Фармакология


Антихолинэстеразды дәрілер



бет92/200
Дата08.01.2024
өлшемі433.7 Kb.
#488667
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   200
фармакология кітап

3. Антихолинэстеразды дәрілер эндогенді ацетилхолинның жиналуына алып келетін, ацетилхолинэстераза ферментінің белсенділігін тежейді, нәтижесінде ағза мен ұлпаға оның әсері күшейіп, ұзарады. Антихолинэстеразалык, дәрілерді таңдау олардың белсенділігімен, ұлпаны тосқауылдау арқылы өту қабілетімен, әсерінің ұзақтығымен, тітіркендіргіш әсері және улылығымен анықталады. Антихолинэстеразды дәрілерді миастенияда және бұлшық ет дистрофиясында (жүйке-бұлшық ет өткізгіштігін жақсартады); салдануда, невритте; менингиттен, полиомиелиттен, энцефалиттен кейін; ішек пен қуык, атониясында; толғақтың әлсіздігінде; глаукомада қолданады. Эпилепсияда, гиперкинезде, бронх демікпесінде, стенокардияда, атеросклероз және жүктілікте қолдануға болмайды.
а) әсері қайтымды препараттары: физостигмин, галантамин (нивалин), прозерин (неостигмин), придостигмин(калимин,местинон),оксазил – орташа әсерлі;дистигмин (убретид)-әсері ұзақ.
б) әсері қайтымсыз препараттары:армин,ФОҚ. Әсері өте ұзақ.
Үшіншілік аминдер:физостигмин,галантамин-гематоэнцефальды кедергіден жеңіл өтетін болғандықтан,полиомиелиттен кейінгі жағдайды емдеу үшін қолданылады. Глаукома кезінде прозерин, физостигмин, фосфакол тағайындалады. Жергілікті әсер үшін (миастенияда, ішек пен қуық атониясында, полиомилеттен кейін, антидеполяризациялық кураре тәрізді дәрігерлердің антагонитері ретінде) әдетте салыстырмалы улылығы аз дәрілерді – прозерин,галантамин,сирек жағдайда физостигминді таңдайды.
Proserinum-прозерин (А):0,015 таб.-30 минут тамақтан алдын;0,05% 1 мл еріт.амп.,1мл тәулігіне 1-2 рет т/а енгізіледі.
Galanthamini hydrobromidum – галантамин гидробромиді (А): 0,02таб.; 0,5%, 1% және 1,5% 1мл 1-2рет т/а енгізіледі.
ФОҚ (фосфорорганикалық қосылыстар) - әсері қайтымсыз, өте
белсенді және улы болып келеді. Табун, зарин, заман - химиялық төнгіш
заттарға жатса, ал дихлофос және т.б. инсектицид ретінде қолданылады.
Антихолинэстераздық дәрілермен улану мүмкіндігі бар. Ол негізінен ағзада
ацетилхолиннің жоғары концентрациясынын жиналуымен, сонымен бірге
холинорецепторларды тікелей қоздырумен байланысты, әсіресе ФОҚ уланғанда ағзаға қауіп тудыруы мүмкін. Улану белгілері: тыныс алудың қиындауы, брадикардия, АҚ төмендеуі, сілекейдің ағуы, терлеу, қүсу, іш ету, тырысулар, миозжәне аккомодацияның бүзылуы байқалады. Жәрдем: шұғыл түрде атропинді енгізіп, жасанды дем беру қажет (тыныс алу тоқтағанда), асқазанды шайып, симтоматикалық ем (жүрек-қан тамыр жүйесіне әсер ететін дәрілер, тырысуға қарсы дәрілер және т.б.) жүргізіп, холинэстеразды реактиваторлар (дипироксим, изонитрозин) енгізу қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   200




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет