Ғылыми жұмыс аймақтық экономика дамуын мемлекеттік реттеу: басым бағыттары мен аймақтық саясаттың мәселелері


тарау. Аймақ экономиканың дамуын мемлекеттік реттеу



бет2/3
Дата15.06.2016
өлшемі302.5 Kb.
#138163
1   2   3

3 тарау. Аймақ экономиканың дамуын мемлекеттік реттеу
Мемлекет нарықтық қатынастардың дамуы барысында кәсіпорындарға толықтай дербестік бере отырып, олардың шаруашылық қызыметіне тікелей араласпағанымен де, жанама түрде (салықтар, экологиялық, монополияға қарсы шектеулер т.б,) арласады. Бұл нарық жағдайында кәсіпорындардың тимді қызымет етуінің бір шарты деуге болады. Ал егер мемелекет аймақтармен дұрыс өзара қарым-қатынас орнатпаған болса, немесе халықтың өмір сүруін қамтамасыз ететін ортасы болып табылатын мемелекеттің барлық аумақтарының дамуы үшін жауапкершіліктен бас тартатын болса, онда жүргізіліп жатқан реформалардың оң нәтижеге жеткізбейтіндігі анық. Демек, аймақтардың дамуын мемелекеттік реттеу - олардың дамуының қажетті шарты.

Аймақтар экономикасын мемлекеттік реттеу — еліміздің және оның жекеленген аймақтарының экономикалық жағдайын қамтамасыз етуге қойлған мақсаттарға жетуді көздейтін мәселелерді шешуге бағытталуы керек.

Аймақтық дамуды мемлекеттік реттеу – бұл халықтың өмір сүру сапасын жақсарту мен деңгейін көтеру мақсатында барлық аймақтық жүйені толық тұрақты және теңдікті сақтай қызмет жасауын қамтамасыз ететін арнайы ұйымдастырылған іс-әрекеттер.

Мұндай іс-әрекеттер әр деңгейде атқарылады: жергілікті жерлерде өзін-өзі басқару түрінде іске асса, аймақтарда ірі аумақтық бірліктің қызыушылығын қорғайтын арнайы органдармен іске асырылады, ал мемлекет деңгейінде жалпы мемлекеттік реттеу жүреді. Әр деңгейде зерттеу нысандары мен субъектілері өзгеріп отырады. Бірақ идеология барлық деңгейде бір қалыпты болады. Яғни барлық деңгейде іс әрекеттер әлеуметтік бағытта болып тұрақтылық пен тепе-теңдікті қамтамасыз етеді.

Аумақтардың дамуын реттеу нақты реттеу теорияларына, мазмұнына негіздеме тиімді болады. Өйткені реттеудің мазмұнын нақты саяси, ұйымдастырушылық, қаржылық, экономикалық және басқада әрекеттер құрайды.

Аумақтық дамуды мемлекеттік реттеудің құрылымын келесідей нақты әрекеттер құрайды:

1.Тікелей және жанама әрекеттер;

2.Айқын және айқын емес әрекеттер;

3.Жалпыға ортақ және жеке селективті әрекеттер.

Бұл әрекеттер міндетті түрде бір бағытта болмайды және оларды орынды пайдаланбаған жағдайда бірінің тиімділігін екіншісі кемітеді. Аумақтық дамудың мемлекеттік реттеу нысандары мен субъектілерін ажыратады. Реттеу нысандарына нақты кәсіпорындар, ұйымдар, өндірістер жатады. Реттеу субъектілеріне жеке және заңды тұлғалар жатады. Мұнда орталық субъект жұбы географиялық орналасуды сипаттайды. Ал нақты орталық қаралып отырған қатнастардың кем дегенде 3 субъектісімен ашылады. Олар:

1.ҚР Президенті – ол әр түрлі тапсырыстар беріп заңдар шығарады.

2.ҚР Үкіметі және оның министрлері – олар тиесілі шешімдер қабылдап

белгілі бір қаржылық ресурстарды бөліп нормативтік актілерді іске асырады.

3. Жергілікті атқарушы органдар жатады.

Аумақтық дамуды көбінесе мемлекеттік жеке аумақтарға селективтік көмек

көрсетуі арқылы іске асырылады. Көмек көрсетуді қолдау дегеніміз - мемлекеттің билік органдарымен арнайы ұйымдастырылатын саяси ынтымақтастық. Әлеуметтік қаржылық экономикалық және басқада іс-әрекеттері.

Мемлекеттік қолдаудың келесідей мақсаттары бар:

1.Объективті себептерден өздері өздерін дамыта алмайтын аумақтардың дамуына жағдай жасау дамытуды үстемелеу;

2.Жеке аймақтардың халықтары әлеуметтік жағына көшіп қонуын үстемелеу және ресурсты бағытты миграция;

3.Мемлекеттік тұрғыдан маңызды әлеуеттік ісу нүктелерін құруға және қызмет етуге қолайлы жағдайлар жасау;

4.Жеке аймақтардың мемлекеттік қызметтерін атқаруды қамтамасыз ету;

5.Ерекше саяси және геосаяси маңызды аймақтарда арнайы ұйымдастырушылық тәртіптерді құрып оларды қолдау;

6.Апатты зоналардың құрылымына оперативті іс-әрекеттер жүргізу.

Аймақтық дамудың мемлекеттік реттеу моделі келесідей 4 блоктан тұрады:

1.Қалыптастыру блогы – мұнда реттеуді құқықтық актілерімен қамтамасыз етілуі, ақпараттық талдауды іске асырады. Негізгі мақсаты белгіленген іс әрекеттер негізінде және заңдық күш беру;

2.Ресурстық блок – қаржы табиғи ресурстармен қамту;

3.Іске асыру блогы – қабылданған мақсаттарды іске асыру;

4.Бақылау блогы – іске асырылған жұмыстарға бақылау жасау.

Қазақстан үшін аймақтық даму мақсаттары ретінде төмендегілерді атауға болады:



  1. Әрбір аймақтағы халықтың тұрмыс-жағдайының деңгейін теңестіру.

  2. Дағдарыстық аймақтарды құрлымдық қайта құру. Бірінші мақсаттан айырмашылығы теңестіру саясаты жалпы барлық мемелекет үшін жүргізілетіндігімен ерекшелінеді. Дағдарыстық аймақтарды құрлымдық қайта құру тек ірі, жалпы мемелекттік бағдарлама көмегімен жүзеге асырылады, кейбір аймақтарда аталмыш міндетті орындау үшін қажет ресурыстардың жетіспеушілігі болады. Мемелекеттің негізгі функциясы, артта қалған аумақтарды — даму деңгейі жоғары аймақтардың қатарына жеткізу, бірақ мүндай жағдайлар халыққа өз зардабын тигізбеуі тиіс.

  3. Аймақтардың кешенді дамуын жеке аймақтық мақсаттармен ұштастыру.

  4. Тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз  ету.

Аймақтар дамуның (дамымауының) негізгі себептері мен міндеттері.

Мемлекеттегі әрбір аймақ өзімен- өзі жеке  дами алмайды, өйткені басқа аймақтардың дамуына зиянын тигізбес үшін оның ерекшеліктері де ескерілуі керек. Сондықтан да экономиканы мемлекеттік реттеу жүйесіндегі аймақтық саясаттың маңызы ерекше. Мемлекет әрбір аймақ үшін бағдарлама дайындап, сол бойынша әрбір аймақ өзінің даму бағытын жүзеге асырады. Мемлекет аймақтық саясатты қалыптастыру үшін еліміздің территориясы бойынша себептерді көрсету қажет. Оларға төмендегілерді жатқызуға болады:



  • еліміз аймақтарының табиғи — климаттық жағдайының айырмашылығы;

  • аймақтың өнімділігін анықтайтын табиғи ресурстарды пайдалану бағыты, саласы және ауқымы. Бұл тек ауылшаруашылық, пайдалы қазбаларды игеру ғана емес, өнеркәсіпті орналастыру жағдайын жағдайына және халықтың өмір сүру жағдайын ұйымдастыруға да әсер етеді;

  • аймақтың орналасуының «күрделі» жағдайы, соның әсерінен шығындар артып, бағаның өсіуі байқалады. Бұл аймақтың көлік және байланс қызметтерінің дұрыс дамымауына, оның экономикалық дамуына ықпал етеді;

  • инновация енгізу жағынан артта қалуы, өндірістің ескі құрылымы;

  • елдің экономикалық  даму тенденциясы;

  • тауар өндірісіне әсер ететін технологиялық даму сатысы;

  • институционалдық факторлар: жалпы және аймақтық саясаттың нысандары, саяси жағдайды, аймақтың даму тарихы т.б. ;

  • орналастырудың физикалық факторлары: аэропорт, көлік жүйесі, өндірістік алаңдардың бар болуы немесе жоқ болуы, байланыс жүйелерімен қамтамасыз етілуі, өндірістік инфроқұрылым;

  •  әлеуметтік мәдени факторлар. Урбанизация деңгейі, халықтың білім деңгейі, ғылыми орталықтардың бар болуы және т.б.;

  • орталықпен жүргізілетін макроэкономикалық саясатта аймақтық ерекшеліктердің есепке алынбауы;

  • орталық пен аймақтар арасындағы өкілеттіліктер мен міндеттерді жіктеу үрдісінің толықтай аяқталмауы.

Экономиканы мемелекеттік реттеудің ерекше бағытты ретінде қарастырылатын аймақтық саясаттың қазіргі ерекшеліктерін қарастыру оның тимді жүзеге асуына ықпалын тигізетін негізгі мәселердің бірі болып табылады. Сондықтан да аймақтар дамуындағы қазіргі қалыптасып отырған жағдайды саралау және соған орай аймақтық саясаттың бағыттарын айқындау өзекті мәселеге айналды.

Аймақтарды дамытудағы мемлекеттің мiндеттерi экономика мен еңбек ресурстарын экономикалық тұрғыдан болашағы бар аудандарға және тыныс-тiршiлiк үшiн қолайлы табиғи-климаттық аймақтарға шоғырландыруды ынталандыруға, нарық субъектiлерiнiң экономикалық белсендiлiгiн өсiру үшiн жағдайлар жасауға және әлемдiк шаруашылық жүйесiне үйлесiмдi кiрiктiрiлген бiртұтас iшкi экономикалық кеңiстiктi қалыптастыруға келiп тiреледi. Осы негізгі міндеттерді шешу аймақтың барлық табиғи, экономикалық, демографиялық, географиялық және тағы басқа ерекшеліктері мен жағдайларын жан-жақтылы қатаң есепке алуды және әрбір аймақтардың мүмкіншіліктері мен ерекшеліктеріне байланысты әртараптандыру бағытын қолдануды көздейді. Аймақтардың аталып өткен барлық ерекшеліктерін ескере отырып, аймақ экономикасын әртараптандыру олардың тұрақты экономикалық өсуіне мүмкіндіктер жасау негізінде бүкіл республика экономикасының өркендеуіне жол ашатын негізгі бағыттардың бірі болып табылады. Аймақтардың экономикасын әртараптандыруда мемлекеттік және аймақтық мүдделердің бірлігін, олардың ұштастырылуын көздей отырып, индустриалды-инновациялық жобаларға басымдық беру негізінде бизнес саласының өркендеуі үшін өндіріс саласын дамыту қажет. Осы орайда үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасының орны ерекше. Бұл бағдарлама елдегі ресурстардың барлығын басым бағыттарды дамытуға тиімді жұмсау, аса қолайлы инвестициялық және макроэкономикалық орта қалыптастыру, ұлттық экономиканың өнімділігі мен тиімділігін арттыру сияқты маңызды міндеттерді шеше отырып, 2015 жылға қарай жалпы ішкі өнімді 7 триллион теңгеге дейін жеткізуді көздейді. Бағдарламады мынадай екі мәселеге барынша басымырақ назар аударылған: біріншісі – дәстүрлі экспорттық секторды өнімдердің алуан түрлілігімен қамтамасыз ете отырып дамыту. Екіншісі – инновациялық өнеркәсіпті дамытуға ден қою. Республика аймақтарында іске қосылып жатқан үдемелі индустриалды-инновациялық бағдарлама аясында жүзеге асырылатын жобалар осының айғағы.

Жалпы, индустрияландыру бағдарламасы еліміздің 2020 жылға дейінгі дамуы барысында айтарлықтай маңызға ие. Бағдарламаның негізгі ерекшелігі ел экономикасын кешенді әрі жүйелі дамытуын қарастыруында жатыр. Ал енді барлық аймақтарда дерлік жүзеге асырылатын жобалар бюджет пен ұлттық қордың қаражатынан және тартылатын инвестициялар есебінен қаржыландырылады. Мемлекеттік бағдарламаға тартылған инвестицияның жалпы сомасы 45 миллиард АҚШ долларын құрайды. Аймақтар деңгейінде жүзеге асырылатын жобалар еліміздегі бизнес саласының өркендеуіне айтарлықтай үлес қосады. Өйткені, жер асты, жер үсті қазбаларын ғана пайдалану негізінде даму бүгінгі қарыштап дамыған әлемдік экономикада соншалықты бағаланбайды. Нарықтық экономика шағын және орта кәсіпкерлікті, түрлі кәсіпорындар мен өндіріс саласын демеу негізінде өрістеп, өркендейтіні айқын. Сондықтан, барлық аймақтар бойынша индустриялды-иновациялық жобалар толықтай жүзеге асқанда, Қазақстан шикізаттық мемлекеттен дайын тауар өндіретін елге айналады.

Аймақтың құрамдас бөлігі ретіндегі рөлі тұрақтылықты, ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін, оны жетілдіру мен индустрияландыру жетістіктерін сақтаудағы жүзеге асқан стратегиялық міндеттерді есепке алу арқылы белгіленуі тиіс. Аймақтың экономикасының бәсекеге қабілеттілігін жоғарлатудың негізгі мақсаты – халықтың лайықты өмір деңгейін қамтамасыз ету және оны тұрақты, ұзақ мерзімді экономикалық өсу мен барлық ресурстарды тиімді пайдалану негізінде үнемі, үздіксіз жоғарылату.

Әлемдік тәжірибе мемлекеттік басқару субъектілері ретінде аймақтар белсеніп шыққан елдерде бәскелестік өрлейтінін көрсетіп отыр. Бұлардың әрқайсысына өз әлеуметтік-мәдени және табиғи-экологиялық ерекшеліктері тән. Аймақтардың қаржы-шаруашылық дербестіктері де әртүрлі. Демек, аймақтар әлеуметтік-экономикалық және инновациялық-өнеркәсіптік кластерлер қалыптастырудың базасы бола отырып, тұтас ұлттық экономика мен тұрғындар тұрмысының сапасының инновациялық даму мүмкіндігін қамтамасыз ете алады. Мұндай мүмкіндіктер индустриялды-инновациялық дамудың аймақтық стратегияларын жасақтау үдерістері кезінде анықтала түседі. Бұл стратегиялар білімнің, ғылымның және өндірістің тығыз интеграциялануына мүдделі болуы керек.

Аймақтардың индустриалды-инновациялық даму бағдарын айқындау үшін жалпы ұлттық өнімдегі аймақтардың үлесіне саралау қажет. Бұл көрсеткiш аймақтың елдің барлық шаруашылық жүйесімен экономикалық және нарықтық байланыстарын көрсетедi. Бұл ең басты белгiсi. Қалған барлық көрсеткiштер болса, оны толықтырып отырады. Төмендегі берілген 3 – кестеде әрбір аймақтың жалпы ұлттық өнімдегі үлесі көрсетілген. Кесте деректері көрсетіп отырғанындай, ең жоғары үлес – 18,2 пайыз Алматы қаласына тиіп отыр, одан кейінгі орында – Атырау облысы (12,9%), ал ең төменгі үлес 2,1 % Солтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарының үлесінде. Осы деректер аймақтардың даму әлеуеттерінің әр түрлілігіне орай олардың республикадағы алатын орнының да түрліше болатындығын дәлелдеп отыр. Кестедегі мәліметтерден белгілі болып отырғандай, стратегиялық сипаты бап минералды ресурстардың өте сирек кездесетін қорына және республика экономикасын әлем шаруашылығына жоғары қарқынмен қосуға мүмкіндігі бар ғылыми-өндірістік әлеуеттің интенсивті даму қарқынына ие және ауыр индустрия салаларына маманданған, жоғары технологиялық ғылыми сыйымды өндіріс құруға экономикалық ахуалы ыңғайлы, әсіресе, қаржы ресурстарымен өзін-өзі қамтамасыз ете алатын Қарағанды (8,4%) Ақтөбе (5,0%), Маңғыстау (6,4%), Батыс Қазақстан (4,9%), Шығыс Қазақстан (5,3%) облыстарының үлесі біршама жоғары.



Ал республиканың азық-түлік қорын қалыптастыруда алдыңғы қатарда болып саналатын агроөнеркәсіп кешенін қамтитын Солтүстік Қазақстан (1,7%), Ақмола (2,0%), Қостанай (3,3%), Оңтүстік Қазақстан (4,8%), Алматы (3,8%) облыстары одан кейінгі орындарда, олардың ЖҰӨ-дегі үлестері 2-4 пайызды алады.
Кесте 3 - Жалпы ұлттық өнімдегі аймақтардың үлесі, пайызбен


Аймақтар

жылдар:

2009

2010

2011

2012

2013

1

2

3

4

5

6

Қазақстан Республикасы

100,0

100,0

100,0

100,0

100,0

Ақмола облысы

2,8

2,5

2,5

2,0

2,7

Ақтөбе облысы

5,1

5,5

5,1

5,0

5,3

Алматы облысы

4,4

4,2

4,0

3,8

4,5

Атырау облысы

11,2

10,9

10,7

12,6

12,9

Шығыс Қазақстан облысы

6,6

6,1

6,0

5,3

5,9

Жамбыл облысы

2,3

2,2

1,9

1,8

2,1

Батыс Қазақстан облысы

6,2

5,4

5,0

4,9

4,8

Қарағанды облысы

8,7

9,0

9,0

8,4

8,5

Қостанай облысы

4,6

4,2

3,8

3,3

4,0

Қызылорда облысы

3,1

3,2

3,6

3,6

3,9

Маңғыстау облысы

5,2

5,8

5,8

6,4

6,6

Павлодар облысы

5,7

5,1

4,5

5,0

5,0

Солтүстік Қазақстан облысы

2,5

2,4

2,3

1,7

2,1

Оңтүстік Қазақстан облысы

5,3

4,7

4,1

4,8

5,2

Астана қаласы

7,9

9,4

9,4

8,9

8,3

Алматы қаласы

18,5

19,5

22,3

22,5

18,2

Бұл мәліметтер заманауи индустриалды-инновациялық экономика құрудағы ең маңызды деген жобаларды аймақтар бойынша топтастыруға мүмкіндік береді. Ал олардың жиынтығы индустрияландыру картасы болып табылады. Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялды-инновациялық дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны іске асырудың негізгі құралы Қазақстанды индустрияландырудың картасы болып табылады.

Аймақтар бойынша үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасының жүзеге асу нәтижелерін сараптайтын болсақ, 2010 жылдан басталған бағдарлама аясында 2011 жылдың алғашқы жарты жылдығын қоса алғанда құны 914 миллиард теңгені құрайтын 227 инвестициялық жоба іске қосылып, 29 мың жаңа тұрақты жұмыс орындары ашылды, жаңадан құрылған кәсіпорындар 100 миллиардтан астам теңгенің өнімдерін өндірді. Бағдарлама ең бірінші кезекте үдемелі дамуға бағытталғандықтан, инновациялардың қазірдің өзінде енгізіле бастауы керектігін білдіреді. Әрине, ұсынылып жатқан жобалардың нақты сол қалада, ауданда немесе ауылда көптеген мәселелерді шешуге мүмкіндік беретіндігімен қоса он-жиырма жылдан соң қандай болатындығы маңызды. Сондықтан бағдарлама аясында құрылған жаңа кәсіпорындар – бұл индустриалды-инновациялық даму бағдарламасының бөлігі ғана. Жаңа кәсіпорындар жұмыс істеп, өнеркәсіптік өсуге жеткенде, нарықтағы өздерінің орындарын иеленгенде ғана экономикалық тиімділік жөнінде тұжырым жасауға болады.

Бағдарламаны жүзеге асыру барысында индустрияландыру, үдемелі индустрияландыру және инновациялық индустрияландыру сияқты үш негізгі мәселенің шешімі табылады. Осы орайда еңбек өнімділігі мен жаңа технологиялар алдыңғы орынға шығатыны белгілі. Инновациялар мен еңбек өнімділігінің артуы кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттіліктерін арттыруға алып келеді. Аймақтың экономикасының бәсекеге қабілеттілігі теориясына сәйкес, аталған аумақта әлемдік нарықтың талаптарына сай тауарлар мен қызметтер өндірісіне мүмкіндік беретін жағдайларды құру арқылы қамтамасыз етіледі. Басқаша айтсақ, егер, ресурстарды тиімді пайдалану, халықтың әл-ауқатын жоғарылату және ұзақ мерзімді экономикалық өсу жағдайында ұлттық компаниялардың және жалпы елдің бәсекеге қабілеттілігі жоғарыласа, онда аймақтық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін жоғарылатуға орын бар.

Қазіргі уақытта аймақаралық теңсiздiктердi жоюдың қалыптасқан жоспарлау әдiстерiне қарағанда экономикалық әлеуеттi ұтымды аумақтық ұйымдастыру, табиғи, экономикалық және еңбек ресурстарын, географиялық жағдайды тиiмдi пайдалану үшiн жағдай жасау мiндетi басты орынға шықты. Демек, аймақтарды бiркелкi дамыту тұжырымдамасына қарағанда полярлық дамыту тұжырымдамасы маңыздырақ бола түседі. Оның мәні - аймақтық және жаһандық нарықтарға кiрiктiрiлген әрi елдiң қалған барлық аймақтары, ал перспективада бүкiл Орталық Азия аумағы үшiн "локомотивтер" рөлiн атқаратын неғұрлым серпiндi дамып келе жатқан қалаларды немесе аймақтарды өсу полюстерiне айналдыру. Осыған орай аймақтарда экономикалық белсендiлiктi шоғырландыратын және бәсекеге қабiлеттi аймақтық кластерлердi қалыптастырудың катализаторы болатын әрi аймақтардың ұлттық және сыртқы нарықтарға шығуын қамтамасыз ететiн ұлттық және облыстық деңгейдегi тiрек қалаларды дамыту мәселесі қойылады. Белгiленген iс-шаралардың көпшiлiгiн iске асыру басқа әкiмшiлiк аумақтық бiрлiктердiң аумақтарын қамтуды көздейдi, бұл бiр жағынан оларды дамыту үшiн түрткi болады, ал екiншi жағынан шараларды iске асыруды үйлестiру, аралас аймақтарда бiрлескен iс-шаралар жүргiзу қажеттiгiн негiздейдi.


4 тарау. Қазақстан Республикасының аймақтық саясаты және аймақ саясатының тұжырымдамаларын негіздеу
Аймақтық органдардың назарынан стратегиялық міндеттерді шешу тыс қалып, мемлекеттік деңгейде аймақтық ерекшеліктер ескерілмеді, сондықтан әрбір аймақ дағдарыстан шығатын оңтайлыдан алыс өзіндік үлгі таңдайтындай жағдай қалыптасты. Осыған орай Қазақстан Республикасының ғылыми негізделген аймақтық саясат тұжырымдамасын қабылдау қажеттілігі туындады.

Аймақтық саясат мемлекеттің жалпы саясатының құраушы бөлігі ретінде елдің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуының стартегиялық мақсаттарына жету үшін шаруашылық жүргізу және тіршілік әрекетінің аймақтық факторларын тиімді қолдануға бағытталға. Өндірістік күштерді ұтымды орналастырудың кеңістік аспектісін ( бұрынғы КСРО шеңберінде ) ескеру орнына аймақтық саясатта мемлекеттің егемендігі мен нарықтық қатынастарға өту кезінде ілуметтік міндеттерді басымдылыққа ала отырып, басты назар экономикалық және әлеуметттік дамудың біртұтастылығын қамтамасыз етуге аударылды [1].

Белгілі ғылым – аймақтанушы Э.Б.Алаевтың пікірінше, «мемлекеттің аймақтық саясаты – аймақтың экономикалық, әлеуметтік және саяси дамуын басқарудың қызмет аясы». Өзге сөзбен, бұл мемлекет пен аймақтардың жауапкершілігін, қаржылық-экономикалық дебестігін кеңейту мен күшейту үшін бірдей мүмкіндік беру үшін қабылданған экономикалық, құқықтық, әлеуметтік, саяси және басқа да шаралардың жиынтығы.

Бұл саясаттың басты мәні – әлеуметтік жанжалдардың туындауына негіз болатын және мемлекеттің динамикалық әлеуметтік-экономикалық дамуына кедергі болатын нақты аймақтарды дамытуда теңсіздіктерді барына қысқарту. Аймақтық экономикалық саясаттың қажетті құраушы элементтері нақты тұжырымдалған мақсаттары, объектілері мен субъектілері, сонымен қатар оны іске асыру құралдары мен әдістері болып табылады.

Қазақстан Республикасының аймақтық саясатының мақсаты халықтың тіршілік әрекеті үшін бірдей мүмкіндіктер беру, еңбекті аймақтық ұтымды бөлу және аймақтың өзін-өзі басқаруды дамыту қағидаттардың қалыптастырудың негізінде әрбір аймақтың ресурстық-өндірістік мүмкіндіктерін тиімді пайдалану болып табылады. Аймақтық саясаттың осы мақсаттарына жету үшін үш кезең қажет;


  1. 1998-2000 жылдар – экономикалық өсу және аймақтық саясатты іске асыру үшін алғышарттар құру кезеңі;

  2. 2001-2010 жылдар – елдің экономкалық дамуының жалпы стратегиясы шеңберінде аймақтық дамудың бірінші кезектегі міндеттерін жүзеге асыру кезеңі.

  3. 2011-2030 жылдар – аймақтық саясаттың негізгі міндеттерін шешу кезеңі.

Бірінші сатыда келесідей міндеттерді шешу қажет:

  • аймақтардың салыстырмалы шаруашылық дербестігін қамтамасыз ететін саяси, экономикалық, экологиялық және құқықтық сипаттағы шаралар кешенін әзірлеу;

  • экономиканың депрессиялық ағдайын еңсеруге жіне артта қалған аймақтардың әлеуметтік аясын дамытуға юағытталған мемлекеттің макроэкономикалық саясатының жалпы стратегиялық ережелеріне сәйкес аумақтық басымдықтарды негіздеу;

  • Қазақстан Республикасының барлық аумақтарында экономикалық белсенділікті мемлекеттік ынталандыруының жекелеген аймақтарды сұрапталған мемлекеттік қолдауымен үйлесімділігі.

Екінші сатыда елдің аймақтық саясатын іске асыру бойынша шешілетін міндеттерді одан ары тереңдету қарастырылады, олардың ішінде:

  • институционалдық, нарықтық инфрақұрылымдардың, аймақтық пен жалпы республикалық тауар, еңбек жіне капитал нарықтарының дамуы мен күшеюі;

  • экономикалық дағдарыстан шығару мен әлеуметтік-экономикалық жеделдету мақсатында шағын және орташа қалалардың шаруашылығын қолдау көрсету және қайта құрылымдау;

  • артта қалған ауылдарды қайта өрлету үшін материалдық негіздер құру.

Үшінші кезеңде шешілетін міндеттердің қатарына келесідей міндеттер кіреді:

  • экономиканың аймақтық кеңістік құрылымын қалыптастыру, оның аймақтық ұйымдастыруын жетілдіру, аймақтық шаруашылықтың салааралық жіне салаішілік тепе-теңсіздігін бірте-бірте деңгейлестіру;

  • өндірістік кешенді ресурстық-мақсаттық теңгерімін қамтамасыз ету, экологиялық-эконгомикалық тепе-теңдңктң сақтау (қалпына келтіру), аумақтардың әлеуметтік-экономикалық, ғылыми-техникалық және табиғи ресурстарын барныша тиімді пайдалану;

  • аймақтардағы халықтың тұрмыс деңгейі мен сапасындағы ақталмаған айырмашылықтарды теңестңру, әлсіз дамыған аймақтардағы экономиканың және әлеуметтік саласының депрессиялық жай-күйін еңсеру [1]

Аймақтық саясаттың қоғамдық-саяси мақсаттары да бар. Олардың бірі Қазақстанның мемлекеттілігін және ұлттық қауіпсіздігін нығайту. Елдің біртұтастылығын жіне бірлігін қамтамасыз ету болып табылады.

Тапшы қоғамдық ресурстарды бөлу мақсатынан оларды жасау және көбейту мақсаттарына өтуі қолайлы аймақаралық қатынастарды, елде әлеуметтік тыныштықты орнатады, аймақтық ұйлеесімділікке және олапдың біолігін унитарлы мемлекет шеңберінде нығаюына алып келеді.

Осы мақсаттарды іс жүзінде іске асыру міндеттерді анықтайды:


  • орталық билік пен жергілікті билік органдары арасындағы өкілеттікті айқындау;

  • бюджетаралық қатынастарды құру және оңтайлы үлгіні таңдау;

  • аймақтардың типологизациясы;

  • қолдауға жататын нақты объектілерді іріктеу критерийлерін талдау;

  • аймақтық экономикалық даму стратегиясы;

  • аймақта халықты таратып орналастыру және жұмысбастылықты ынталандыру стратегиясы;

  • аймақтық саясаттың нақты тетігін таңдау [2].

Қойылған міндеттердің дәстүрлілігіне қарамастан, олардың шешімі аймақтың экономикалық саясат объектісін нақт айқындауды талап етеді. Қазақстан Республикасының аймақтық саясатының басты объектісі ретінде облыс болып табылады. Мұндай объект және әкімшілік-аумақтық құрылым түрінгеді аймақ ретінде облыс болады, себебі облыстарда «ұдайы өндірістің біртұтастылығы мен бірлігі байқалады және барлық қажетті басқарушылық өкілеттілік бар». Бұл облыстың кеңістікте және уақытта өзгермейтін нақты сызылған шекарасы, ішкі біртекті элементтері бар, олар бойынша статистикалық ақпараттар беріледі, бұл нақты аумақтың даму жағдайын талдау және диагностикасы үшін әрқашан қолайлы болып табылуымен негізделген [3].

Алайда облыста жұмысы табысты және әлеуметтік қызмет жиынтығы бар адамдар тұратын аумақтық субъектісі болуы мүмкін, жалпы облыстар салыстырмалы түрде дамыған ретінде қарастырыла алады, бірақ облыстағы аумақтығ бір бөлігі артта қалуы да мүмкін. Өзгк сөзбен, аймақтардың экономикалық жіне әлеуметтік жағдайларының орташа көрсеткіштері істің шынайы жағдайын толығымен көрсетпейді.

Осыған байланысты аймақтық саясат аумақтық аймақ-облыстардың кейбір бөлігіне ғана қолданылады. Демек, аймақтық саясаттың объектісі проблемалық облыстарға ғана емес, сонымен қатар муниципалды құрылымдар; депрессиялық қалалар, соның ішінде шағын, орта қалалар, аудандар, елді мекендер және жұмыс орындарын немесе бар жұмыс орындарын сақтайтын осы құрылымдар аумағындағы кәсіпорындар және т.б. болуы мүмкін. Осы объетілер елде жүргізілетін аймақтық саясат шеңберңндң қаржылық қолдау көрсетудің нақты мақсаттары мен міндеттеріне байлануы мүмкін.

Нарықтық экономикалық мемлекеттерде аймақтық саясаттың үлгісі өзінің дамуында өткен ғасырдың жиырмасыншы жылдарынан қазіргі күнге дейін үш әдіснамалық тұжырымдамасынығ өткені белгілі:



  • ірі аймақтарға «шұғыл жәрдем»;

  • экономикалық өсудің аймақаралық қайта бөлінуі;

  • аймақтың дербес дамуы.

Әрбір мемлекет аймақтық саясаттың тұжырымдамалық аспектілерін дайындауда әлемдік тәжірибені қолданып, өзңндңк даму жолын әзірлейтін мәлім.

Аймақтық саясат адамдар мен әрбір нақыты жұмысшыға, әрбір нақты аумақта мемлекетпен, оның геосаяси, ішкі және сыртқы ссаясатын, өмір сүру және жұмыс істеу мүмкіндігін қамтамасыз ететін қоғамның саяси негізінің біртұтас буыны болып табылады. Әлемде ешбір мемлекет өзінің аумақты бірліктерінің дербестігін қанша қамтамасыз етіп және қанша жарияласа да, экологиялық, экономикалық этникалық және өзге де аймақтық тоқырауға жол бермеу, мемлекеттің барлық аумағын халықтың өмір сүру ортасын дамыту мәселелерінен, мемлекеттің аумақтық біртұтастылығын қамтамасыз ету жауапкершілігінен кете алмайды және оған құқығы да жоқ [4].

Тиімді және тиісті аймақтық саясатты жасау үшін келесідей әрекеттер қажет:


  • аймақтың әлеуметтік-экономикалық әлеуетінің деңгейін, аймақтық шаруашылықтың өсу мен даму қабілеттілігін бағалау;

  • нақты аймақтың аумақтық еңбек бөлінісіндегі орнын және ұлттық ұлттық экономикадағы оның рөлін анықтау;

  • әртүрлі факторлардың әсерінен қалыптасатын аймақтық теңсіздіктердің негізгі себептеріне талдау жасау;

  • ұлттық деңгейде жүргізілетін әлеуметтік-экономикалық түрлендірулерге нақты аймақтың әсер ету қабілетін айқындау.

Осы деректердің талдауы мен есебі мемлекеттің және оның нақты аймақтарының дамуының ғылыми негізделген мақсаттарын қалыптасыруға, сонымен қатар алға қойылған мақсаттардың макроэкономикалық құралдары мен іске асыру әдістерін, осы саясаттың объектілері мен субъектілерін айқындауға мүмкіндік береді. Айта кететін жайт, аймақтық экономикалық саясат екі деңгейде: ұлттық және аймақтық деңгейде қалыптасады, жүзеге асырылады. Әрбір осы деңгейде белгіленген шараларды жүзеге асырудың өз мақсаттары, әдістері мен тетіктері болады: бір бағытты және ұлттық экономиканың сондай-ақ, оның нақты аймақтарының динамикалық дамуына себін тигізуі керек.

Аймақтық саясатты іске асыру тетігінің маңызы зор. Тетікті құрудың бастапқы алғышарттары, біріншіден, мемлекет аймақтардыі әлеуметтік-экономикалық дамуын реттеу ықпалын мемлекет аумақтағы барлық субъектілердің тіршілік қызметі мен шаруашылық жүргізуін құқықтық регламентінің жүйесі арқылы, сонымен ел экономикасын реформалау бағдарламасын іске асыру арқылы жүзеге асырады. Мондықтан белгіленген іс-шарадан кіріктірілген аймақтық нәтижесін және олардың аумақтық әлеуметтік-экономикалық кешенді даму мүдделеріне сәйестігін есепке алу қажет. Екіншіден, қалыптасатын тетік аймақтардың ерекшелігін есекеретін, сараланған,икемді болуы тиіс стратегиялық және тактикалық міндеттерді шешуге себін тигізуі қажет. Өзге сөзбен, ол аймақтық саясаттың іртүрлі аспектілеріне тікелей және жанама әдістері арқылы мемлекеттің ықпа етуін білдіреді.

Аумақтық дамудың экономикалық тетігінің саралану деңгейі келесідей болады. Өнеркәсіптің негізгі сала өнімдерін өңдеуге маманданатын минералды ресурстардың стратегиялық түрлері бар аймақтар үшін, сондай-ақ, әскери-өндірістік кешеннің кәсіпорындары орналасқан жоғары ғылыми-өндірістік әлеуеті бар аймақтар үшін экспортқа бағытталған өнімдерді шығару мен тұтынылатын тауарлардың өсуін қамтамасыз ететін кәсіпорындардың техникалық-технологиялық қайта қаруландырумен қоса, мемлекеттік ретттеу ідңстері аймақ экономикасын құрылымдық қайта үшін жағда йжасау мен жәрдемдесуіне бағдарлануы тиіс. Сонымен қатар, мелекеттік реттеу әдістері салық жеңілдіктері арқылы шетел инвестицияларын, ең алдымен, қысқа мерзім ішінде әлемдік деңгейге шыға алатын ,экономиканың барлық салаларын өндірістік аппарттарын техникалық-технологиялық қайта қаруаландыруға, жалпы аймақтық инфрақұрылымдарды қалыптастыру мен дамытуға, сыртқы сауданың дамуы үшін жағдай жасауға жіне елдің негізгі индустриалды әлеуетін сақтай отырып, ірі кәсіпорындарды жекешелендіруге қатысатын салаларға тартылуына көмектесуі тиіс.

Аймақтық саясатты іске асырудың маңызды құралдары:



  • экономиканы дамыту, әлеуметтік мәселелерді шешуде жалпы мемлекеттік пен жергілікті аумақтық мүдделерлің үйлесімділігін және интеграциясын қамтамасыз ететін аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуының және Қазақстан Республикасының өндірістік күштерін ұзақ мерзімге орналастырудың кешенді болжамы;

  • болжамда белгіленген мақсаттарды бірте-бірте сатылай іске асыруға бағытталған мемлекет, және аймақтар мен жеке салалар деігейінде дайындалған индикативті жоспарлар жүйесі;

  • ірі ауқымды аймақаралық мәселелерді шешуге бағытталған жалпы мемлекеттік бағдарламалар;

  • экологиялық тұрғыда қолайсыз депрессиялық шағын және орта қалалар мен шалғай аймақтарды қоса алғанда, нақты аймақтар дамуының барынша өткір мәселелерін шешу бойынша мақсаттық бағдарламалар;

  • табиғи және экономикалық әлеуеттерді барынша толық пайдалану, сәйкес аймақтарды жедел дамыту үшін жасалынатын сәйкес заңи, институционалдық және әдіснамалық тұр,ыда қамтамасыз етілген арнайы экономиалық аймақтар болып табылады.

Қазіргі жағдайда шаруашылық жүргізудің аймақтық дамуы үшін:

  • орталық атқарушы органдардың реттеуші қызметі аумақтық шаруашылықтың барлық субъектілерінің, ооорталық жіне жергілікті атқарушы органдардың заңи, құқықтық және нормативтік актілерін дайындау;

  • аумақтық дамудың маңызды бағыттары мен пропорцияларын анықтау;

  • тұру орнына тәуелсіз республика халық үшін өмір сүрудің белгілі бір еі төменгі деңгейінде мемлекеттік кепілдіктерді қамтамасыз ету;

  • аймақаралық және жалпы республикалық сипаттағы (Арал жағалауын, Каспий маңы аймағын, Семей полигоны аймағын, артта қалған ауыл аймағын дамытуға) аумақтық мәселелерді шешу;

  • ел экономиасы үшін айрықша маңызы юар аумақтардың басымды дамуын қамтамасыз етуге бағытталуы қажет.

Аймақтық дамуды реттеуге мемлекеттің қатысуы бюджеттен қаржыландырылатын мақсаттық кешендік бағдарламаларды, мультипликативтік сипаттағы және құрылым құраушы инвестициялық жобаларды, жалпы мемлекеттіғң қажеттілігі үшін өнімдерді жеткізуде тапсырыстарды орналастыруды және т.б. жүзеге асырунан тұрады.

Нарықтық қатынастардың дамуымен аймақтық саясат үшін республикалық және жергілікті бюджеттердің тиімді өзара әрекеті аса маңызға ие бола бастады. Оның негізгі бағыттары:



  • біріншіден, реттелген салық саны қысқаруы және бекітілген салық есебінен жергілікті бюджеттердің негізгі бөлігін құру;

  • екіншіден, республикалық және жергілікті бюджет арасындағы трансферттерді қайта ұйымдастыру, салық құру орнынан республикалық бюджет табысына түсіп, кейін осы аймақтарға субвенция ретінде қайтып келу тәжірибесінен бас тарту;

  • үшіншіден, аймақтарға орталықтандырылған көмектің атаулығын ұйымдастыру, оның мақсатты қолдануына бақылау тетігін дайындау;

  • тқртіншіден, жергілікті бюджеттерге орталықтандырылған көмектің көрсетілу нысанының әртараптандырылу, аймақтың ерекшеліктерін ескермен, білім беру, денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғау салаларына мақсаттық субвенцияларды тәжірибелерге енгізу;

  • бесіншіден, экономикалықартта қалғанаймақтар, сонымен қатар дағдарысты шағын және орта қалалар, шалғай ауылды аудандарға, арнайы экономикалық зоналарға олардың дамуын жеделдету мақсатында (салық, кеден және басқалары) айрықша тәртіп енгізу;

  • алтыншыдан, республикалық және жергілікті бюджеттер арасында қаржылық ағындардың негізгі бөлігін бюджет аралық қатынастарды реттеудің нормативтік-есеп айрысу әдісін қолданысқа ендіру;

  • жетіншіден, реттеуші табыстардан жоғары тұрған бюджетке түсетін аударымдардың жылдық нормативтерінің тұрақты мөлшерлемесін белгілеу болып табылады [1].

Кез келген нысанда аумақтық дамуды мемлекеттік реттеу аймақтарды «теңестіруге» бағытталған. Реттеу үдерісі басты мақсаты халықтың өмір сүру деңгеі мен сапасын арттыру болатын аймақтық жүйелердің теңгерімді және тұрақты қызмет етуін қамтамасыз етуге бағытталған арнайы ұйымдастырылған әрекеттер болып табылады.

Қорыта келгенде, мемелекеттің аймақтық саясаты аймақтық тұтыну нарығын қажетті тауарлармен, аймақ халқының тіршілігін және өндірістің даму деңгейі қамтамасыз етілгендігін анықтауға, сонымен қатар оларды реттеу және дамыту бойынша қажетті экономикалық шаралардың кешенін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Бұл еліміздің аймақ экономикасының дамуын жеделдететін негізгі фактор болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет