Ғылыми жұмыс аймақтық экономика дамуын мемлекеттік реттеу: басым бағыттары мен аймақтық саясаттың мәселелері



бет3/3
Дата15.06.2016
өлшемі302.5 Kb.
#138163
1   2   3

Қорытынды
«Аймақтық даму» ұғымы аймақтық экономикалық жүйенің ұдайы өндірісінің үдемелі үдерісін, экономикалық және әлеуметтік даму, экологиялық тепе-теңдігі арқылы сол аумақта тұрып жатқан халықтың өмір сүрудің лайықты деңгейі мен сапасын қамтамасыз етуді білдіреді. Бұл үдеріске тұрақтылық, кепілдік бейнесін «тұрақты» аймақтық даму, басым бағыттарын айқындау ұғымдары береді.

Аймақтың экономикалық дамуын бағалау және қазіргі жағдайы Нарықты экономикада Республиканың әр бір аймағының экономикалық, әлеуметтік, геополитикалық және т.б. маңыздылығы артады. Аймақтың өндірістерін, қорларын, экологиялық потенциалдарын, әлеуметтік мәселелерін тиімді шешу, сол жердің ғана емес, сонымен қатар мемлекеттің экономикалық жағдайларын жандандырады.

Артта қалған аймақтардың экономикалық дамуын қолдауға бағытталған мемлекеттік іс-шаралар мен аймақтық саясаттың табыстылығы көп жағдайда қржылық қолдау көрсету нысандары мен шарттарына жауап беретін аймақтардың типологиясына таңдалынған тәсілдемелерге байланысты болады. Қазақстанның облыстарын дәстүрлі түрде аумақтық-климаттық белгілері бойынша – Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан және Орталық Қазақстан деп бөлінуі қаржылық көмек көрсету мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес келмейді. Бір топтағы әрбір облыстың әр түрлі табиға, демографиялық, тарихи, мәдени және өзгеде жағдайлар тән, экономиканың әр түрлі құрылымы мен сан алуан экономикалық әлеуеті бар, сондықтан мәселелері де әр қилы болып келеді.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің «Қазақстан-2050 стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына жолдауында аймақтардағы әлеуметтік-экономикалық жағдайларды теңдестіру қажеттілігіне аса маңызды көңіл бөлінеді. Бұл мәселені шешу үшін аймақтық экономикалық мүдделерді іске асыруға бағытталған аймақтық саясаттың жаңа жолын қолданған дұрыс.- екендігін атап көрсетті.



Соған орай, еліміздегі аймақтардың дамуын жетілдіру мақсатында келесідей міндеттерді шешу қажет:

  • аймақтардың салыстырмалы шаруашылық дербестігін қамтамасыз ететін саяси, экономикалық, экологиялық және құқықтық сипаттағы шаралар кешенін әзірлеу;

  • Қазақстан Республикасының барлық аумақтарында экономикалық белсенділікті мемлекеттік ынталандыруының жекелеген аймақтарды сұрыпталған мемлекеттік қолдаумен үйлесімдігі;

  • институционладық, нарықтық инфрақұрұлымдардың аймақтық пен жалпы республикалық тауар, еңбек және капитал нарықтарының дамуы мен оның күшеюі;

  • артта қалған ауылдарды қайта өрлету үшін материалдық негіздер құру;

  • аймақтардағы халықтың тұрмыс деігейі мен сапасындағы ақталмаған айырмашылықтарды теңестіру, әлсіз дамыған аймақтардағы экономиканың және әлеуметтік саласының депрессиялық жай күйін еңсеру.

Осы жоғарыда ұсынылған міндеттерді, аймақтық саясатты жүргізу арқылы мемлекеттің реттеуі нәтижесінде аймақтың дамуын ілгерілетіп алдағы уақытта оң нәтижелерді көрсетуі ықтимал.
Қолданылған әдебиеттер тізімі

  1. Региональная политика Республики Казахстан: экономический механизм реализаций. отв. ред. Кежегузина М.Б. – Алматы. Институт экономики МН-АН РК, 1998.-189 с.

  2. Концепция региональной политики Республики Казахстан на 2002-2006 гг. Постановление Правительства Республик Казахстан от 7 декабря 2001 г № 158// САПП РК6 № 45-46. 2001.

  3. Бибатырова И.А. Региональная экономика и управление. Учебное пособие. – Алматы, 2012. – 220с.

  4. Интыкбаева С.Ж Финансовые проблемы регионального развития в Республик Казахстан. – Алматы. Қаржы – Қаражат, 2003. – 128 с.

  5. Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан – 2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты. ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы. – Астана, Ақорда. 14 желтоқсан 2012 жылы.

  6. Видяпин В.И. Региональная экономика. Учебник. М.: Инфра-М, 2010.

  7. Алехин Э.В. Региональная экономика и управление. Учебное пособие. – Пенза, 2007.

  8. Гранберг А.Г. Основы региональной экономики. Учебник для вузов. – 4-е изд. – М.: ГУ ВШЭ, 2004.

  9. Некрасов Н.Н. Региональная экономика. Теорие, проблемы, методы. – М.: Экономика, 2004.

  10. Нурланова Н.К. Региональная парадигма устойчивого развития Казахстана: проблемы теории и практики. Монография / Н.К.Нурланова. - Алматы: Институт экономики КН МОН РК, 2010

  11. Бекенова Г.Ы. Аймақтар экономикасы. Оқу құралы. – Алматы, 2010.Ә

  12. Әубәкірова Ж.Я., Құдабаева Ж.М. Аймақтық экономика. Оқу құралы. – Алматы, 2014.

  13. http://www.izden.kz – ақпараттық сайт.

  14. http://www.stat.gov.kz- Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі комитетінің ресми сайты

Ғылыми жұмыстың аңдатпасы


  1. Атауы: Аймақтық экономика дамуының басым бағыттары

  2. Ғылыми-техникалық ақпараттың мемлекеттік рубрикаторы: 06.58

  3. ЖОО: С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университет

  4. Жұмыстың аяқталу жылы: 2014 жыл

  5. Жұмыс көлемі: 32 б.

  6. Қосымшалар саны: -

  7. Суреттер саны: -

  8. Кестелер саны: 3 б.

  9. Қолданылған әдебиеттер саны: 14 .


Жұмыстың сипаттамасы:

  1. Ғылыми жұмыстың мақсаты

Қазақстан Республикасының аймақтық экономикасының дамуының басым бағыттарын зерттеу және айқындау.

  1. Зерттеу әдістері

Зерттеудiң теориялық және әдiстемелiк негiзiне Қазақстан Республикасының аймақтық экономикасының дамуының басым бағыттарындағы отандық ғалымдардың еңбектері мен зерттеулері жатады. Сонымен қатар, жұмыста ҚР-ның статистика агенттігінің, ҚР-ның әлеуметтік қорғау және бақылау комитетінің, ҚР-ның Экономикалық ықпалдастыру істері министрлігінің және Қазақстан Республикасы өңірлерінің материалдары мен анықтамалары қолданылған.

  1. Ғылыми зерттеудің негізгі нәтижелері (ғылыми, тәжірибелік)

Қазақстан Республикасының аймақтық экономикасының дамуының басым бағыттары талқыланып, олардың қазіргі жағдайдағы ахуалы зерттеліп тұжырымдама жасалынды. Аймақтардың даму мәселесі қарастырылып, тиімді дамыту жолдары көрсетілді.

  1. Ғылыми нәтижелерді пайдалану туралы құжаттардың болуы: иә

Зерттеу жұмысы тақырыбы шеңберінде жүргізілген зерттеу жұмысының нәтижелері С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-нің оқу үрдісіне енгізілді.

Жұмыс авторлары Жәнібекова С.Ж


Қызырбекова Қ.Қ

Спрямоугольник 7ҒЗЖ конкурсына ұсынылған

жұмыстың авторы мен ғылыми жетекшісі туралы

МӘЛІМЕТТЕР


АВТОРЛАРЫ

ҒЫЛЫМИ ЖЕТЕКШІ


1. Жәнібекова

2. Салтанат

3. Жәнібекқызы

4. 5В051000-«Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығының 4 курс студенті

5. ШҚО, Өскемен қ., Чернов к. 38.

ұ.т.. 8-777-988-11-07,





1. Домалатов

2. Ержан


3. Багданович

4. Жас ғалымдар мен студенттер кеңесінің төрағасы

5. ШҚО, Өскемен қ., Астана к. 12-38.

ұ.т.: 8-777-742-34-95, 8-7775-172-96-16



1. Қызырбекова

2. Қаламқас

3. Қызырбекқызы

4. 5В051000-«Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығының 4 курс студенті

5. ШҚО, Өскемен қ., Чернов к. 38.

ұ.т.. 8-701-801-65-54,





Стратегиялық даму және

ғылыми жұмыс жөніндегі проректор



Б.А. Ердембеков



Ғылыми жетекші


Е.Б. Домалатов

Жұмыс авторлары

Жәнібекова С.Ж

Қызырбекова Қ.Қ



прямоугольник 6




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет