Қорытынды
Поэтикалық тіл ой мен образ тұтасқан күрделі оралымдарды іркілмей, қиналмай төгіп тастайтын ақындық өнер, жыр шырайлары айқындау (эпитет) мен ауыстыру дың (метафора), алмастыру (ментонимия) мен кейіптеудің (аллегория), егіздеудің (параллелизм), шендестірудің (антитеза) үздік бейнелеу жүйесін түзді.
Қазақ поэзиясы сөз айшықтаудың небір қайталанбас үлгілерімен молықты. Ақ қар мен көк мұз құрсанған қыс, желмая жел, сылдыр бұлақ, жаңбырлы күздің суланған сары жапырағы тілге келіп, сыр ашты.
Тәуелсіздік жылдар поэзиясында ана тілдің бейнелеу мүмкіндіктері ашыла түсті. Дала суреті, тау ағары, судың түсі, бұлақ күлкісі, бұта сыбдыры, тәуелсіздіктің саумал дәмі, кәрі тарихтың мәңгілікке қалған таңбалары, адамның ақ пейіл, алаң көңіл, шаттығы мен шарттылықтармен шарпысуы, «күн түспейтін қырлары да сәулелендіретін» сөздің құштар нысанына айналды. Тіршілік иірімдерін ақындар тосын метафоралармен тұспалды, керемет кейіптеулер жасады.
Тәуелсіздік жылдардағы қазақ поэзиясының айтулы өкілдерінің шығармашылық бағыттары туралы зерттеу еңбектер жарық көрді. Қазақ поэзиясының аға буын өкілдері мен жас ақындардың таңдамалы томдарын, жеке жинақтарын шығару үрдісі жалғасуда.
Бүгінгі уақыттың өзекті күйлерін, өткен тарихтың тағлымын, келешектің баянды бағыттарын ұлттық сана, ұлттық болмыс, ұлттық мұраттар, ұлттық мүдделер, жалпыадамзаттық игіліктер ауқымында толғап отырған өміршең поэзия - халқымыздың сарқылмайтын рухани қуаты.
Қорыта айтқанда тамырын терең тарататын ұлттық поэзиямыз – қандай бір алмағайын кезеңде де, қандай қиын қыспаққа ұшыраса да өз айтарын батыл айтқан қайсар өнер. Осынау үлкен өнерді қызыл империяның қысымын көрген кеңес дәуіріндегі әдебиетімізден кейінгі жылдарда үлкен белеске көтеріп, айрықша биікке асқақтатқан – қазіргі поэзия болатын. Бүгінгі поэзияда кешегі қуатты өлең өнерінің жалғасын танытатын үлкен толқын келе жатыр. Дәстүр сабақтастығымен жолын тапқан. Жаңашылдық та айқын.
Жаңа заман, жаңа қоғам. Төл поэзиямызда интелектуалдық поэзияның нышандарын әкеліп, негізін салуда. Пессимистік сарын да жоқ емес. Бірақ Абай көркейтіп, Мағжан құлпыртқан, Қасым асқақтатқан, Мұқағали тәтті мұңын ұялатқан, Жұмекең тереңдігін, Мұхтар сыршылдығын дарытқан қазақ поэзиясы жалғасын жаңа арнаға ұластырды.
Осы қуатты ағымның заңды жалғасы ретінде осы ғылыми жобамызда тілге тиек еткен зор талантты жас ақындарды үлкен сенімділікпен айта аламыз. Қазақ халқы осындай мөлдір, сыршыл поэзиямен сусындай береді, әлі де талай таланттарды дүниеге әкелері де сөзсіз.
Қорыта, М.Әуезовтың сөзімен айтқанда: « біздің поэзия өзінің тарихтық тегінен үзіліп, төркінсіз әдебиет болып кетпегеніне» көз жеткіздік.
Пайдаланылған әдебиеттер:
https://massaget.kz/layfstayl/debiet/kkzhiek/45777/
https://kk.m.wikipedia.org/wiki/
З.Қабдолов. Сөз өнері. – Алматы: «Санат» , 2007. – 360 б.
https://egemen.kz/
Қазіргі қазақ поэзиясындағы ежелгі әдебиет дәстүрі. – Алматы, 2009. – 376 б.
Достарыңызбен бөлісу: |