Ғылым және жоғары білім министрлігі


Мультимедиа технологиясының аппараттық құрылғылары



бет45/90
Дата14.03.2024
өлшемі6.89 Mb.
#495543
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   90
УМК ББ IT қолдану. пәні бойынша (1)

Мультимедиа технологиясының аппараттық құрылғылары
Мультимедиа құралдарына оқыту процесінде әртүрлі типті ақпараттарды ұсынушы кез келген оқыту құралдарын жатқызуға болады. Атап айтқанда:
· дыбыстық құралдар (CD-ойнатқыш, магнитофон т.б.);
· телерадио жүйелері (телеқабылдағыш, радиоқабылдағыш, оқыту теледидары, DVD-ойнатқыш т.б.);
· проекциялық құрылғылар (графопроектор, мультимиедиалық проектор, оверхед проектор, бейнепроектор, интерактивті проектор);
· интерактивті тақта;
· ақпарат көбейткіш құралдар (микрофильмдеу құралдары, ксерокс, ризограф);
· компьютерлік құралдар;
· телекоммуникациялық жүйелер мен желілер (кабельдік, спутниктік, оптоволокондық желілер т.б.)
Бұл келтірілген құрылғылардың арасынан оқытудың жаңаша технологиялары мен талаптарына толық жауап бере алатын кейбір мультимедиалық құрылғыларға ғана тоқталамыз.
Интерактивті тақта – дәстүрлі тақтаның барлық оң сипаттамаларына ие; кең ауқымды графикалық мүмкіндіктермен қамтылған; аз уақытта көп мәлімет ұсына алатын; оқу мотивациясын арттырудың тиімді құралы болып табылатын; оқытуды диалогты түрде ұйымдастыратын аппаратты-бағдарламалық құрал.
Интерактивті тақтада қолданылатын бағдарламалық жабдық (SMART Board Software) келесі құралдардан тұрады:

  • жазба кітапшасы (SMART Notebook);

  • бейнежазба құралы (SMART Recorder);

  • бейнеплеер (SMART Video Player);

  • маркерлік құралдар (Floating Tools);

  • виртуалды пернетақта (SMART Keyboard ).

Жазба кітапшасы мәтіндер мен графикаық объектілер дайындауға арналған графикалық редактордан тұрады. Бейнежазба құралы тақтада орындалған барлық іс-әрекеттерді AVI форматындағы бейнефайлға жазады. Маркерлік құралдар қолданылып жатқан бағдарламалық қосымшаға тәуелсіз жұмыс істейді, тақтада кескінделген қандай да бір объектіні ерекшелеуге (тақта бетінің кез келген нүктесіне түрлі белгілеулер салуға) арналған. Мұнан соң орындалған іс-әрекеттерді сақтап қоюға болады.
Виртуалды пернетақта оқытушының интерактивті тақта арқылы компьютердегі мәліметтермен жұмыс істеуіне арналған. Яғни, компьютердің стандартты пернетақтасының аналогы болып саналады. 

  • Статикалық, динамикалық тұрғыда дидактикалық материалдар дайындауға болады;

  •  Әртүрлі сызбалар мен сұлбаларды, диаграммалар мен графиктерді жылдам салуға мүмкіндік беру арқылы уақыт үнемдейді;

  • Оқушылардың зейінін нақты, қажетті ақпаратқа аудару үшін сол ақпараттарды ерекшелеуді, оқшаулауды жүзеге асыратын аппараттық-бағдарламалық құрал-саймандармен жабдықталған;

  • Ұсынылған ақпаратты оқытушы немесе оқушы бүкіл сабақ бойында бірнеше мәрте қайталап көре алады;

Интерактивтi тақта бiлiм беру салаларымен қатар, көрмелерде, пресс-орталықтарда көлемдi экрандардың қызметiн кеңейтуге мүмкiндiк береді. Интерактивті тақтаның жұмыс принципі компьютердің монитор экранындағы кескінді проектор арқылы электрондық тақтаға кескіндеу.
14 дәрiс. Электрондық білім беру құралдары (ЭББҚ). Сараптамалық және интеллектуалды оқыту жүйелері.


Еліміздің даму жолындағы жаңа белесі «E-learning» электронды оқыту жүйесін Қазақстан Республикасы мектептеріне енгізу. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында электрондық оқытудың мақсаты: Білім беру үдерісінің барлық қатысушыларының үздік білім беру ресурстары мен технологияларына тең қол жеткізуді қамтамасыз ету. Ауыл және қала мектептеріндегі білім деңгейлерін теңестіру, ойлау қабілеті жоғары және технологиялық сауатты оқушыны дайындау.
Алға қойылған мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттерді шешу қажет:
қойылған мақсатқа қол жеткізу- сыртқы ортаның ақпараттық кірігуін, білімді басқару тиімділігін, білім сапасын көтеру;
қажетті нормативтік негізді жасау.
Электронды оқытуды енгізу бірқатар нормативтік құжаттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді талап етеді.
Өзекті міндеттердің бірі – білім саласы дамыған елдердің (Оңтүстік Корея, АҚШ, Ұлыбритания, Малайзия, Канада, Австралия және т.б.) тәжірибесіне сүйеніп «E-learning» жүйесін және оқу ресурстарының контентін Қазақстан жағдайына бейімдеп, дамыту.
Мемлекеттік бағдарламаны іске асыруда педагог мәртебесін арттыруға ерекше көңіл бөлуде. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев халыққа Жолдауында педагогтар құрамының сапасын арттыруға ерекше көңіл бөле отырып, «Базалық педагогикалық білімнің стандартын, оқытушылардың біліктілігіне қойылатын талаптарды күшейту қажет»- деп атап өтті.
Қазіргі кезде қоғам әрекеттерінің барлық саласында компьютер көмегімен ақпараттық ресурстар орын алады. Яғни, ХХІ асыр бүкіл дүние жүзі ақпараттық қоғамға көшіріле басталды деуге болады. Оған қоғамдағы барлық білім, ғылым, экономика және басқару салалары арқылы ақпараттандыру белгісіне қол жеткізуге болатындығы.
Қазіргі таңда негізінен білім жүйесінің барлық сатыларын үшін электрондық оқулықтар жасаумен шұғылданып келеді. Электрондық оқулық студент үшін ақпарат көзі болып, сонымен қоса электрондық оқулықтармен жұмыс істеу әрбір студенттің өз мүмкіндігін есепке ала отырып, оқып үйрену ісін жеке дара жүргізу болып саналады.
«E-Learning» дегеніміз бұл – барлық әлем елдерінің білім беру жүйесіне жаңа ақпараттық коммуникациялық технологиялармен келген, бүгінгі экономика мен қоғамның бірде-бір саласының мазмұнын оларсыз іске асыру мүмкін емес, электрондық оқыту жүйесі.
Қазіргі кезде білім беруді ақпараттандырудың негізгі талаптарының бірі — оқу процесін электронды оқулық немесе оқытудың компьютерлік құралдарын (ОКҚ) жасау және пайдалану. Оқу процессінде компьютерлік оқулықтар, есептер жинақтары, энциклопедиялар, тестілеу мен бақылау, анықтамалық жүйелер және басқа да ОКҚ-лар кеңінен қолданыс табуда. ОКҚ-ны білім берудің ақпараттық технологияларының негізгі бір түрі ретінде қарастыруға болады.
Жалпы білім берудің ақпаратгық технологиялары дәстүрлі оқыту әдістері мен тәсілдерінде кейбір педагогикалық мәселелерді шешудің жаңа құралдары ретінде пайданылады” .


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   90




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет