Фармакология


Михаил Давыдович Машковский



бет7/200
Дата08.01.2024
өлшемі433.7 Kb.
#488667
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   200
фармакология кітап

Михаил Давыдович Машковский Ресейдің атақты фармакологы, 1954 ж. дәрігерлердің және провизорлардың қолдан үзбейтін «Лекарственные средства» атты кітабы жарық көріп, 14 рет жаңарып, қайта басылып шығарылған. Академиктің 500-ден астам ғылыми жұмыстары жарияланған. Оның басшылығымен МФ ІХ және Х басылымдары дайындалған.
1990 ж. Қазақстан Республикасында нарықтық экономикаға кіру бағдарламасы ұсынылды. 1990 ж. Қазақстан аймағында 1763 дәріханалар, 5494 дәріханалық бекеттер, 1402 дәріханалық киоскілер, 21 дәріханалық қоймалар, 14 фармацевтикалық өндірістер қызмет атқарған.


ХХ-ХХІ ғасырдағы Қазақстандағы фармация саласының дамуына елеулі үлес қосқан ғалымдар.


Салкен Хасенұлы Субханбердин. 1938 ж. Алматы облыстық дәріхана басқаруында (АУ) басшылық қызмет атқарып, Ұлы Отан Соғысы жылдарында орасан еңбек еткен. 74 ғылыми еңбектердің, 14 дәрілік заттар туралы брошуралық монографиялардың авторы. Газет, журналдарда 300-ден астам медициналық және фармакологиялық тақырыптарда мақалалары жарияланған;
Галина Иогановна Самарина. Фармаколог, медицина ғылымдарының докторы (1972 ж.), профессор (1974ж.), Ұлы Отан Соғысының ардагері, АММИ фармакология кафедрасын 26 жыл бойы басқарған. 90-ға жуық еңбектің, 1 авторлық куәліктің авторы;
Есболған Тегісбайұлы Тегісбаев. Фармация ғылымдарының кандидаты (1967 ж.), доцент, ОҚММА-ң құрметті профессоры. 95-ке жуық ғылыми еңбектердің және т.с.с. оқулықтардың авторы;
Танагүл Әкімбайқызы Арыстанова. ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, фармация ғылымының докторы, профессор, ОҚММА фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедрасының меңгерушісі. Т.Ә. Арыстанова – фармация ғылымының дамуына үлкен үлес қосқан белгілі ғалым. Оның ғылыми бағыты – Отандық өсімдік шикізатынан дәрілік препараттар дайындау. 300-ден астам еңбектері жарыққа шыққан, оның ішінде соңғы 5 жылда 174 еңбегі бар, олардың 70-і шетелдік баспаларда (Америка, Финляндия, Тайланд, Ресей, Украина, Туркия, Тәжікстан, Өзбекстан және т.с.с.) шыққан, 2 монографиясы, 8 әдебиеттік шолу еңбектері бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   200




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет