Фармакология


Д ә р і л і к п р е п а р а т т а р ы



бет90/200
Дата08.01.2024
өлшемі433.7 Kb.
#488667
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   200
фармакология кітап

Д ә р і л і к п р е п а р а т т а р ы





Новокаин, лидокаин, тримекаин, бупивакаи, артикаин, прилокаин

Танин, висмуттын негізгі нитраты, ксероформ, ашу тас, емен қабығының қайнатпасы

Ментол,аммиак, ерітіндісі,қыша қағазы
<<Финалгон>> <<Бом- бенге>>

Белсендірілген көмір, смекта, тальк

Крахмал шырышты <<Алмагель >>


Б. Эфферентті иннервацияға әсер еретін дәрілер
Эфферентті иннервация вегетативті жүйкелерден (ішкі мүшелерді, қан тамырларды, бездерді қамтамасыз етеді) және қанқа бұлшық еттерінің қозғалтқыш жүйелерінен тұрады. Вегетативті жүйке жүйесі симпатикалық және парасимпатикалық бөлімдерден тұрады. Симпатикалық ганглийлер мүшеден тыс, ал парасимпатикалық ганглийларда мүшелерде орналасқан.Преганглионарлы және постганглионарлы талшықтар деп ажыратылады. Жүйке талшықтарының мүшелердің жасушаларымен түйскен жерін синапс (түйіспе) деп атаймыз. Синапс пен ганглийларда қозу арнайы химиялық зат- медиатор (дәнекер) арқылы өтеді. Холинергиялық синапстың, сондай-ақ симпатикалық және парасимпатикалық ганглийлердің медиаторы ацетилхолин болып табылады. Холинергиялық синапста қозудың берілуі ацетилхолин медиаторы арқылы жүзеге асырылады. Ацетилхолин холинергиялық нейрондар ұштарының цитоплазмасында синтезделінеді. Ол холинацетилазаның цитоплазмалық энзимінің қатынасында холин және ацетилкоэнзим-А-дан пайда болады. Ацетилкоэнзим синапстық көпіршіктерде жинақталады. Ал адренергиялық синапстың медиаторы-норадреналин болып табылады.Ацетилхолинге сезімтал рецепторды холинорецептор, ал норадреналинге сезімтал рецепторларды адренорецептор деп атаймыз. Осы рецепторларды қуаттандыратын препараттарды миметиктер, ал тежейтін препараттарды блокаторлар деп атаймыз. Холинорецепторлардың екі түрі бар: М-холинорецепторлар (мускаринге сезімтал) олар парасимпатикалық жүйке талшықтарының ганглий кейінгі жүйке ұштарында және ОЖЖ-де орналасқан; Н-холинорецепторлар (никотинге сезімтал), олар симпатикалық және парасимпатикалық ганглийлерде, синокаротид аймақта, бүйрек үсті безінің хромаффинді жасушаларында, қанқа бұлшық еттерінің жасушаларында және ОЖЖ-де орналасқан. Холинергиялық синапста қозу келесі жолмен өтеді: жүйке импульсы ОЖЖ-нен холинергиялық жүйке талшықтардың ұштарына жетіп,синапстық саңылауға ацетилхолин бөлініп,постсинапстық мембрананың рецепторларымен байланысып,ол ағза қызметінің өзгеруіне алып келеді,ацетилхолинэстераза ферментінің әсерінен бұзылып,жүйке ұштарына біртіндеп жиналады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   200




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет