Фаст-фудтың адам ағзасына зияны



Дата21.06.2016
өлшемі56 Kb.
#151462
С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медициналық Университетінің стоматология мамандығының 1 курс студенттері Сейталиева А.Г., Райымбекова Г.Б. Ғылыми жетекшісі: Саржанқызы А.

ФАСТ-ФУДТЫҢ АДАМ АҒЗАСЫНА ЗИЯНЫ

Фаст-фуд (ағылш. fast food – жылдам тамақ) – шапшаң тамақтану тағамы. Формат заңы бойынша тамақты әзірлеу мен сатып алу арасындағы уақыт 10 минуттан аспауы керек. Әлеуметтік зерттеулер барысында қазақстандsқ балалардың 13 пайызы фаст-фуд өнімдерін күнделікті қолданатыны белгілі болды. Жедел дайындалатын тағам өнімдерін қолданушылар саны қалада 13,7 пайызды, ауылдық жерлерде 13,3 пайызды құрайды. Шамамен, республика бойынша күніне фаст-фудты кеміне бір реттен балалардың асына тұтынады.

Аталған шама әлеуметтік зерттеу арқылы шығарылған. Ол зерттеуді салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері Ұлттық орталығы жүргізді. Ал, энергетикалық сусындарды қала балаларының 25,5 пайызы, ауылдық жерлердің балалары 22,7 пайызы ішетіні белгілі болып отыр[1].

1920 жылдары ең бірінші фастфуд тағамы Америкада қолданысқа ие болды. 1921 жылы Канзаста White Castle атты компания ашылып, алғашқылардың бірі болып гамбургер дайындаған еді. Бұл компания келушілерді гамбургердің бағасының тұрақтылығымен жаулап алды, бірақ тағамның сапасымен құндылығы жөнінде компания басшысы Билли Инграма ойламады. 1940 жылдардың соңында White Castle компаниясының мықты бәсекелесі болып McDonald's компаниясы бой түзеді. Сол жылдан бастап McDonald's компаниясы алпауыт компаниялардың бірі болды.Тоқсаныншы жылдары гамбургер кедейлерге арналған зиянды тағам болып есептелінетін. Оны қала көшелерінде ғана үйсіз-күйсіз адамдарға сататын болған. Тек кейінірек бұл тағам ресторандарға жол тартты. Aмерикада әрбір 10 адамның тоғызы кем дегенде айына бір рет McDonald's ресторанына барады. Америкалықтар 1970 жылы фаст-фудқа 6 миллиард доллар жұмсайтын еді. Бұл көрсеткіш 2011 жылы 142 миллирд долларға өсті. Солтүстік Кореяда Кока-Кола мен Пепси-Кола сатылымда жоқтың қасы.Гамбургер туралы БАҚ-тарда алғаш рет 1894 жылы Los Angeles Times газетінде сөз болды.АҚШ-тың өзінде фастфуд сататын 300 мың ресторан жұмыс істейді. Ричард және Морис Макдональдтар өздерінің алғашқы ресторанын 1949 жылы Калифорния штатындағы Сан Бернардинода ашты. McDonald's Бразилиядағы халықты жұмыспен қамтып отырған ең үлкен компаниялардың бірі болып саналады. McDonald's ресторандары ашылар тұста желі иелері сатып алушылардың ресторанда ұзақ уақыт отыруын қаламағандықтан, бөлмеге ыңғайсыз орындықтар қойып, ойын-сауық автоматтарының болмауына барынша көңіл бөлген.Фри картофельдерінің көпшілік арасында кең етек жайғанығы соншалық, оның сатылымының көлемі шикі картоптардан да асып түсті. Мысалы, тек 2010 жылы американдықтар 3 миллион тонна фри картофелін жеді.Рональд Макдональд америкалық балалар арасында Санта Клаустан соң ең танымал тұлға болып есептелді. Фаст-фуд тағамдарының кең етек алуы америкалықтардың күрт семіруіне әкелді. Америка ауруларды бақылау орталығының есептеуінше, семіздіктен жылына 248 мың америкалық өледі екен[2].

Тез әзірленетін тамақ атаулының салдарынан қатерлі ісік, диабет, бауыр, бүйрек және қан тамырлары ауруларымен ауыратындардың саны едәуір артқан. Себебі, басқа ел ауруын тапқан тағамнан Қазақстан да қалыс қалған жоқ.Оның нақты бір организмдерді бүлдіріп қана қоймай, депрессияға да ұшырататынын біліп жатқандар аз.

Халық тек қана фаст фудты пайдаланып қана қоймай онымен бірге түрлі газдалған сусындар ішеді. Осылайша онсыз да қауіпті тағамдардың «құдіреті» артады. Бигмак, шаурма, сэндвич, чебурек, пицца, чипсы, қуырылған картоп өнімдері қазір кез келген көшеде ашылған.Фаст фуд өнімдерін әзірлеушілердің басты ұтатын тұсы ол – керемет жарнама, ауыздың суын алар суреттер. Қарап тұрып қалай шыдарсың, әсіресе студенттер жағы жеңіл әрі тез дайындалатын, әрі қарын тойдыратын тағамдарға құмар-ақ.Мамандардың пікірінше, барлығы да халықтың өзіндік ұстанымына байланысты. Расымен де, халық фаст фуд сататын орындарды демалыс орны деп санайды. Әрине, ол жерде той десе көркі қызатын қазақ ақшаны аямай жұмсап, газды сусыннан қымбат пиццаға дейінгі жылдам тағамдарды сатып алады. Ал,қымбатын алмаса,қазақтың арына сын.Біздің елімізде қазір Burger House, King Burger и MC Burger сияқты брендтер кеңінен тарады. Мамыр айында Burger King Corpпен Қазақстандық «Верный Капитал» инвестициялық компаниясы серіктестік орнатқан болатын. Енді «МсDonald’s» дәуренін Burger King Corp Қазақстан жерінде кешеді. Өйткені, қазір Қазақстанда сұраныс көп.Ұсақтарын қоспағанның өзінде қазір Қазақстандағы қоғамдық тамақтану орындарының саны 4000-нан асады.

Алматыда фаст фуд сататын нүктелер өте көп. Бірақ, брендтің барлығы шетелдікі. Біздегі фаст фуд өнімдерінің барлығы «стрит фуд». Себебі, қай аялдамаға барсаңыз да ол жерден күнге денесін қыздырып жатқан түрлі тамақ өнімдерін көреміз. Ал, Ресейдің кез келген көшесінде отандық бренд атауымен ашылған стритфуд орындары жеткілікті[3].

Оқушылардың тамақтану ауытқулары көкөністердің жетіспеушіліктері немесе қанттың көп болуы болып табылады. Ал ол өз кезегінде олардың есте сақтау қабілеттері мен зейіндеріне теріс әсер етеді. Дұрыс тамақтанбау тек қана денсаулыққа теріс әсер етіп қоймайды, сондай-ақ олардың оқу үлгерімдеріне де жағымсыз ықпалын береді. Сондықтан егер балалар оқып және жазып үйренсе, оларды дәл осылай нені және қанша жеу керектігін үйрету қажет.Фаст-фуд тағамдарынан гастрит, асқазанның және ішектің ойық жарасы, панкреатит, үлкен дәрет қиыншылықтары және осы іспеттес басқа да аурулар, тіпті онкологиялық аурулар пайда болуы мүмкін – сондай-ақ осының барлығы аталған тағамды көп жағдайда асығып жеуге байланысты. Жалпы бұл «жедел тағам» оны жүгіріп жеуге, дұрыс шайналмаған және үзіліссіз жеуге арналған. Бірақ нәтижесінде, асқазанға ұсақталмаған және сілекейленбеген бөліктер түседі. Нәтижесінде асқазан-ішек проблемалары басталады.«Жедел тағам» семіздікке алып келетіні баршаға мәлім, кей кезде ол теріге, шашқа және жалпы адаманың келбетіне, сынбатына теріс әсер етеді деп саналады.Өкінішке орай, гамбургерді, хот-догты, қурылған картоп пен пирожкилер зат алмасуды күрт бұзады. Сонымен қатар, бұл тағамның құрамында холестерин өте көп, ал дәрумендер мен ас талшықтары бар деуден гөрі жоққа жақын, ал ақуыз, май және көмірсулар арасындағы баланс тағамға қатысы жоқ сияқты. Аталғандардың нәтижесі тек қана келбетке зиянды емес, адамның ажарына да айтарлықтай зиян келтіреді: «фаст-фуд» өнімін пайдалану шаш жағдайына әсерін береді, яғни оның жылтыры кетеді, дәл осылай терігеде ықпал етеді. Фаст-фуд балаларға аса қауіпті екендігі рас. Балалар мен жасөспірімдер «хот-дог+кока-кола» тамақтарының негізгі табынушылары болып табылады. Дегенмен дәрігерлердің пікірінше, аталған тамақ түрі балаларды өлімге апарар жолдардың бірі, себебі ағза жаңа-жаңа қалыптасып жатыр және оның нәтижесі тікелей пайдаланылып жатқан ас мәзіріне байланысты. Балансталмаған фаст-фуд мәзірі семіздікке, эндокренді және иммунды жүйенің бұзылуына алып келеді, ал ол өз кезегінде бала ақыл-ойының және дене бітімінің дамуына септігін тигізеді[4].

Егер бала кішкентайынан осындай тағаммен тамақтандырылып, соған үйренсе, өсе келе бұл баланың тағами талғамы дұрыс емес қалыптасатындығы сөзсіз. Дәмді, денсаулыққа пайдалы тағамдардайындалған үстел басында бүкіл отбасымен жиналып тамақтану дәстүрініңмаңызы зор, себебі бұл жас балада дұрыстағами талғам қалыптастырады. Пайдалы тағамның тартымдылығын арттыру үшін, күнделікті тамақ ішуге дастарқандайындағанда әр түрлі тәсілдерді қолдануқажет. Мәселен, ашық түсті көкіністерді жай ғана кесіп, оған жеткілікті мөлшерде зәйтүн майын құйып, араластрып қойса, осының өзі көз қызығарлықтай көрініп, салаттың тартымдылығын арттырады. Дастарқан үстіндегі осындай әдемі көрініс баланың көңіл – күйін көтеріп, тәбетін күшейтеді. Жемістерді тозаңытқышта сақтамай, әдемі ыдысқа салып, дастарқан үстіне қойыңыз, бала қолын еріксізден созып, сол жемістерді жеуге ұмтылады.

Балаларда пайдалы тағами талғам қалыптастыру, ата-анасында, ересек туыстарында дұрыс тамақтанудың сәби үшін физикалық және ақыл – ой мүмкіндігін жүзеге асыратын негізгі кепілі екеніне орнықты сенгенде ғана тәрбиелеуге болатындығын еске сақтау керек. Сондықтан, табиғи, пайдалы тағамдар, ең алдымен ата – аналар мен жанұяның ересек мүшелері үшін сүйсініп ішіп-жейтін асы болуы керек [5].


Пайдаланылған әдебиеттері:

1. http://7kun.kz/6572/aza-standy-balalardy-13-pajyzy-k-ndelikti-fast-fud-zhejdi.html

2. http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%A4%D0%B0%D1%81%D1%82_%D1%84%D1%83%D0%B4

3. http://aitaber.kz/blog/densaulyk/5114.html

4. http://zozh.kz/kz/news/624-prichiny-otkaza-ot-fast-fuda.html



5. http://www.zhardem.kz/print/news/1412588112.html

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет