Ғылым және жоғары білім министрлігі



бет56/90
Дата14.03.2024
өлшемі6.89 Mb.
#495543
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   90
УМК ББ IT қолдану. пәні бойынша (1)

Оқу процесін басқару
- Бөлімнің жүктемесін есептеу
- Оқу жүктемесін жоспарлау
- Нақты жүктеменің есебі
- Қабылдау комиссиясы
- Орындар саны туралы жоспарланған деректерді есепке алу
- Іріктеу комиссиясының қызметкерлерімен талапкерлерді тіркеу
- Рейтингтік тізімдерді жүргізу
- Емтихан парақтарын қалыптастыру.
Қорытындылай келе, университеттің білім беру саясатындағы өзгерістерге сәйкес бағдарламалық кешенді сапалы жетілдіру және жаңа мүмкіндіктер қосу бағытында үнемі жетілдіріліп отыратынын атап өтуге болады.

2.2. ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР




1 - тәжірибелік жұмыс. Электрондық портфолио құралдары. Электрондық портфолионы құру бойынша қызметтер.

Портфолио (portfolio – ағылшын сөзі.) – портфель сөзі маңызды құжаттар үшін арналған папка деген мағынаны білдіреді. 


«Шетелдің жаңа сөздігінде» портфолио визиттік карточка есебінде қолданылады, яғни, адам туралы ақпарат, ұйымның белгілі құжаттарының жинағы, жұмыс үлгілері деп түсіндіреді. 
Электрондық портфолио – оқытушылардың ақпараттық коммуникациялық құзырлылығын қалыптастыру құралы:
1. Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу бойынша ерекше идеялар мен педагогикалық жетістіктерді айқындау және тарату;
2. Мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін арттыру; 
3. Педагогтардың шығармашылық ізденістерін ынталандыру.
Электронды портфолио көп жағдайда веб портфолио түрінде кездеседі. Ал қарапайым интерфейсте жұмыс жасауға болатын AutoPlay бағдарламасы арқылы оқытушыларға, оқушыларға және т.б қызметкерлерге оңай түрде электронды портфолио жасауға болады.
AutoPlay Media Studio – бұл дискінің автоматты түрде жүктелуін жасайтын бағдарлама. Бұл AutoPlay Media Studio бағдарламасының жалпы мүмкіндіктерінің бірі болып табылады. Бұл бағдарлама арқылы электронды оқулық, портфолио, CD\DVD визиткаларын, презентациялар, қарапайым ойындар, электронды фотоальбом, жоғары сападағы бейнефайлдар, қарапайым дыбыстық және бейнелік ойнатқыштар жасауға болады.
AutoPlay Media Studio бағдарламасын компьютерге орнату үшін:

  • Компьютердін амалдық жүйесі Windows 2000, Windows XP, Windows Vista, Windows 7 және одан жаңа;

  • Процессоры Pentium 4 және одан да жаңа;

  • Оперативті жады көлемі кемінде 256 МБ;

  • Экран кеңейтілімі кемінде 1024x768;

  • Түс тереңдігі 16 бит және одан да жоғары;

  • Қатқыл дискідегі бос орын кемінде 100 МБ;

  • Тінтуір;

  • DirectX 7 және одан да жаңа нұсқасы;

  • Internet Explorer 4.0 және одан да жаңа нұсқасы;

  • Adobe Flash Player 8 және одан да жаңа нұсқасы;

  • Adobe Reader 8 және одан да жаңа нұсқасы болуы тиіс.






















Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   90




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет