193
ӘОЖ 541.18
ДЕНСАУЛЫҚ – БАСТЫ БАЙЛЫҚ
Кудратуллаева Г. – ЮМ-20-3К-1,
Иманбай Д . – ЮМ-20-3К-1
Жандарова А.А. – аға оқытушы
Денсаулық дегеніміз – адам жаны мен тәнінің амандағы. Халқымыздың тіршілігі мен бірлігі, жарқын келешегі
әдетте денсаулық мәдениетінің қаншалықты дәрежеде қалыптасуына байланысты. Денсаулық - ел дамуының басты
арқауы.
Адамның денсаулығы – қоғам байлығы. Денінің сау болуын қандай адам қаламайды. Әрбір адам өз
денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Дені сау адамның көңіл-күйі көтеріңкі болып, еңбекке әрқашан
құлшына кіріседі. Халқымыз “Дені саудың – жаны сау” деп орынды айтқан. Отанымыздың келешегі, көркеюі-
салауатты өмір салтын сақтау қолдауда. Қараңғы үйге кіріп келіп шам жақсаңыз, шам үйді жарық қылады.Көп қызыл
гүлдің ішінен бір ақ гүл көрсең, көзің соған түседі. Біздің де
өмірімізді жарық қылатын, жан-жағымызға тамаша
сәулесін шашатын , өмірдегі басты байлық-денсаулық.
Денсаулық –бұл адамның еңбекке белсенді болуы, әрі ұзақ өмір сүрүі, тәннің саулығын және рухани саулығын
сезіну. Де- генменде, біздің замандастарымыз соны ескерместен әр түрлі зиянды заттарға ұрынып жатады. Денсаулыққа
зиянды ішім-діктер мен темекі жастар ағзасын улауда. Қарапайым, темекі шегетін жас пен тартпайтын жас арасында
айырмашы-лық өте зор. Темекі тартатын жас адамның 25% артта қалған. Олар жиі суыққа ауырады. Өкпесінде сырыл
болады.Осы айтылғандардың бәрі темекі тартудың басталғанына 2-ақ жыл болған адамдарда кездеседі. Осыған сәйкес,
европа XYII ғасырда темекі тартумен күрес жүргізуді бастады.
Мысалы, Англияда темекнглияда темекі тартқаны үшін айыпталады, тұзақ салып, көшелерде дарға асты.Темекі
тартуды тоқтату мақсатында адамдар арасында үрей туғызу үшін, аузында темекісі бар
кесіп алған бастарды алаңға,
жұртшылық- тың көз алдында іліп қойды. 1860 жылы Францияда темекі тартушылармен қызу күрес жүргізілді. XIII
Людовик темекіні сатуға тыйым салды, орыс патшасы 1634 жылы темекі тартушыларға өлім жазасын қолданды, түрмеге
қамап,алыс жер-лерге жер аударды. Бұл қатаң жүйені қазақ еліне де ала келсе, қаншама жасөспірімдер ащыға уланбас
еді. Лев Толстой:
“Спиртті ішімдік адамның денсаулығын құртады, ең қорқыныштысы – адамның рухы мен ұрпағын жояды” –
деген екен. Демек, болашақ жас ұрпақ жаман әдетке бой сұқпау керек. Баланың туылғанынан әрбір жақсы ісін әдетке
айналдыруын қадағалау керек.
Күнделікті жеке бас гигиенасы да денсаулықтың негізгі критериі болып табылады.Тері тазалығы- адам
денсаулығының кепілінің бірі. Ыстық сумен және сабынмен жуынған жағдайда ғана теріні түрлі микробтар мен лас
нәрселерден айықты-рып, тазартуға болады. Адам терісінің ең өсімтал бөлігі – шаш пен тырнақ. Ол адамның миын күн
сәулесі мен суықтан сақтайды. Әр шаштың өзінің өмір сүру мерзімі бар. Шаш сырт көзге
өз қалпын сақтап тұрғанға
ұқсағанмен, шын мәнінде күніне 100тал шаш түсіп, 100 тал шығып отырады. Шашты аптасына 1 рет жуған жөн. Өте
суық күндері бас киімсіз шы-ғуға болмайды. Түрлі ауруға шалдығуымыз дәл осы кішігірім әрекеттерден басталады.
Арайлап атқан әрбір таңды адам баласы дені сау болып оянса сол бақыт! Ғаламдағы сан мыңдаған ауруына ем
таппай жүрген жандар қаншама. Күнделікті неше түрлі ауру түрлері де пайда болып жатыр. Осылардың барлығы, кейде
ой-лайсың, адам ниетінің тарылғанынан ба екен деп те... Ауруханалар мен шипажайлар да бос орын да табылмай
жатады. Ауру – адам баласының өзіне жасаған қылмысы деп ұққан жөн. Ұқыптылық танытпау, жеке бас гигиенасын
сақтамау, спортпен шұғылданбау адам қолымен жасалған дүниелер. Денсаулықтың зор болуына жаттығу да аз.
Эмоционалдық денсаулық –бұл өз сезімдерін түсіну және бақылау, керек кезінде өз сезімін түсінікті түрде шығара
білу,эмоцияның тыйым салатын және салмайтын көріністерін білу керек.
Ал рухани
денсаулыққа келер болсақ, бұл адам өмірінің орталығы, бұл–мораль, тәртіп және басқа біреудің
әрекетін қа-былдау этикасы,
мейірімділік пен қайырымдылық, әсемдікті қабылдау этикасы, мейірімділік пен
қайырымдылық, әсем-дікті қабылдау этикасы.Міне, бұл қасиеттер де жан мен тән саулығының кепілі. Денсаулықтың
қадірін ауырғанда білетініміз ғана өкінішті. Экологоияның ластығы да денсаулыққа үлкен әсерін беретіні бар.Айнала
қоршаған ортаны баптап ұстау да өз өмірімізге нәр берері хақ. Денсаулықтың зор болуына мынадай күнделік-ті
әрекеттерді әжетке қосайық:
-
Дұрыс тамақтану
-
Таңғы жаттығу
-
Таза ауада жаяу серуендеу
-
Жеке бас гигиенасын қатаң сақтау
“Бірінші байлық - денсаулық”деп хана халқымыз айтқандай болашақ еліміздің әрбір азаматын зиянды әдеттерден
ішімдік,
нашақорлық, шылым шегушіліктен сақтандыру, олардың денсаулыққа, болашақ ұрпаққа жау екендігін
түсіндіру, өркениетті елімізге лайықты зиянды әдеттерге қарсы күресетін білімді тұлға тәрбиелеу – баршамыздың Отан
алдындағы борышымыз деп білейік! Дені сау азаматтар – мемлекеттің ең бағалы капиталы.
Өміріміз өз
қолымызда.Дамыған мемле - кет ұрпағы – дені сау, ақылы озат жастар.
Достарыңызбен бөлісу: