Фармакология


Намазбай Жаппарұлы Орманов



бет8/200
Дата08.01.2024
өлшемі433.7 Kb.
#488667
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   200
фармакология кітап

Намазбай Жаппарұлы Орманов. Медицина ғылымдарының докторы (1992 ж.), профессор (1994 ж.), ҚР ҰҒА-ның корреспондент-мүшесі, ҚР денсаулық сақтау үздігі (1996 ж.) атағын алған. 164 ғылыми еңбектердің, 8 оқу құралдарының, 20 әдістемелік нұсқаулардың, 10 авторлық куәліктің авторы.
Ильяс Райханұлы Құлмағамбетов. Реаниматолог, клиникалық фармаколог, медицина ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА корреспондент –мүшесі, 120 ғылыми еңбектердің, 6 монографиялардың, 1 оқу құралының (2 томда) және т.с.с. оқулықтарының авторы. Оның басқаруымен Қазақстанда клиникалық фармакология кафедрасы (1991 ж.) ашылған. 1994 ж. Қазақстанда дәрілік заттардың Мемлекеттік реестрінің бірінші шығарылуын дайындаған. 1997 ж. Қазақстанда «Фармакология», «Клиникалық фармакология» мамандығы бойынша 1-ші рет 22.05.1998 ж. №286 аумақтың докторлық диссертациялық бұйрығы күшіне енді.
Марат Нүкенұлы Мусин. Фармаколог, медицина ғылымдарының докторы (1993ж), профессор (1995ж), 80-ге жуық еңбектің, 2 курс лекциялардың, 2 әдістемелік нұсқаулардың және т.с.с. оқулықтардың авторы.
ІІ. ЖАЛПЫ РЕЦЕПТУРА

А. ЖАЛПЫ РЕЦЕПТУРАҒА КІРІСПЕ





  1. Дәрілік түр, дәрі-дәрмек, дәрілік зат

Жалпы рецептура – дәрілердің рецепте жазылу ережелері мен дайындалу және қабылдау тәсілдерін оқытатын дәрі тану ғылымының бір бөлімі.
Дәрілік түр – қажетті емдеу немесе алдын алу үшін дәріні қолдануға ыңғайлы етіп беретін түрді айтады. Консистенциясына қарай: қатты, жұмсақ, сұйық деп ажыратылады.
Дәрі-дәрмек – фармакологиялық комитеттің рұқсатымен әртүрлі аурулар мен патологиялық жағдайларды емдеу және алдын алу үшін қолданылатын бір немесе бірнеше дәрілік заттардың қоспасы.
Дәрілік зат – дәрі-дәрмек ретінде қолданылатын жекелеген химиялық қосылыс.
Дәрілік шикізат - өсімдіктерден, жануарлардан, микробтардан немесе минералдардан алынған дәрілік зат.


2. Мемлекеттік фармакопея
Дәрілердің қауіпсіздігі мен сапасы мемлекеттік стандарттар мен ережелердің арнайы жиынтығы болып табылатын заңды күші бар Мемлекеттік фармакопеямен (МФ) реттелінеді. Қазіргі фармакопеяның басылымдары МФ Х және МФ ХІ (1 және 2 том). Фармакопеяда дәрілік заттар мен препараттардың физикалық және химиялық қасиеттері, өзі екендігін анықтайтын физико-химиялық, химиялық, фармакологиялық және биологиялық әдістер, ересектер мен балалар үшін улы («А» тізімі) және күшті


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   200




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет