Қазақ жазуының тарихында күрмегі шешілмей келе жатқан бір мәселе бар. Ол – қазақ әліпбиінің құрамындағы кірме таңба/әріптер. Олардың дыбыс мәні мен жазылым емле-ережесіне қатысты пікірталас бірде өршіп, бірде саябырсып келе жатқалы қашан?! Енді, міне, латын әліпбиіне көшу барысында кірме таңбалар мәселесі қайта көтеріліп шыға келді. Айтуын айтсақ та – тыңдар құлақ, жазуын жазсақ та – көрер көз таппай, шарасыз күйге түсіп отырғанымызда «Қазақ әдебиеті» газетінің бірнеше санында академик Рабиға Сыздық апайымыздың мақаласы жарық көрді. Бүкіл ұзақ өмірі мен өлшеусіз еңбегі қазақ жазуының тарихымен тағдырлас ғұлама ғалымның сөзі бәрімізді дүр сілкіндірді. Жоқ, осы бір өзекті мәселені жылы жауып қоя салуға болмайды екен. Мұның шешімін табу, жоқ, шешімін профессор Р.Сыздық тауып беріп отыр, сол ақиқатты (бар болғаны су емес сұу екенін, ми емес мый екенін) әліпби санамызға жеткізіп, алдымен, өзіміз мойындау, сонан соң орыстақы қоғамды мойындату – бүгінгі ғылыми ұрпақ алдында тұрған сын. Профессордың мақаласы бізді де бейжай қалдыра алмады, бұрында көп айтқан болсақ та, амал жоқ, қайта соғуға тура келіп отыр. Академик Р.Сыздық мәселенің тарихи-теориялық негіздемесімен орфографиялық шешіміне барынша толық тоқталған екен, біз өз тарапымыздан мәселенің фонетикалық дәйектемесін қосқымыз келіп отыр.
Шынын айтып мойындаудан қашпау керек, біз қазіргі кезде қазақтың өзіне «қазақтың бар дыбысын бар деп, жоқ дыбысын жоқ» деп сендіре алмайтын кезеңде тұрмыз. Біріне бірі жалғасқан әліпби ауыстыру мен орынды-орынсыз өктем еміле құрастыру осындай жайға алып келді. Оп-оңай көрінген қазақ тілінің төл дыбыс құрамын түгендей алмай әлек болып жатқанымыз да сондықтан. Кез келген қазақ тілі оқулығының бетін ашыңыз, сөзіміздің дәлелі алдыңыздан шығады. Ал 1957 жылы «қызыл саясат» қазақ әліпбиі мен оның емле-ережесіне де жетті. Сөйтіп, қазақтың төл сөздерінің жазылымына орыс тілінің у, и, я, ю, щ дыбыс/таңбалары ендірілді. Сонымен, кірме таңбалар қазақтың төл дауысты, дауыссыз дыбыстарының құрамына «өзіміздікі» болып қосыла кетті. Кез келген оқулық немесе оқу құралының бетін ашыңыз: алдыңыздан кірме таңбалар өріп шыға келеді. «Сасқан үйректің» кебін киіп, «дауыссыздан кейін дауысты болады, дауыстыдан кейін дауыссыз болады» деп, жалған ережемен амалдап келе жатырмыз. Қазақ тілінде дауысты барлық уақытта дауысты болатыны, дауыссыз барлық уақытта дауыссыз болатыны санамызға жетпей-ақ қойды. Осы саяси әліпби реформасының жемісін енді «теріп-жеп» отырмыз. Қазіргі ұрпақты қазақ тілінде, мысалы, «дауысты у дыбысы жоқ» деп сендіре алмай отырғанымыз сондықтан. Өзге кірме таңбалардың жайы да дәл осындай, газет бетінде олардың бәрін қамту мүмкін емес. Дәйектеменің ең бастысы артикуляциялық шешім болу керек. Дауыссыз у дыбысының жасалым белгілері: «ерін-еріндік, жуысыңқы, үнді. Осындай анықтамасы бар дыбыс халықаралық фонетикалық үрдіс бойынша [w] таңбасымен белгіленеді. Дауыссыздың ақиқат анықтамасы мен таңбасы осы болып табылады. Оның қазақ тілі дауыссыздарының пішіндемесінде (моделінде) өзінің орны бар.
2.1 Шығыс диалектілер тобына тән фонетикалық ерекшеліктер
Қазіргі қазақ әліпбиінің құрамындағы кірме таңбалардың дыбыс құрамы (мазмұны) академиялық орфоэпиялық сөздіктерде таратылып көрсетіліп келеді. Алайда академиялық орфоэпияның нәтижесіне ешкім мән бермей отыр. Сөздіктердің, мүмкін, таралым тапшылығы болар немесе оқу-әдістеме бағдарламалары мен оқулықтарда жеткілікті мән берілмей келе жатқандықтан болар, әлде орыс әліпбиімен тұмшаланып қалғандығымыздан болар, әйтеуір кірме таңбалардың тіл бұзар машақатынан арыла алмай-ақ келеміз.
Әдетте, әлемдік әліпби түзу тәжірибесінде бір дыбысты бірнеше (екі-үш) таңбамен белгілеу дәстүрі жиі кездеседі. Ал бірнеше дыбысты бір таңбамен белгілеу дәстүрі жоқ сықылды. «Жоқ сықылды» деп екіұшты сөйлеп отырғанымыздың себебі бар. Өйткені әлемде жоқ әліпби үлгісі қазақ жазуында ғана бар: бір таңбамен екі-үш дыбыстың тіркесін біз ғана белгілеп келеміз. Белгілеп қана қоймай, арнайы емле-ережемен бұлжымастай етіп бекітіп те қойдық. Жарты ғасыр бойы ұрпақтан-ұрпақ сол емле-ережемен ауызданып, сол емле-ережемен ер жетіп, сол емле-ережемен қартайып, сол емле-ережемен «ұзап» кетіп жатыр. Тіл бұзар емле-ереженің бастау сәті де белгілі – 1957 жыл, белсенділері де белгілі – сол кездегі аты әйгілі тіл мамандары.
Ендігі шешім не болмақ? Қазіргі естияр ұрпақты «олай емес, былай» деп сендіру қиын болып отыр. Бұрын бір ескерткеніміздей, қазақтың өзіне «қазақтың бар дыбысын бар деп, жоқ дыбысын жоқ деп» сендіре алмайтын кезеңде тұрмыз. Біз, қазіргі ұрпақ, шамасы, сол «и-у-я-юлап» өтетін тәріздіміз. Амал жоқ, күйінесің-күйесің, іс өнбесін білесің…
«Әліпби жаңғыруды» мектептен, тіптен, бірінші сыныптан бастамаса болмайтын түрі бар. Сол ұрпақ өсіп жетілгенде ғана қазақ сөзінің қазақы жазылымы мен айтылымы кірме таңбалардың машақатынан тазаратын болады. Бірақ ұрпақ дайындығын бүгіннен бастау керек. Мұндай дайындық, ең алдымен, сауат ашудың бастау көзінде тұратын мұғалім-ұстаздарға керек. Көзі ашық сауатты қауымның да игеріп алғаны артық болмайды. Өйткені болашақ қабылданатын латын әліпбиінің құрамы мен емле-ережесі бүгінгі кемшіліктерден арылып жаңаратын болады.
Сонымен, кірме таңбалардың дыбыс құрамын таратып, көрнекі «әліпби» моделін құрастырып шығамыз. Қазақ грамматикасында буын түрлерінің атаулары бар. Сол үлгіні дыбыс тіркестерінің талданымына да пайдалануға әбден болады. Буын түрлері мен тіркес түрлерінің дыбыс құрамы бірін-бірі қайталайды.
Қорытынды
Кірме сөздер әдеби тілде, ауызекі сөйлеу тілінде, сленгте, арго, жаргондарда жиі кездеседі. Әдеби тіл, сленг, арго, ауызекі сөйлеу тілі – жалпыұлттық тілдің экзистенциялық ішкі жүйелер – әлеуметтік лингвистикалық түсінік болып табылатындығы да кірме сөздердің осы эксизтенциялық ішкі жүйелерінің құрамында қызметін сипаттау – лингвистиканың мәдениеттану пәні ретінде қарастырылады.
Қазіргі заманда бүкіл әлемде ағылшын тілі экпансиясының басымдылығы байқалады, осыған қарағанда ағылшын тілі Қазақстан Республикасында кең тараған, қазір тұрғындардың көбі ағылшын тілін игеруге тырысады. Ағылшын тілін, әлемдік тілді білу – заман талабы. Бұл жөнінде Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «Болашақта біздің балаларымыз үш тілді толық игеріп, еркін сөйлейді» деп, айтып өткен болатын [2, 22 б].
Қазіргі кезде қай ғылым саласы болмасын қоғамдық қызметінің диапазоны едәуір кеңеюіне орай, қазақ тілі лексикалық қоры Қазақстандағы саяси, мәдени, әлеуметтік, экономикалық және технологиялық өзгерістерге байланысты көптеген өзгерістерді басынан кешіруде.
Кірме сөздер – өзге тілдерден әр түрлі себептер нәтижесінде қабылдаушы тілге енгізілген сөздер. Олар қоғамдағы саяси, мәдени, экономикалық қатынастардың, ғылым мен техниканың дамуына байланысты тілге енген жаңа сөздер мен сөз тіркестері, фразеологиялық орамдар. Олар тек лингвистика саласын қамтып қоймай, әр түрлі салаларда кеңінен етек жаюда.
Лингвистикалық терминдерге тән семантикалық, морфологиялық, синтаксистік ерекшеліктерді айқындау мақсатында жекелеген терминдер мен терминдік белгілерді, сөз тіркестерін талдау, синхрондық сипаттау әдісі қолданылды. Қазіргі лингвистиканың маңызды мәселелерінің бірі болып, тілдердің өзара байланысы мен өзара ықпалы болып табылады. ХХІ ғасырдың басында ағылшын тілі халықаралық қарым-қатынас тіліне айналып, халықаралық қатынастар саласының кеңеюімен сипатталады.
Әдебиеттер тізімі
Болғанбаев Ә. Қазақ тілінің лексикологиясы / Ә.Болғанбаев. – Алматы, 1988. – 311 бет.
Сыздық Р. Қазақ тілінің анықтағышы (емле, тыныс белгілері, сөз сазы). — Астана: Елорда, 2000. — 527 бет.
2.Мырзабеков С. Қазақ тілінің фонетикасы: Оқу құралы. — Алматы: «Қазақ университеті», 1993. — 136 бет.
Жүнісбеков Ә. Қазақ тіл білімінің мәселелері: қазақ фонетикасы. — Алматы: «Абзал-ай», 2018. — 367 бет.
Латын әліпбиі: теория, әдістеме және насихат. — Нұр-Сұлтан: «Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми- практикалық орталығы» КеАҚ, 2019. — 280 бет.
Достарыңызбен бөлісу: |