Тәуелсіздіктің алғашқы онжылдығындағы ақындар поэзиясы
Қазақ поэзиясындағы тәуелсіздіктің алғашқы онжылдығы 1991-2001 жылдар аралығын құрайды.Бұл кезеңдегі поэзия өзінің бұрынғы асқақ ұлттық рухын қайта тапты және тәуелсіз Қазақстанның алғаш басқан қадамын қадағалап, рухани дем беріп, сүйеніш бола білді.
Бұл кезеңнің өкілдері:Гүлнәр Шәмшиева, Гүлнәр Салықбаева, Тыныштықбек Әбдікәкіов, Әбубәкір Қайран, Нұрлан Мәукенұлы, Асқар Егеубаев, Өтежан Нұрғалиев, Жарқынбек Бөдешұлы, Сәрсенбек Дәуітұлы, Жанат Әскербекқызы, Қанбибі Есенқарақызы, Ғафу Қайырбеков және тағы басқа тұлғалар жатады.
Бұл кезеңде шыққан жыр жинақтарда тәуелсіздіктің тыныс-демі сезіле бастағаны идеялық-танымдық деңгейде жүйеленді.Тәуелсіздік тақырыбының жаңа мазмұнда көрініс тапты.Негізгі идея ел, жер, тіл тағдырының толғантуы, мемлекеттік нышандардың жыр арқауына айналуы болды.
Бұл жайында ақындардың шығармаларынан байқауымызға болады.Мысалы, Серік Тұрғынбековтің “ Дүние не боп барады?!” шығармасында:
Теңселіп тірлік дарағы,
Дүйім елді діңкелеп,
Көбейіп өмір залалы...
Дүние не боп барады?!
Бұл шығармада ақын қоғамдық жүйенің алмасуын, елдің егемендікке ұмтылуын баяндайды.
Ал, Есенғали Раушановтың “Біздің егемендік хақында екі ауыз сөз” атты өлеңдегі ақынның толғанысы мынадай:
Мен қайрылдым, сен-дағы бұрылшы, інім,
Қалай, не деп ұғамыз мұның сырын:
Аяғыма қараймын-шідерім жоқ.
Неге қақсай береді жіліншігім?...
Қазақстан тәуелсіздік алған алғашқы жылда іңгәлап өмірге келген сәби секілді дәрменсіз болды, бір-ер жылдар өткенде апыл-тапыл басып, жүре бастады, тілі шықты-шын мәнінде анадан жаңа туғандай күй кешті. Бұл әсерді ақын Ғафу Қайырбековтің “Мемлекетім менің” атты өлеңінен жақсы аңғарамыз:
Мұз құрсанған, ақ көрпеге оранған,
Қиын-құстау, сары аяздан, бораннан.
Қорықпастан туған менің бөбегім-
Мемлекетім-азаттығым оралған
Сонымен қатар тіл мәселесі мен рәміздер жайында да жырлаған ақындар аз болмады.Мәселен, Нұрлан Мәукенұлының “ Рәміздерім” атты өлеңінде:
Рәміздерім! Сен неткен маңызды едің,
Сенсің асыл қазынам нағыз керім.
Төбемде ту, төсімде ел таңбам бар,
Гимнімдей аузымнан ән үзбедім.
Аспанымда көк туым тұр өң беріп,
Елтаңбамды төрімнен жүрем көріп.
Әнұранмен әр таңда оянамын,
Рахаттанып, дүнием түгелденіп.
Рәміздердің маңызын, қасиетін жырлады.Ақын бұл дүниелерді ата- бабамыздың жүзеге асқан арман- аңсарының символы, азаттығымыздың асқақ та айбынды белгісі деп қабылдағаны анық.
Жалпы айтқанда бұл кезеңде ақындар тәуелсіздік және ел, жер, тіл тағдыры, мемлекеттік рәміздерді әспеттеу, шетелдегі қазақ қындарының үні жайында толғадтолғады
Достарыңызбен бөлісу: |