Ғылымдар бойынша ХХV республикалық студенттік ғылыми конференциясының



Pdf көрінісі
бет155/292
Дата06.12.2022
өлшемі5.25 Mb.
#466590
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   292
ЖТ ЮМ сборник

 
Литература 
1. 
Уголовно-процессуальный кодекс Республики Казахстан от 4 июля 2014г. № 231-V ЗРК.// Электронный ресурс //
Доступно на: 
https://adilet.zan.kz/rus/docs/K1400000231
 
2. 
Документ как доказательство. //Электронный ресурс // Доступно на: https://laservirta.ru/dokument-kak-dokazatelstvo/#i- 
3. 
Доказательства и их допустимость в уголовном процессе. //Электронный ресурс // Доступно на: 
https://www.agka.kz/ru/%D0%B4%D0%BE%D0%BA%D0%B0%D0%B7%D0%B0%D1%82%D0%B5%D0%BB%D1%8C%
D1%81%D1%82%D0%B2%D0%B0-%D0%B8-%D0%B8%D1%85-
%D0%B4%D0%BE%D0%BF%D1%83%D1%81%D1%82%D0%B8%D0%BC%D0%BE%D1%81%D1%82%D1%8C-
%D0%B2-%D1%83%D0%B3/
 
4. 
Электронный ресурс доступно на: Иные доказательства в уголовном процессе 
https://advokatsidorov.ru/inye-
dokazatelstva.html
 
UDC 344.05.585 
ЖЕКЕ ТҰЛҒАҒА ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ТЕОРИЯЛЫҚ 
МӘСЕЛЕЛЕРІ 
Исабекова И., Кеңесәлі А.Ғ. – ЮМ-20-1к1 
Елікбай М. - з.ғ.к., доцент 
Қылмыстық құқық теориясында қылмысық құқық бұзушылықтарды дәрежелеу құқық қорғау органдарымен 
қылмыстық нормаларды қолданудың сатыларының бірі ретінде қарастырылады. Ол сот процессінде, алдын ала тергеу 
кезінде лауазымды тұлғалармен жүзеге асырылады.
Қылмыстық құқық бұзушылықтарды дәрежелеу- қылмыс құрамы мен істелген әрекеттің ұқсас белгілерін 
анықтау. Соңғы екі түсінік қылмыстық заңды дұрыс қолданудың әдістері ретінде көзделеді[1].
Қылмыстық заңнаманың ерекше бөліміндегі нақты нормамен көзделген, тұлғамен қоғамдық қауіпті әрекеттерді 
істеудің қылмыс құрамының барлық белгілерімен нақты сәйкестігін анықтау және процессуалдық тұрғыда бекіту, 
қылмыстарды дәрежелеу деп аталады.
Дәрежелеу процессі әсіресе тұлғамен қандай қылмыс жасалынды, және қандай қылмыстық құқықтық нормамен 
көзделетіні көрсетілген. 
Қоғамдық қауіпті әрекеттерді дұрыс қылмыстық құқықтық тұрғыда дәрежелеу дегеніміз, қылмыстық заңды 
толық және нақты қолдану, яғни біртектес ұқсас барлық қылмыстарға мемлекеттік құқықтық бағасын береді. 
Қылмыстарды дәрежелеудің түсінігін ашатын, заңды әдебиеттерде бір ғана түсінік берілмейді. Олар өздерінің 
маңызы бойынша бірдей, бірақ әр қайнар көздің авторы олардың мазмұнын анықтауға бағытталады.
Бізге нақты бұл түсініктің анықтамасы, құқықтық білімдердің энциклопедиалық сөздігінде көрсетілген. Ол жерде 
айтылған: «қылмыстық заңмен көзделген қылмыстарды дәрежелеу- сәйкестендірілген процессуалдық акттердегі 
істелген әрекеттердің белгілерімен кез келген басқа қылмыс құрамына сәйкес келуін анықтау және бекіту.
Келесідей анықтамалар[2]: а) қылмыстық құқық бұзушылықтарды дәрежелеу яғни кінәліге жаза тағайындау 
шарасының және істелген қылмыстың басқа да құқықтық салдарының тууындауна негіз болады; б) қылмыстық құқық 
бұзушылықтарды дәрежелеу қылмыстық сот іс жүргізуде заңдылықты сақтаудың маңызың сақтауды көрсетеді; в) 
қылмыстық құқық бұзушылықтарды дәрежелеу дегеніміз яғни, істелген қылмыс нақты заңмен көрсетілген ол үшін 
қылмыстық жауаптылық туындайтын әрекетпен сәйкес дәрежеленуі тиіс. 


176 
Қылмыстарды дәрежелеу қылмыстық құқықтық ғылымның институты ретінде, ең алғаш рет В.Н. Кудрявцевтің 
докторлық диссертациясында көрсетілген. 
Қылмыстарды дәрежелеу дегеніміз оның пікірі бойынша, ол істелген қылмысқа заңды баға беру, ҚК ерекше 
бөліміндегі сол қылмыстың белгілерін құрайтын бабын көрсету. 
«Дәрежелеу» сөзі – латын тілінен алынған және әр нәрсені анықтау, оған баға беру, жарамдық дәрежесі. 
«Қылмыстарды дәрежелеу» түсінігі екі маңызда қолданылады: а) логикалық процесс құқық қорғау органдарымен 
адамның әрекетін (әрекетсіздігі) қылмыс құрамын анықтау; б) осындай әрекеттердің қорытындысы істелгеннің 
құқықтық бағасы, яғни қоғамдық қауіптіі және құқыққа қайшы әрекеттердің жиынтығы. Осы екі түсінік өзара 
байланысты. Бұл жағдай әсіресе тәжірибеге аса маңызды болып келеді.
Қылмыстық заң – бұл құқықтық акт, жоғары мемлекеттік органдармен қабылданатын қылмыс және жаза туралы 
нормаларды қамтиды, қылмыстық құқықтың жалпы міндеттермі мен жағдайларын анықтайы, қандай қоғамдық қауіпті 
әрекет қылмыс болатынын анықтайды, сонымен қатар жазалар, істелген әрекетке колданылатын, және оны кінәлі 
адамдарға тағайындау тәртібін анықтайды[3].
Қылмыстық заң құқықтың қайнар көзінің бірі болады, оның маңызы ұлылы:1) қылмыстық заң азаматтардың 
жеке құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз етеді, қоршаған ортаны, мүлікті, қоғамдық және 
мемлекеттік қызығушылықтарды, құқықтық тәртіппен әр түрлі қылмыстық қол сұғушылықтардан;2) Қазақстан 
Республикасы Конституциясына, халықаралық құқықтар мен қағидаларына негізделеді;3) мемлекеттің қылмыстық 
саясатын жүзеге асыруда қоғамның кейбір даму кезеңдерінде құрал бола алады;4) қылмыстық құқықтың жалғыз ғана 
қайнар көзі болады, себебі ол ғана қылмыстылықты және қоғамдық қауіпті әрекеттің жазаланушылығын анықтайды;5) 
қылмыстық жауаптылықтың негізі мен қағидаларын бекітеді;6) қаңдай қоғамдық қауіпті әрекеттер қылмыс болатынын 
анықтайды, сонымен қатар қылмыс жасаған тұлғаларға жазаны анықтайды;7) өзінің басылымға шығуымен 
қылмыстардың алдын алуға және азаматтардың құқықтық тұрғыда тәрбиеленуіне олардың құқықтық біліктіліктерін 
арттыруды ықпалын тигізеді. 
Осыған орай жоғарыда көрсетілген жағдайлардың негізінде қылмыстық заң барлық азаматтар мен лауазымды 
тұлғаларға міндетті күші бар, олардың қоғамдағы жағдайларына қарамастан. 
Дәрежелеу келесідей кезекпен және тәртіппен жүзеге асырылады:Қылмыстық іс бойынша барлық мән жайларды 
ретке келтіру. Істелгеннен заңды маңызды және маңызды емес белгілерді анықтау, қол сұғушылық объектісін 
сипаттайтын (тектік, түрлі, және тікелей), сонымен қатар объективті, субъективті жақтарын және қылмыстық құқық 
бұзушылық субъектісін; Қылмыстық-құқықтық нормалардың топтарын анықтау, бекітілген сәйкес заңды белгілермен 
(аралас қылмыс құрамдары); Қылмыс құрамын анықтайтын барлық нормалардың жиынтығы ішіндегі нақты бір бапты 
таңдап алу, толығымен істің нақты мән жайымен сәйкес келуін анықтау. Дәл осы қылмыстық норма колдануға жатады, 
яғни оның көмегімен қылмыстық әрекет дәрежеленеді; Қылмыстық құқық бұзушылықтарды дәрежелеу қылмыстық 
заңмен үздіксіз байланысатынын тыңдаушыларға түсіндіру қажет, себебі дәрежелеу процесі қандай да бір құқықтық 
кеңістікте қандай да бір уақыт кезеңінде қолданатын(әрекет ететін) заңға қатысты жасалған әрекеттің бағасын білдіреді. 
Қылмыс құрамының анықтамасына зер сала отырып, жекелеп алғанда қылмыс құрамы деп қарастырылып 
отырған әрекетті қылмысты, яғни қоғамдық қауіпті, қылмыстық құқықа қарсы және кінәлі іс-әрекет (әрекетсіздік) 
секілді анықтайтын объективті және субъективті қасиеттерге ие заңдық белгілердің жиынтығы түсініледі. 
Жалпығатанымал, қылмыстық жауаптылықтың жаңғыз негізі болып қылмыс құрамы табылады.
Соған байланысты қылмысты дәрежелеуді қылмыс құрамының элементтері бойынша: А) қылмыс объектісі және 
объективті жағы бойынша;Б) субъектісі және субъективті жағы бойынша дәрежелеу секілді қарастыру керек. 
Әрбір құқықа қарсы әрекет қылмыстық-құқықтық қорғаудың қандай да бір объектілеріне қолсұғады (белгілі бір 
қоғамдық қатынастар: мүдделер, бостандық, құндылық және б.), демек, қоғамдық қауіпті зардаптар әкелуі мүмкін (зиян, 
зарда, т.б.). 
Қылмыс субъектісі бойынша дәрежелеу тұлға қылмыстық жауаптылыққа тартылуға тиіс пе деген сұрақты шешу 
үшін жалпы белгілерді, яғни қылмыстық әрекетті жеке тұлға жасады ма, есі дұрыс па және қылмыстық заңмен 
белгіленге жасқа жетті ме? дегендерді анықтау қажет міндетті анықтауды болжайды. 
Сонымен бірге, егер ондайлар бар болса арнайы субъектінің белгілерін анықтау керек. 
Қылмыстық әрекетті субъективті жағы бойынша дәрежелеу едәуір күрделілік білдіреді, себебі мұндай дәрежелеу 
кінәлінің сансы мен еркінің онымен жасалған қоғамдық қауіпті әрекет пен байланысын анықтауды талап етеді, яғни кінә 
(міндетті) секілді, сонымен қоса себеп, мақсаттарды, ал кейбір жағдайларда сезімін (факультативті) анықтау. 
Сонымен, мұндай тәртіпте қылмысты дәрежелеу үшін қылмыс құрамының белгілерінің сыртқы және ішкі 
қасиеттерінің принципі (қағидасы)маңызды мәні бар. 
Қылмыстық құқық бұзушылықтарды дәрежелеудің ғылыми негіздері тақырыбы бойынша сұрақты зерттеу 
барысында, құқықтанушылармен әртүрлі нұсқадағы анықтамалар ұсынылғаны белгілі. Әрбір зерттеулі қадам сайын 
нақты берілген анықтамалар жетілдіріле түсуде, бірақ олар сыбайлас жемқорлық белгілерінің маңыздылығын ашатын 
кейбір тұрғыдан толық қамтылмайды. Дегенмен, қылмыстық құқық ғылымындағы қылмыстық құқық бұзушылықтарды 
дәрежелеуге, қылмыстық құқық теориясы тұрғысынан берілген анықтамасы ескіріп қалмайды, керісінше, ғылыми 
талқылаудың пәні ретінде және оның ерекше сипатын айқындау барысында анықтама нұсқасы ретінде ұсынылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   292




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет