Ғылымдар бойынша ХХV республикалық студенттік ғылыми конференциясының



Pdf көрінісі
бет262/292
Дата06.12.2022
өлшемі5.25 Mb.
#466590
1   ...   258   259   260   261   262   263   264   265   ...   292
ЖТ ЮМ сборник

 
Литература 
1. 
Конституция РК. Алматы «Жетi жаргы» 1998.
2. 
Указ Президента Республики Казахстан, имеющий силу Конституционного закона, «О Парламенте Республики 
Казахстан и статусе его депутатов». 16 октября 1995 г. 
3. 
Основы государства и права Казахстана. Сапаргалиев Г. Алматы «Атамура» 1998. С. 43. 


299 
ӘОЖ 
343.3
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АЗАМАТТАРЫНЫҢ НЕГІЗГІ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН 
БОСТАНДЫҚТАРЫ 
 
Елтузерова Ф.Р. - ФИ 20-11к тобының студенті 
Жаманқараева Ғ.С. - құқық магистрі, аға оқытушы 
 
Адам құқығы - конституциялық құқықтың маңызды институты. Мемлекет ішіндегі құқық, сондай-ақ 
халықаралық құқық саласында ол ХХ-ғасырдың ІІ жартысында ерекше дамып, бұл адамзат құқығының дамуындағы 
елеулі қорытындыларының бірі болып табылды. Қазіргі заманғы халықаралық стандарттарға мемлекетттің саяси және 
құқықтық жүйесінің сәйкес екендігінің көрсеткіші ретінде ол қазіргі қоғамның күрделі жағдайында адамның лайықты 
және қауіпсіз өмір сүруін қамтамасыз етуге арналған.Адам құқығының мәселесі – қазіргі заманның маңызды және 
өзекті мәселелерінің бірі. Оның ұлттық және ғаламдық сипаты бар.Адам құқығы мәселелерінің қазіргі заманда 
алдыңғы қатарға шығуы – рухани байлық пен адамгершіліктің қайта түлеуінің жарқын куәсі деуімізге болады. Адам 
құқығы оның мемлекет ішіндегі, сондай-ақ ғаламдық көлемдегі саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени мәселелерге 
нақты қатысуын қамтамасыз етуге арналған.Адам құқығы мен бостандығын тану және оны сақтау жеке елдерде, 
сондай-ақ бүкіл әлемде қауіпсіздікті нығайтып, қарым-қатынастардың тұрақтылығын арттырады. Халықаралық құқық 
мойындаған адам құқығына кепілдік беретін нормалар ұлттық заңдарда негізгі ретінде конституциялық деңгейге 
жатады. 1995 жылы Қазақстан Республикасының Конституциясын қабылдаудың алдында қоғамдық құрылыс 
жаңарып, экономика нарықтық жүйеге көше бастап, әртүрлі меншік нысандарына рұқсат берілді, плюрализм дамып, 
халық билігінің тікелей жүзеге аса бастады, әлемдік қоғамдастық пен ынтымақтасу және қауіпсіздік кеңейе түсті; 
ғылымда марксистік тұғырнамадан жалпы адамзаттық адам құқығы тұғырнамасына көшуі орын алды. 1995 жылғы 
Конституция - біздің қоғамымыздың даму бағыты бекітілген түбегейлі жаңа құжат. Мұнда адамға және жалпы 
адамзаттық құндылықтарға басымдық берілген. Бұл қасиеті мемлекеттік мүдделердің адам мүдделерінен басым болған 
социалистік теорияға тән тұғырнамадан бас тартып, жаңа адам құқығының тұғырнамасына көшкенін көрсетеді. 
«Конституция» сөзі негізінде латын тілінен шыққан, «constitutio» латын тілінен аударғанда «мекеме», «бекітілім» 
дегенді білдіреді.Конституция қазіргі заманғы демократиялық мемлекеттің құқықтық жүйесінде айрықша орын 
алады және құқықтық мемлекеттің қажетті белгілерінің бірі болып табылады. Конституцияның болуы — заңдылықтың, 
құқық тәртібінің және билік институтының тұрақтылығының міндетті шарты.Конституция өзіндік заңдық 
ерекшеліктерге: жоғарғы заң күшіне, тікелей әрекет етуге, құрылтайшылық сипатқа, түзетулер қабылдау мен
енгізудің ерекше 
тәртібіне 
ие.Конституция 

құрылтайшылық сипаттағы нормативтік
құқықтық 
акт. 
Қазақстан Республикасының Конституциясы бүкілхалықтық дауыс беру жолымен қабылданды, демек конституция
нормаларында халықтың ерік-жігері жүзеге асырылады және Конституция нормалары құрылтайшылық, бастапқы 
сипатқа ие деген сөз. Конституция қоғамда пайда болатын күрделі қатынастарды реттейді, ол барлық салаларды 
қамтиды: саяси, экономикалық, әлеуметтік және рухани. Құқық ұғымы Адам әр түрлі әлеуметтік қатынастарға түседі. 
Қарым-қатынас нәтижесінде адамдар арасында өзара әрекеттестік қалыптасады, түсіністік пайда болады, қамқорлық 
жасау және көмек беру жүзеге асады. Қоғамдық қатынастар әлеуметтік нормалар арқылы реттеледі, олардың 
арасында құқық нормалары ерекше орын иеленеді. Құқық нормалары заңдар мен нормативті құқықтық актілерде көрініс 
табады. Жалпы адамзаттық құндылықтар және әділеттілік, ізгілік, теңдік, бостандық идеялары құқықтың негізі болып 
табылады. Құқық дегеніміз — мемлекет арқылы камтамасыз етілетін, әділеттілік туралы адамдардың көзқарастарынан 
көрініс табатын, жалпыға бірдей міндетті нормалардың жиынтығы. Құқық ең маңызды әрі ең күрделі қоғамдық 
кұбылыс ретінде түсінілетін философиялық категория. Сондықтан да оны бірнеше тұрғыдан қарастыру керек. Алдымен, 
субъективтік тұрғыдан қарастырсақ құқық қандай да бір тұлғаның мүмкіндіктерін, әрекет еркіндігін білдіреді. Мысалы, 
білім алу, еңбек ету, демалу, өмір сүру, қорғану құкығы секілді тікелей субъектімен байланысты құқықтар. Объективтік 
мағынадағы құқық — нормативтік құкықтық актілерде белгіленген нормалардың жиынтығын білдіреді. Бұл орайда 
көрсетіп кету керек — субъективтік құқық объективтік құқықтың негізінде туындайды және тоқтатылады. Мәселен, 
1999 жылдың 1 маусымынан бері "объективтік құқықтын" негізінде ішкі істер органдары қызметкерлерінің қоғамдық 
көлікте тегін жүруге деген "субъективтік құқықтары" тоқтатылып, жеңілдіктер алынып тасталған. Құқық бұл 
керсетілгендерге қоса, оқу пәні ретінде де түсініледі (әкімшілік құқық, Азаматтык, құқық, Еңбек құқығы және т.б.)- 
Құқықтық объективтік және субъективтік мағыналардың біріктіріле түсінілетіндігі де жоққа шығарыл-майды. Осыларға 
қарап құқықтың аса күрделі категория екенін білуге болады. Жалпы алғанда құқық дегеніміз — мемлекет белгілеп, 
мақұлдаған жалпыға міндетті мінез-құлық ережелерінің (нормалардың) жиынтығы. Құқықтың өзіндік ерекшелігі оның 
нормаларын сақтау мемлекеттің мәжбүр ету күшімен қамтамасыз етілетіндігінде. 
Құқықтың мәні Конституцияда және басқа да заңдарда бекітіліп, тиянақталған оның түп қазық бастауларында, 
негізгі принциптерінде ашылады. Оларға жататындар: саяси биліктің халықтың атынан жүзеге асуы, меншіктің дамуы, 
корғалуы және олардың субъектілерінің тендігі; демократизм, интерпационализм, гуманизм. Халықаралық 
құжатарда және қазақстандық заңдарда мынадай екі ұғым қолданылады: «адам құқығы» және «адам бостандығы». Заң 
тұрғысынан адам құқығы мен адам бостандығының бір-бірінен айырмашылығы жоқ. Дегенмен, белгілі бір өзгешеліктері 
бар. Мұны осы екі ұғымның анықтамаларын салыстыра отырып байқауға болады.Бостандық — елдің ішкі және сыртқы 
саясаты саласында әлеуметтік субъектілердің (жеке адамның, топтардың, қоғамдық-саяси ұйымдардың, т.б.) өз 
мақсаттары мен мүдделеріне орай әрекет жасау еркіндігі; құқықтық мүмкіндіктер аясы. Адамдардың қол жеткізген 
Бостандықтары тарихи дамудың нәтижесі болып саналады. Қоғамдық дамудың кейбір қайшылықтары мен 
кереғарлықтарына қарамастан, қайсыбір тарихи кезеңдерде жеке адам иеленетін Бостандықтар аясы кеңи түсетіні 
дәлелденген. Ал “саяси Бостандық” ұғымы азаматтардың саяси белсенділігін, саяси өмірге ұдайы қатысып, қоғамдық 
оқиғаларға, әлеумет үшін мәні зор шешімдер қабылдау процесіне тікелей ықпал етуге қабілеттілігін білдіреді. Оның 
іргелі қағидалары Адам құқыларының жалпыға бірдей декларациясында негізделген. Жалпы, саяси Бостандық негіздері 
кез келген өркениетті елдің конституциясында, арнаулы заңдары мен құқықтық жосындарында бекітілуге тиіс. Мысал, 
ҚР Конституциясында азаматтардың мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарын сайлауына және 
оларға сайлануына шек қойылмайды; сондай-ақ, сөз және шығарм. бостандығына кепілдік беріледі; цензураға тыйым 
салынып, еркін түрде ақпарат алу және тарату еркі берілген, әркімнің ар-ождан, бірлесу бостандықтарын иеленуге құқы 


300 
бар. Осы орайда адамдар, әлеум. топтар мен жіктер өздерінің құқыларымен қатар жауапкершіліктерін де айқын ұғына 
отырып, саясат субъектісі ретінде көрінуге тиіс. “Саяси субъектілік”, яки саясат субъектісі болуға қабілеттілік 
дегеніміздің өзі Бостандық мәселелерімен етене байланысты ұғым. Азаматтардың Бостандықтары аясы кең, құқықтық 
мүмкіндіктер өрісі неғұрлым биік болған сайын, елдің демократия даму деңгейі соғұрлым жоғары бола 
түседі.Адамбостандығы - бұл мемлекеттің араласуы тиіс емес қызмет салалары. Ол тек құқықтық нормалар арқылы 
солардың шеңберінде адамның өз қалауы бойынша іс-әрекет етуін белгілейді. Мұндайда мемлекет нақты адамның 
бостандығына араласпауы тиіс, сондай-ақ мемлекет бұл бостандықтардың басқа тұлғалардың араласуынан қорғалуын 
қамтамасыз етуі тиіс.Адам құқығы – заңда көрсетілген саладағы мемлекет белгілеген және кепілдік беретін адамның 
мүмкіндіктері мен өкілеттіктері. «Адам бостандығына» қарағанда «адам құқығы» терминінің аясында адам қызметінің 
нақты бағыты бекітіледі. Мемлекет заңда көрсетілген салада адамның іс-әрекеттерінің заңдылығын қамтамасыз етуге 
және қорғауға міндеттеме қабылдайды. Адам құқығы және бостандығы адамның құқықтық мәртебесін белгілейтін, 
оның жағдайын бекітетін, жеке тұлғалар арасындағы өзара қарым-қатынасты, адамның және мемлекеттің қатынастарын 
бекітетін халықаралық және ұлттық нормаларының жүйесін білдіреді. Адам құқығының және бостандығының 
объективті түрдегі анықтамасы осындай. Субъективті түрде адам құқығы және бостандығы нақты тұлғаға тиесілі 
құқықтық нормалар мен көзделген мүмкіншілігі (өкілеттігі) және мемлекет қорғайтын іс-әрекеті ретінде 
анықталады.Адам құқығы табиғи қасиетке ие және жеке адамнан ажырамайды, олар аумақтық немесе ұлттық 
шеңбермен шектелмейді, халықаралық құқықтық реттеу және қорғау объектісі болып табылып, мемлекеттің заң 
актілерінде бекітілгенге қарамастан тәуелсіз болып табылады. Олар адамды сипаттап және оның қалыпты өмір сүруіне 
қажетті жалпы әрі негізгі өкілеттіктері болады. Адам құқығы мемлекеттің нақты заң актілерінде белгіленген жағдайда 
олар осы мемлекет азаматының құқықтары болып табылады.Азаматтық құқық қоғамның және мемлекеттің даму 
барысында жасалған және пайда болған табиғи өкілеттіктерінің мемлекеттік нормативтік құқықтық актілерде көрініс 
табуы болып табылады. Азаматтық құқық міндетті түрде конституциялар мен басқа заң актілерінде белгіленеді және 
мемлекет оны жария етіп әрі олардың қорғалуын қамтамасыз етеді. Олар адамды мемлекеттік ұйымдасқан 
қоғамдастықтың мүшесі екендігін білдіреді.Бұл екі құқық санаты әдетте бір тұрғыдан еске алынады, дегенмен олардың 
мазмұны бірдей емес. Адам құқығы негізгі болып табылады, қай жерде туғанына, қай елдің азаматы екендігіне, сол елде 
тұратындығына немесе тұрмайтындығына қарамастан олар барлық адамдарға тән, ал азаматтық құқық белгілі 
мемлекеттегі адамның сол мемлекетте тұрғандығына байланысты бекітілген құқықтарын кіргізеді. әрбір азаматқандай-
да болмасын мемлекетте жалпыға бірдей адам құқықтарына және осы мемлекет мойындаған азаматтық барлық 
құқықтардың жиынына ие. Сондықтан құқықтар мен бостандықтардың екі тобын біріктіретін «азаматтық құқықтар және 
бостандықтар» термині заңды болып табылады. Бұл құқықтар мен бостандықтар адамның негізгі құқықтық мәртебесін 
білдіреді. Олардың көпшілігі абсолюттік сипатта, яғни тек қана ажыратқысыз болып табылмайды, сонымен қатар олар 
шектелуге жатпайды.ҚР азаматтарына тиесілі құқықтарды олар қоғамдық әртүрлі қарым-қатынастарда қолданады. 
Бірақ бұл құқықтар біртекті емес, және оларды дұрыс түсіну үшін заңдарда және әдебиетте келтірілетін терминдердің 
бірдей болуы жөнінде келісіп алған жөн. Құқық адамдар арасында, олар мен ұйымдар және т.б. арасындағы қарым-
қатынасты реттейді. Құқық адам мен заттың арасындағы қатынасты реттемейді, ал заттарға және материалдық емес 
игіліктерге қатысты қатынастарды реттейді. Осылайша барлық құқықтар мен міндеттер тек адамға, жеке тұлғаға немесе 
адамдар қауымдастықтарына тиесілі, сондықтан оларды жеке құқықтар деп атауға болады (кең мағына тұрғысынан). 
Бірақ азаматтар әртүрлі қоғам салаларына қатысып, әрбір саланың өзгешеліктеріне байланысты әртүрлі құқыққа ие 
болады. Заң әдебиеттерінде азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын мынадай шартты түрдегі топтарға бөледі: 
саяси, жеке, әлеуметтік-экономикалық және мәдени құқықтар мен бостандықтар. Демек, «жеке құқықтар» деп 
азаматтарға тиесілі барлық құқықтар емес, белгілі бір әлеуметтік-экономикалық және саяси құқықтардан 
айырмашылығы бар құқықтар жатады. Бұл топқа жеке тұлғаның өзінен ажырамайтын, жеке өмірінің әртүрлі 
салаларында қорғайтын азаматтардың осындай құқықтарын біріктіреді. Бұл құқық ар-ожданын, өмірін, денсаулығын, 
атын, әртүрлі жеке өмірі салаларының құпиялылығын, оның ішінде жанұя өміріндегі құпияларын және ҚР 
Конститутциясының ІІ бөлімінде кепілдік берілген басқа да нормаларды білдіреді. Дәл осы азаматтардың құқықтарын 
«жеке құқықтар» ретінде атайды (осы терминнің тар аясында). «Жеке құқықтар мен бостандықтар» ұғымы ғылыми 
әдебиетте 
ХХ-ғасырдың 
40-жылдарының 
соңы 
мен 
50-жылдарының 
басында 
қалыптасты.Жеке
құқықтардың маңызды ерекшеліктеріне мыналар жатады:1) жеке адамның бостандығына кепілдік береді, яғни
азаматтың адамгершілік қатынастарда, жеке тұрмыстық өмірінде әртүрлі іс-әрекет етуін кедергісіз таңдау мүмкіндігін 
білдіреді (әрине, егер мұндай іс-әрекеттер құқық нормаларына қайшы келмеген жағдайда);2) жеке азаматтың
тұлғасын оқшауландырып, оның рухани мүдделерінің, қабілеттерінің, жеке өмірдегі дағдылары мен жеке 
ерекшеліктерінің жан-жақты көрініс табуына көмектеседі. Жеке құқықтарда жеке мүдде, тұрмыс саласы, жеке адам 
өмірі, адам қауіпсіздігі конститутциялық қорғау объектісі болып саналады; мұнда азамат жеке творчестволық тұлға 
ретінде алдыңғы сапта көрінеді. Сондықтан гуманизм идеясы көрсетілген құқықтарда өзінің айқын конституциялық-
құқықтық мәнін көрсетеді.Жеке құқықтардың ерекшеліктерінің бірі олардың адамның жеке игіліктерінен 
ажыратылмайтын ар-ожданы, жеке өмірі, жеке қауіпсіздігі тәрізді құқықтарды білдіреді. Ажырамайтын бұл құқықтар 
басқа адамдарға келісім немесе басқа жолмен берілуі мүмкін емес және олардың мүліктік сипаты жоқ. Олардың 
өзгешелігі рухани, олар қамтамасыз ететін ажырамайтын игіліктердің материалдық емес сипатында.Адам құқықтары 
мен бостандықтарының заң табиғаты оларды қоршаған адамдардың бұзудан бойын аулақ ұстау міндеттігін көрсетеді. 
Бұл құқықтардың жария құқықтық қорғау тұрғысынан азаматтардың мемлекет алдындағы міндеттерінен тыс шеңберде 
жатқан жеке құқықтары саласына мемлекеттің араласпауы мұнда алдыңғы қатарға шығады. Мемлекет сонымен бірге 
қажет болған жағдайда азаматтарды мемлекеттік органдардың, лауазымды тұлғалардың, азаматтардың тарапынан 
болған заңсыз әрекеттерінен қорғауды қамтамасыз етеді.Жеке құқықтар мен бостандықтардың белгілі ішкі құрылымы 
болатын жеке жүйеге қатысты (дәлірек айтқанда, азаматтың құқықтың мәртебесінің шағын жүйесінде) қасиеттері бар. 
Жеке құқықтардың жіктелуінің негізіне жеке адам бостандығының ең маңызды атап айтқанда: азаматтың жеке 
қауіпсіздігі, оқшаулану мүмкіндігі мен жеке өмірі, оның ар-ожданы мен абыройының қорғалуы, жанұясы мен некесінің 
қорғалуы, рухани өмірінің құпия тараптары, ар-ожданының қорғалуы тәрізді құқық нысандарын алуға болады. Жеке 
бостандықтың мұндай нысандарының көрініс табуы маңызды әлеуметтік игіліктер болып табылады және
Конститутцияның баптарында бекітілген заң нормаларының көмегімен қамтамасыз етіледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   258   259   260   261   262   263   264   265   ...   292




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет