді әсерін алдын алу үшін тиімді.
Карбеноксолон (биогастрон, дуогастрон)- ми тамырының препараты, қабынуға қарсы және минералокортикоидты белсенділігі бар. Асқазан шырышының зақымдаушы фактьорларға тұтқырлығын жоғарлатып және оның қорғаныш қызметін күшейтеді, шырышты қабатты қанмен қамтамасыз етілуін күшейтіп, көбінесе дәрілік заттардың әсерінен пайда болған ойық жараларды емдеу мақсатында қолданылады.

  1. Репаранттар бұл препараттар асқазан мен ұлтабар жараларының жазылу барысын күшейтіп, регенерацияны қуаттандырады. (тек гастроэнтерологияда емес сонымен катар медицинанын барлык салаларында қолданылады.): анаболитикалық стероидтар (феноболин, ретоболил) және метоболикалық процесті қуатттандыратын дәрілер (метиурация, пентоксил, калий оротаты, АТФ препараттары, этаден): биогенді күшейткіш препараттары (солкосерил, алоэ сығындысы, калонхоэ шырыны, апилак, прополис және т.б); шырғанақ (облепиха) пен раушан (шиповник) майлары, гастрофарм және т.б жатады.



4.Ұйқы безі қызметі бұзылуында қолданылытын дәрілер
Созылмалы панкреатитте ұйқы безі секрециясының жеткіліксіздігі байқалады. Бұндай жағдайда құрамында кешенді ас қорыту жолының ферменттері бар: протеаза, амилаза, липаза және әртүрлі қоспалар: өт компоненттері, гемицеллюлоза, пепсин, аминқышқылы және т.б орынбасушы терапиядағы дәрілер қолданылады.
Жоғары ферментті белсенділігі бар препараттар: панкреатин (трипсин+амилаза), солизим ж\е нигедаза (курамында тек липаза бар), Мезим-форте, Трифермент, Панзинорм-форте, Дигестал, Энзистал, Фестал(протеаза+липаза+амилаза бар), Креон, Ликреаза, Панцитрат. Осы препараттар ақуыздардың, майлардың, көмірсулардың қорытылуын жеңілдетіп,аш ішекте неғұрлым толық сіңіріліуін жақсартады. Сонымен қатар ұйқы безін, асқазан, аш ішектіңн өз ферменттерінің, сондайақ өттін бөләнуән күшейтеді. Дражелерді тамақпен бірге, бұрын,кейін, шайнамай қабылдау қажет. Жіті панкреатитте қолдануға болмайды. Емдеу ұзақтығы бірнеше күннен бірнеше айға дейін және жылға созылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   164   165   166   167   168   169   170   171   ...   200




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет