Ғылыми жетекші: Жексенова Б. О



бет5/7
Дата25.03.2022
өлшемі50.48 Kb.
#456466
1   2   3   4   5   6   7
Айзада курсовой (1)

Стол үсті ойындары,

  • Дидактикалық ойындар;

  • Қозғалыс ойындары;

  • Іскерлік ойындар;

  • Интеллектуалдық ойындар.

    1. Стол үсті ойындары. Оқушылардың зейінділігін дамытатын, ой – өрісін кеңейтетін құрал. Сыныпта стол үсті ойындарын топтық және де жекше жұмыста қолдануға болады. Бұл ойын түрлеріне ребустар, сөзжұмбақтар жатады. Оларды тақта да, ватман қағазында, қима қағазында және компьютерде орындауға болады. Бұл ойындарды сабақ барысын қорытындылап және білімді тиянақтау кезінде қолдануға болады.

    2. Дидактикалық ойындар. Оқушылардың таным белсенділігін арттыратын, ойлау қабілеттерін дамытатынтәсілдердің біріне жатады. Осы арқылы кез – келген оқу материалдарын қызықты да,

    12


    тартымды қылып оқушылардың көңіл – күйлерін көтеруге өз жұмыстарына қанағаттануға және де білім үрдісін жеңіл меңгеруге көмек береді. Мысалы «алфавит» ойыны, бірінші оқушы: Apple деп А әріпінен басталатын сөзді айтады, келесі оқушы бірінші оқушының сөзін қайталап, В әріпінен басталатын сөзді айтады, т.с.с.

    1. Қозғалыс ойындары. Бұл ойындар оқушылардың іс – әрекеттерінің бір түрінен екінші бір түрге тез ауысуынан көмектеседі,ешқандай арнайы дайындықты талап етпейді. Бұл ойынды жабық немесе ашық алаңдарда өткізуге болады.

    2. Іскерлік ойындар. Оқушылардың оқу мазмұнын терең меңгеруге, пысықтауға ықпалын тигізеді. Олар саяхат сабақтарда белсене қатысуымен, ауызша айтуымен, күйзелуімен білімдерін жетілдіреді. Бұл ойын түрі оқушылардың қиялын дамытады, салыстыруға, дамытуға үйретеді.

    3. Интеллектуалдық ойындар. Бұл ойындар оқушылардың зор белсенділігін оятады. Бұл ойынның элементтеріне ұғынуға және жүйріктікке, зеректікке бейімдейтін тапсырмалар – жұмбақтар және бас қатырғыштар жатады.

    Кез – келген ойынды қолданғанда мына мәселелерді естен шығармауымыз керек:

    • Әр – түрлі ойындарды ойнаған кезде шығармашылыққа дайындау;

    • Ойын, ойынның түрлері, мазмұны оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай болуы тиіс.

    • Жарқын көрнекіліктер ойынды талапқа сай өткізуге септігін тигізеді.

    • Ойынның қызықты материалдары тақырыппен сәйкес келуі керек.

    «Telephoning» ойыны. Бұл ойындар сан есімдерді жаттап, жаттығуға арналған. Бір оқушы телефонмен сыныптағы оқушының номерін телефон номерін теріп, сандарды ауызша айтады. Қоңырау шалған оқушы қоңырауға жауап беріп, қысқаша реплика құрып, диалог жасауы керек. Нәтиже:

    1. Әр оқушының шығармашылығы артады;

    2. Жылдам жұмыс істеуге дағдыланады;

    3. Оқушының жеке қабілеті анықталады;

    4. Оқушы топ жаруға ұмтылады;

    5. Оқушының ойлау қабілеті дамиды;

    6. Әр оқушы өз деңгейімен бағаланады.

    Оқушыларға берілген «Kim`s Game» ойынын ұсынамын:оқушының сөмкесіндегі зттарды оқыту үшін бәрін партаның үстіне жинап қойып, оларды

    13
    қайталау керек, содан соң бір – бірден тығып, өздеріне тапқызу керек. Мысалы: Close your eyes! Open your eyes! What`s missing? Қорыта келе айтатын болсам: бұл ойын арқылы оқшы өздігінен жұмыс істеуге үйренеді, сөздік қоры байып, тілі дамиды, зейіні қалыптасады, байқампаздығы артады, сыйластыққа үйренеді, тәртіптілікке баулиды, бір – біріне деген оқушы сенімділігі артады, сабаққа деген қызығушылығы оянады. Атақты американдық жазушы Е.Градин: «You can not effectively learn a foreign language until you make a million mistakes in that language. So hurry up and made your million mistakes.» деп пікір айтқандай, кез – келген адам ағылшын тілінде сөйлеу кезінде миллинондаған қателіктер жіберу арқылы үйреніп, шыңдала алады.


    14
    1.3.Ағылшын тілі сабағында дидактикалық ойындар арқылы коммуникативтік құзіреттілікті дамыту.


    Адамзаттың көптеген жылдар бойғы ойнау тәжірибесі ойынның білімділік құндылығын дәлелдеді. Ойынның шығу тарихын ғалымдар жылдар бойы зерттеп келеді. Ойын өмірде біз үшін пайдасыз көрінгенімен аса қажетті көрініс –құбылыс болып табылады. Ойын арқылы оқушылардың оқуға, еңбекке деген белсенділігін, қызығушылығын арттыра аламыз.Ойын барысында оқушылардың белсенділігі шығармашылығы дамиды. Ал мұғалімнің міндеті – балаларды ойынға қызығушылығымен бар ынтасымен қатысуын қамтамасыз ету.


    Ағылшын тілі мұғалімдерінің оқу – тәрбие жұысының негізгі саласы сабақ. Сабақ барысында оқушылардың біліктілігі, іскерлігі, дағдысы, дүниетанымы дамиды. Негізгі бетбұрыс оқушы білімінің спасын арттыру, яғни оқушыға берген біліміміздің қайтарымын көру. Ол үшін сабаққа оқушылардың барлығын қызығушылықтарын оята отырып қатыстыру. Бес саусақ бірдей емес,
    Яғни әрбір оқушының дүниетанымы, даму ерекшеліктері, сабаққа деген қызығушылықтары әртүрлі. Сондықтан оқушылардың деңгейіне байланысты тапсырмалар беруіміз қажет. Ал ойын элементтері кез – келген оқушының қызығушылығын оята алады. Тіпті төмен деңгейдегі нашар оқитын оқушылардың өзіде ойын арқылы берілген тапсырманы қызығушылықпен белсенді түрде орындай алады. Оқушылардың қызығушылықтарын туғызатын ойын түрінің бірі – дидактикалық ойындар.
    Ойын элементтерін қолдана отырып мұғалім оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын, зейінін арттыру мақсатында әртүрлі әдіс – тәсілдерді қолданады. Яғни мұғалім әртүрлі заттарды қолдану арқылы сұрақтар қойып, заттарды көрсетіп, түсіндіріп ойын сюжетін құрастырады. Ағылшын тілі сабақтарында дидактикалық ойындарды жаңа тақырыпты түсіндіру барысында, қайталау, пысықтау, жаттығу сабақтарында қолдануға болады. 5-6 сынып оқушылыары әлі де болса ойын балалары, сондықтан мұғалім оларды жалықтырып алмауы керке, керісінше қызықты етіп өткізуге тырысуы қажет. Ойындар оқушылардың ой – өрісін дамытуға ойлау қабілетін арттыруға, үйретілген, өтілген тақырыптарды жақсы меңгеруге үлкен әсерін тигізеді. Ойын оқу пәндерінің мазмұнымен тығыз байланыста жүргізілгенде ғана дұрыс нәтиже береді. Ойын арқылы оқушы нені меңгереді:

    1. Оқушылар нақты қызмет тәжірибесін меңгереді;

    2. Оқушылар тек бақылаушы ғана емес, қиын мәселелерді өз беттерімен шешуге дағдыланады;

    15


    1. Оқу процесінде алған білімді нақты істе қолдана білуге мүмкіндік береді;

    2. Оқушы әрекетіне негізделген оқу көлемін басқарады;

    3. Уақытты үнемдеуге үйретеді;

    4. Оқушылар үшін психологиялық жағынан жағымды;

    5. Ойын барысында шешім қабылдау оқушылардан аса жауапкершілікті талап етеді.

    6. Оқушылар үшін қауіпсіз.

    Сабақта ойын түрлерін пайдалану сабақ түрлері мен әдістерін жетілдіру жолындағы ізденістердің бірі болып саналады. Ойын түрлерін оқу процесін пысықтау, жаңа сабақты қорытындылауда, қайталау сабақтарында қолдануға болады. Ойын түрлерінің материалды сабақтың тақырыбы мен мазмұнына сәйкес келсе, оның танымдылық маңызы да арта түседі. Ойынды іріктеп алға нақтыл сабақтың мақсаты, мүмкіндіктері мен жағдайларын ескеруге ерекше мән берген жөн. Ағылшын мұғалімінің баланың ойын жетілдіретін, сабаққа деген белсенділігін, қызығушылығын арттыру үшін басты қолданылатын әдіс – тәсілдердің бірі – ойын болып табылады. Педагогикалық ойынның маңызы зор. Ойын біріншіден: білу және үйрену; екіншіден: оқушының ойынға қатыса отырып, өзіндік білім алуы мен өмірлік тәжірибесін жинақтауға септігін тигізеді. Ойынның: кәсіптік, әуестену, оқу – жаттығу секілді түрлері бар.
    Ағылышын тілі сабағында ойын технологиясын қолдану арқылы оқушылардың тілге деген қызығушылығын қалыптастыруда еңбек, ойын, оқу ерте кезден – ақ адам тіршілігінің негізгі үш тірегі болып табылады. Ол балалар үшін кәмелеттік жасқа дейін жүріп өтетін өмір сатысы. Ойын технологиясы балалардың айналасын тану мақсатындағы белсенділігі мен шығармашылығының қалыптасуына жол ашатын табиғи құбылыс.
    Атақты педагогтар В.А.Сухомлинский, Н.К.Хрупская, К.Д.Ушинский, ойынның балалардың ой – өрісін дамытуда, дүниетанымын қалыптастыруда маңыздылығын атп көрсеткен. Ол ойындар баланың тапқырлығын, байқағыштығын, зейінділігін арттырумен қатар, ерік сезімдерінің түрлерін де дамытады. Психологиялық тұрғыдан алып қарағанда бастауыш және орта буын сынып оқушылары белсенді және өте қозғалмалы болып келеді. Бұл жастағы балалар өздерін еркін ұстап, сабаққа асқан қызығушылықпен қатысады, өзінің айналасындағы нәрселерді көріп соны бейнелеуге тырысады. Рөлдік ойындарды табысты және қарқынды жүргізе алады. Сөйлеу әрекетінде қозғаушы күш – ырғақ. Сөйлеу ырғағын құру мқғалімдердің рөлдік ойындарды ұйымдастырудығы ең қиын іс – әрекеті. Оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында мұғалім ойынға қатысушының өзіндік сөз ырғағын бейнелеп көрсетіп, тапсырманы дұрыс құра білуі қажет. Тақырыптық рөлдік

    16
    ойындар оқушылардың сөйлеу дағдысының қалыптасуын дамытады. Ойынның сабақ барысындағы басты мақсаты – білім беруді ойынмен ұштастыру. Баланың ойынға белсенді түрде қатысуы оның ұжымдағы басқа да әрекеттерін айқындайды. Ойын бір қарағана жай ғана қарапайым құбылыс немесе іс – әрекет сияқты көрінгенімен ол ұжымдық әрекет. Яғни мысал ретінде алатын болсақ « дым білмес» ойыны оқушылар карташадағы немес тақтадағы сөзді дұрыс оқымайды, мысалы мұғалім 20 санынын көрсетеді, ал дым білмес: «It`s twelve»десе, сынып түзетіп: «no, it`s twenty» деп жауап беруі керек. Түсті ата ойынында мұғалім қызыл түсті карташаны көрсетіп, « What colour is it?», ал оқушылар: «It`s red» - деп жауап береді.Әр ойын сабақ мақсатына сай қолданыс табады. Бұл ойындар арқылы оқушылардың сөйлеу тілін жаттықтырады, яғни коммуникативтік құзіреттілікті арттырады. Қимылдары дамуымен қатар ойын барысында өлең, тақпақ жаттайды. Сонымен қатар оқушылардың құзіреттіліктерін дамытатын рөльдік, сюжеттік ойындарға көп мән беремін. Ойын барысында оқшы мен мұғалім арасындағы байланыс нығайып, оқушы сұранысы мен мұғалім тапсырмасы ұштасады. Мысалы « Our house» ойынын ойнатқан сәтте оқушыларға топқа бөлініп, өздері тұрғысы келетін үйдің сұлбасын сызып, суретін салу тапсырмасы берілді. Содан соң үйді салу үшін материалдарды анықтап алады. Осылайша ойын өмірмен байланысты болып, оқушының құзіреттілігін дамытып, білімге деген қызығушылығын оятып, тәрбиелік мін бере алады.

    17
    II тарау. Мектеп оқушыларындығы адами құндылықтарды қалыптастырудығы ағылышын тілінің мүмкіндіктері.
    2.1.Ағылшын тілі сабағында ойын технологиясын қолдану арқылы оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу.

    Қазіргі кезде ағылшын тілі мұғалімінің бсты міндеті оқушыларға ағылшын тілін меңгертіп қана қоймай, оларды өздігінен жұмыс істеуіне, тілге деген қызығушылықтарын дамыту болып табылады. Ағылшын тілін үйрету қиын да, қызықты жұмыс. Қазіргі кезде мұғалімдерге қойылып отырған талап жаңа технологиялық әдістерді қолдана отырып, саплы терең білім беру, оқушылардың ойлау және есте сақтау қабілеттерін дамыту.


    Сабақ талқылау барысында білім деңгейлері әртүрлі оқушылар яғни күшті және де орташа оқушылармен қатар үлгерімі төмен оқушылар да белсенділік танытады. Мұндай талқылау әдісі сабақта жетістікке жеткізіп, адамгершілік тәрбиені іске асырады. Сабақты проблемалық жағдаяттар туғызатын жаттығулар орындаудан бастауға болады. Сонымен қатар, бағалаудың түрлі тәсілдері балаға жетістікке жеткен кезде немесе сәтсіздікке ұшыраған сәттерде оң немесе теріс әсер етеді. Сабақта бағалаудың міндетті түрде түрлі жолдарын қолдану керек. Мысалы, бақылау жұмысынан кейін оқушылармен жетістік сатысын құруды ұсынуға болады. Бұл тәсіл өте тиімді болып саналады. Себебі оқушылар өз жетістіктері мен сәтсіздіктерін талдай отыра, сын, өзара сыйластық сияқты қасиеттерді көрсетеді, өзгелердің жетістігіне қуануды үйренеді, өзіне және сыныптастарына қатысты сынды дауыстап айтады. Кейбір сабақтарда бағалау жетондарын пайдалану тиімді, оқушылар осы арқылы өздерін бағалай алады. Бұл жағдайда сабақтағы белсенділік артады. Сабақ соңында қорытынды жасап және тиісті бағаны журналға қою тиімді болады. Бұл тәсіл жауапкершілік, адалдық, парасаттылық және өзара сыйластықты тәрбиелеуге мүмкіндік береді. Әрине, сонымен қатар, сабақтың барысында мұғалімнің ауызша бағалауы – мұғалімнің мақұлдауы, кей іс – әрекеттерде сыныптастары тарапынан бағалаулр болуы керек. Сабақ соңында рефлексия кезеңі болуы шарт. Дәл осы кезеңде оқушылармен бірге тәрбиелік көзқарас негізінде бағалау мүмкіндігі туады. Бұл жерде мұғалімнің және оқушылардың талдауы, сонымен қатар өзіндік талдауы болады.Адамгершілік критерияларына, еңбектегі жетістіктерге, сәтсіздіктерге акцент жасалады, ақыл – ой тәрбиесі аспектісі қозғалады.
    Кез – келген сабақтың үлкен тәрбиелік әлеуеті бар, сондықтан да мұғалімге оқушыларға зиян келтірмеу жауапкершілігі жүктеледі. Әдістемелік жағынан дұрыс құрылған сабақ өзінің әрбір сәтімен тәрбиелейді, материалдық жағынан

    18
    өзекті және қажет, қызықты етеді. Педагогикалық процесс деп көздеген мақсатқа қол жеткізуге бағытталған және жағдайдың алдын ала көзделген өзгерісіне, тәрбиеленушілердің қасиеттері мен сапаларын түрлендіруге жеткізетін тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің дамытушы өзара іс – әрекет аталатыны белгілі. Тұтастық пен ортақтық негізінде оқыту, дамыту, тәрбиелеу бірлігін қамтамсыз ету педагогикалық процестің негізін құрайды. Педагогтар, тәрбиеленушілер, тәрбие жағдайлары – педагогикалық процесс жүретін жүйенің компонентттері болып табылады. Процесстің негігі мақсаты - тұлғаны жан – жақты, үйлесімді дамуынан бастап, жекеленген қасиеттерден немесе олардың нақты элементтерін қалыптастырудың нақтылы міндеттерінен тұрады. Кез – келген педагогикалық жүйенің құрамына енетін компоненттер: педагог, оқушылар, білім мазмұны, педгогикалық процесті ұйымдастыру формасы, педагогикалық процестің оқыту және де тәрбие әдістері, педагогикалық процестің құралдары, мақсаты мен нәтижесі кіреді.




    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6   7




    ©dereksiz.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет