Ғылыми жұмыс аймақтық экономика дамуын мемлекеттік реттеу: басым бағыттары мен аймақтық саясаттың мәселелері



бет7/9
Дата18.03.2022
өлшемі302.5 Kb.
#456395
1   2   3   4   5   6   7   8   9
?ûëûìè æ?ìûñ àéìà?òû? ýêîíîìèêà äàìóûí ìåìëåêåòò³ê ðåòòåó áàñûì

Қорытынды

«Аймақтық даму» ұғымы аймақтық экономикалық жүйенің ұдайы өндірісінің үдемелі үдерісін, экономикалық және әлеуметтік даму, экологиялық тепе-теңдігі арқылы сол аумақта тұрып жатқан халықтың өмір сүрудің лайықты деңгейі мен сапасын қамтамасыз етуді білдіреді. Бұл үдеріске тұрақтылық, кепілдік бейнесін «тұрақты» аймақтық даму, басым бағыттарын айқындау ұғымдары береді.


Аймақтың экономикалық дамуын бағалау және қазіргі жағдайы Нарықты экономикада Республиканың әр бір аймағының экономикалық, әлеуметтік, геополитикалық және т.б. маңыздылығы артады. Аймақтың өндірістерін, қорларын, экологиялық потенциалдарын, әлеуметтік мәселелерін тиімді шешу, сол жердің ғана емес, сонымен қатар мемлекеттің экономикалық жағдайларын жандандырады.
Артта қалған аймақтардың экономикалық дамуын қолдауға бағытталған мемлекеттік іс-шаралар мен аймақтық саясаттың табыстылығы көп жағдайда қржылық қолдау көрсету нысандары мен шарттарына жауап беретін аймақтардың типологиясына таңдалынған тәсілдемелерге байланысты болады. Қазақстанның облыстарын дәстүрлі түрде аумақтық-климаттық белгілері бойынша – Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан және Орталық Қазақстан деп бөлінуі қаржылық көмек көрсету мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес келмейді. Бір топтағы әрбір облыстың әр түрлі табиға, демографиялық, тарихи, мәдени және өзгеде жағдайлар тән, экономиканың әр түрлі құрылымы мен сан алуан экономикалық әлеуеті бар, сондықтан мәселелері де әр қилы болып келеді.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің «Қазақстан-2050 стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына жолдауында аймақтардағы әлеуметтік-экономикалық жағдайларды теңдестіру қажеттілігіне аса маңызды көңіл бөлінеді. Бұл мәселені шешу үшін аймақтық экономикалық мүдделерді іске асыруға бағытталған аймақтық саясаттың жаңа жолын қолданған дұрыс.- екендігін атап көрсетті.
Соған орай, еліміздегі аймақтардың дамуын жетілдіру мақсатында келесідей міндеттерді шешу қажет:

  • аймақтардың салыстырмалы шаруашылық дербестігін қамтамасыз ететін саяси, экономикалық, экологиялық және құқықтық сипаттағы шаралар кешенін әзірлеу;

  • Қазақстан Республикасының барлық аумақтарында экономикалық белсенділікті мемлекеттік ынталандыруының жекелеген аймақтарды сұрыпталған мемлекеттік қолдаумен үйлесімдігі;

  • институционладық, нарықтық инфрақұрұлымдардың аймақтық пен жалпы республикалық тауар, еңбек және капитал нарықтарының дамуы мен оның күшеюі;

  • артта қалған ауылдарды қайта өрлету үшін материалдық негіздер құру;

  • аймақтардағы халықтың тұрмыс деігейі мен сапасындағы ақталмаған айырмашылықтарды теңестіру, әлсіз дамыған аймақтардағы экономиканың және әлеуметтік саласының депрессиялық жай күйін еңсеру.

Осы жоғарыда ұсынылған міндеттерді, аймақтық саясатты жүргізу арқылы мемлекеттің реттеуі нәтижесінде аймақтың дамуын ілгерілетіп алдағы уақытта оң нәтижелерді көрсетуі ықтимал.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет