Фармакология



бет18/200
Дата08.01.2024
өлшемі433.7 Kb.
#488667
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   200
фармакология кітап

Рецепт үлгісі
Официнальды цинк жағылмасының (Unguentum Zinci) 20,0 жазыңыз. Терінің зақымдалған аймағына жағу үшін.
Rp.: Unguenti Zinci 20,0
D.S.Терінің зақымдалған аймағына жағу үшін.
Жазылымның толық түрінде әсер етуші барлық ингредиенттердің (дәрілік заттың) аты, жағылма негізі мен оның мөлшері көрсетіліп, рецепт M.f unguentum (Misce ut fiat unguentum –жағылма түзілгенше араластыр) және D.S. сөзі көрсетіледі.
Рецепт үлгісі
1. Құрамында 20% сульфацил-натрий (Sulfacylum-natrium) бар, ланолин мен вазелиндегі (1:9) жағылманың 5,0 жазыңыз. Қабақ астына күніне 3 рет белгілеу үшін.
Rp.: Sulfacyli – natrii 1,0
Lanolini 0,4
Vaselini ad 5,0
M.f. unguentum
D.S. Қабақ астына күніне 3 рет
2. Құрамында 750 000 ӘБ микогептиннің (Mycoheptinum) 1,0 бар, жағылмасының 50,0 жазыңыз. Терінің зақымдалған аймағына жағу үшін.
Rp.: Mycoheptini 750000 ӘБ
Vaselini ad 50,0
M.f. unguentum
D.S.Терінің зақымдалған аймағына жағу үшін.


Пасталар-Pastae
(Паста- Nom.sing.Pasta; Gen.sing.Pastae)
Пасталар – құрамында 25%-65% ұнтақ тәрізді заттары бар жағылмалардың бір түрі. Пасталар қою және тұтқыр болып келеді, жағылмаларға қарағанда тері бетінде ұзақ сақталынады. Егер құрамында ұнтақ тәрізді заттың мөлшері 25%-тен кем болса, онда индиферентті ұнтақтар, яғни толықтырғыштар мырыш оксиді (Zinci oxydum), крахмал (Amylum), тальк (Talcum) қосылады.
Пасталар мөлшерге бөлінбеген дәрілік түр. Сондықтан олардың жалпы мөлшері жазылады. Магистральды пасталар барлық ингредиенттері мен мөлшері көрсетіліп, жазылымның толық түрінде жазылады. Рецепт M.f.pasta (Misce ut fiat pasta. – Паста түзілгенше араластыр) сөзімен аяқталып, сигнатурасы көрсетіледі.
Рецепт үлгісі
Құрамында 20% йодоформ (Iodoformium) бар вазелин (Vaselinum) пастасының 50,0 жазыңыз. Терінің зақымдалған жағу үшін белгілеңіз.
Rp.: lodoformii 10,0
Amyli
Zinci oxydi āā 5,0
Vaselini ad 50,0
M.f.pasta
D.S.Терінің зақымдалған жеріне жағу үшін.
Кейбір пасталар фармацевтикалық өндірістерде дайындалады. Бұл пасталар рецепте қысқартылған түрінде жазылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   200




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет