303
қылмыстық-құқықтық тиым iс жүзiнде қоғам мүшелерiнiң барлығын емес тек белгiлi бiр
бөлiгiнiң ғана iс-әрекетiн
реттейдi.
Қылмыстық құқық пәнiне кiретiн қоғамдық қатынастардың үшiншi түрi-реттеушiлiк қылмыстық-құқықтық
қатынастар деп аталады. Бұл қатынастар қылмыстық әрекеттi болдырмайтын қажеттi қорғану, мәжбүрлi қажеттiлiк және
т.б. жағдайларда қауiптi қол сұғушылықтан қорғау кезiнде келтiрiлген зияндарға азаматтардың құқықтарын бөлiп
бередi. Мысалы, қажеттi қорғануда өз құқығын жүзеге асырушы жеке адамның, қоғамның немесе мемлекеттiң мүддесiне
қол сұққан екiншi адаммен құқықтық қатынасқа түседi және сол қол сұғушыға зиян келтiре отырып қорғану құқығына
ие болады. Екiншi жағынан қорғанушының iс-әрекетiн заңды деп тануға тек ғана құқыққорғау органдары өкiлеттi. Әрбiр
жағдайда тек сот, прокуратура және тергеу органдары ғана қауiптi қол сұғушылықтан қорғану кезiнде келтiрiлген
зиянмен байланысты оқиғаларды жан-жақты қарауға және оны келтiрген зияны үшiн жауаптылықтан ресми түрде
босатуға мiндеттi.
Осы жоғарыда аталған қоғамдық қатынастырды реттеу үшiн арнайы әдiстердi қолдану қажет.
Әдiс дегенiмiз -
қоғамдық қатынастарды реттеу мақсатындағы құқық саласының ықпал ету шараларының жиынтығы.
Әрбiр қылмыстық құқықтық қатынастардың өзiне тән әдiстерi бар:
1). Қорғаушылық қылмыстық-құқықтық қатынастарға:
-
қылмыстық-құқықтық нормалардың санкцияларын қолдану әдiсi,
-
қылмыстық жауаптылықтан және қылмыстық жазадан босату әдiсi;
-
Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану әдiстерi жатады.
2). Реттеушiлiк қылмыстық-құқықтық қатынастарға:
-
Барлық қоғам мүшелерiне жеке адамға, қоғам мен мемле кетке келтiрiлген қауiптi
әрекеттермен белсендi күресу құқықтарын бөлiп беру. Мысалы, қажеттi қорғану құқығы.
3). Ескертушiлiк қылмыстық-құқықтық қатынастарға:
-
қылмыстық-құқықтық тиым салуды орнату әдiсi жатады.
Сонымен, қылмыстық құқық - бұл қандай әрекеттердiң қылмыс болып табылатынын және
қандай жазалар мен басқа да қылмыстық-құқықтық ықпал ету шаралары осы қылмыс жасаған адамға
тағайындалатынын, сонымен бiрге қылмыстық жауаптылықтың негiзi мен қылмыстық жауаптылық пен жазадан
босатудың негiздерiн белгiлейтiн құқық нормаларын бiрiктiрген құқықтың бiр ерекше саласы.
Достарыңызбен бөлісу: