Ғылым және жоғары білім министрлігі



бет20/90
Дата14.03.2024
өлшемі6.89 Mb.
#495543
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   90
УМК ББ IT қолдану. пәні бойынша (1)

Ақпаратты алу блогы: ғылыми-танымал мақалалар, қайнар көздерінің мәтіндері, оқулықтардың үзінділері, иллюстрациялар, анимациялар, басқа да мультимедия компоненттері, мультимедиялық сабақ-презентациялары.

  • Виртуальды галерея: бейнеүзінділер, анимациялар, нақты және синтездік бейнелер. Дыбыстық объектілер.

  • Виртуальды лаборатория: интербелсенді модельдер, интербелсенді анимациялар, виртуальды лаборатория.

  • Анықтамалық материалдар: графиктер мен диаграммалар, ғалымдардың өмірбаяндары, түйіндемелері бар Интернет-сілтемелер.

  • Терминдер, анықтамалар және заңдардың сөздігі.

  • Аттестация: сұрақтар мен есептердің жиынтығы, зерттеушілік іс-әрекетке арналған тапсырмалар.

    Білім беру үдерісінде ЦБР-ды қолданудың негізгі әдістері:
    1) ЦБР-ды пайдаланудың ең танымал түрі, ол – электрондық құралды жаңа материалды түсіндіргенде немесе жаңа сабақты бекіткенде қолдану әдісі. Бұл жағдайда анимациялық, бейне үзінділер, дыбыстық файлдар, графикалық кескіндерді көрсету сияқты ЦБР-ды пайдаланған дұрыс.
    2) Оқушының өзіндік оқу іс-әрекетін ұйымдастыруға арналған ЦБР-дағы үлкен мүмкіндіктерді пайдалану әдісін атауға болады. Мұндай әрекет үй тапсырмасын, сынақ және т.б. даярлауда орындалуы мүмкін. АКПО құрамына кіретін ЦБР материалдарына жобалау қызметінде де сұраныс бар. Бұл жағдайда оқу комплексінің барлық материалдары: анимация, бейне, дыбыстық сүйемелдеу, интерактивті компоненттер, суреттер, кестелер, графиктер,диаграммалар және қарапайым мәтіндер де пайдалы болуы мүмкін.
    3) ЦБР-ды әртүрлі бақылауларды (кіріс, ағымдық, кесінді, қорытынды) ұйымдастыруға қолдану әдісін атауға болады. Мұндағы бақылау-диагностикасы оқушылардың компьютерлік тестіленуі жайлы.
    4) Мультимедиялық құралдарды пайдалану арқылы ЦБР-ды нақты бір пән не бағыт бойынша топтастыруға мүмкіндік беретін әдіс. Бұл сақталған ресурстардың қорын жасап, оларды бір жүйеге келтіріп, оқушыға да, мұғалімге де тақырып бойынша қажетті ресурсты жылдам іздестіруге көмектеседі. Сөйтіп, білім беру мекемесінде қарастырылатын проблема бойынша сақтаулы тұрған ЦБР құрылуы мүмкін.
    5) ЦБР-ды лабораториялық жұмыстарды орындау кезінде және көптеген курстарда қарастырылатын әртүрлі топтық іс-әрекеттерде қолдану әдісін атауға болады. Бұл жерде, негізінен, лабораториялық жұмысты жүргізудің имитаторы болып табылатын интерактивті ЦБР жайлы сөз болады.
    6) Жаратылыстану ғылыми циклінің пәндері мен информатика және АКТ үшін интерактивті ЦБР-ды жаттықтырушы ретінде қолдану әдісін айтуға болады. Бұл жағдайда объектінің, құбылыстың немесе үдерістің нақты жағдайға максимальды жақын моделі құрылып, оның жүрісі параметрлерді өзгерте отырып жан-жақты зерттеледі.
    7) Оқушыларға мұғалімнің қатысуынсыз өздеріне ығайлы уақытта, өз деңгейінде теориялық материалдармен танысуға, лабораториялық жұмыстар мен тесттік тапсырмаларды орындауға мүмкіндік беретін қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру әдісін айтуға болады. Бұл әдіс уақытша жұмысқа жарамсыз оқушылар үшін, үйде оқитын немесе жолсапарда жүрген балаларға өте тиімді.
    Қазіргі кезде бүкіл әлемде педагогикалық қауымдастықтың үлкен назары жаңа цифрлық құзыреттіліктерді шұғыл қалыптастыруға бағытталғанын атап өткен жөн. Өткен айлардағы тәжірибе көрсеткендей, қазіргі жағдайда мұғалімдер мүмкіндігінше тезірек білім алуы керек, заманауи технологияларды меңгеруі керек, оқытудың және өзара іс-қимылдың жаңа құралдарын игеруі керек, сонымен қатар оқытудың барлық тиімді форматтарын күнделікті жұмысына енгізу керек. Үздіксіз білім алу дегеніміз – бүкіл әлем бүгінде неге келгені және біздің болашағымыз неден құралатындығы. Білім алушыларға да, оқытушыларға да үздіксіз білім алу – бұдан былай біз тек осындай жағдайда ғана білікті, білімді жаңа ұрпақ тәрбиелейміз.




    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   90




    ©dereksiz.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет