Ғылыми жобаның бағыты: Математика және экология арасындағы пәнаралық байланыс Ғылыми жобаның мақсаты: «Математика және экология»



бет2/8
Дата11.03.2024
өлшемі37.87 Kb.
#494970
1   2   3   4   5   6   7   8
Тексеруге

Математика ғылымының шығу тегі

Математика (грек тілінен аударғанда. μάθημα – ғылым, білім, оқу; μαθηματικός – білуге құштарлық)- әлдебір әлемнің сандық қатынастарын, кеңістік формаларын, пішіндерін өлшейтін, оның ішінде – структуралар, өзгерістер, белгісіздік жөніндегі ғылым болып саналады. Математиканың шығу тегі және даму барысы ұзақ жылдар бойы созылды. Арифметиканың өзі дербес ғылым болып қалыптасқанымен, оның негізгі сан ұғымы өте ежелден-ақ, тарихқа дейінгі заманда, санау қажеттілігі туындағаннан бастап пайда болған. Математиканың мыңдаған жылдар бойы дамып, әр түрлі салаларда қолданылуын қамтитын бай тарихы бар. Математика тарихының алуан түрлігі сонша, оның дамуын ежелгі өркениеттермен, қазіргі заманғы есептеу жүйелері мен технологиялардан байқауға болады.
Ежелгі мысырлықтар, шумерлер, үнділер, гректер сияқты ежелгі өркениеттер математиканың дамуына улкен зор үлес қосты. Мысалы, ежелгі мысырлықтар жерді өлшеу, көлемді есептеу және пирамидалар салу үшін математиканы пайдаланды. Олар сонымен қатар сызықтық теңдеулерді шешу әдісін жасап, сандық жүйеге өз үлестерін қосты. Ежелгі Грекияда Пифагор, Евклид және Архимед сияқты математиктер арқылы геометрия, сандар теориясы және есептеу сияқты іргелі математикалық ұғымдарды жасады. Орта ғасырларда әл-Хорезми сияқты ислам математиктері алгебра мен информатиканың дамуына үлес қосты.
ХХ-шы ғасырдың 50-ші жылдарынан бастап математика саласының басқару теориясы, кибернетика, алгебралық геометрия, информатика және т.б. көптеген жаңа саласы пайда болды. Математиканың осылай тез дамуына жаратылыстану ғылымдары мен техникалық математика алдына қойып отырған талаптары түрткі болды. Мысалы, өндірістік процесті автоматтандыру басқарудың математикалық теориясының тууына себепкер болған болатын.
Математика барлық ғылымдардың логикалық негізі- күре тамыры болып табылады. Математика дегеніміз жер шары, ал оның амалының бірегейі- галактика. Ауа райына тәуелсіз дамитын ғылым болып есептеледі. Қоғамда тіл қандай қажет болса, математика тіліде сондай қажет, ол табиғаттың тілі болып саналады. Математика бір салалы ғылым, ол түрлі білімдік жүйе әрі берік логикалы ой қорыту арқылы қалыптасқан, ақиқат дүние жөніндегі кеңістік форма және сандық тәуелділік пен ой қорыту формасы туралы теорияланған білімнің жиынтығы саналады. Математика жаратылыстық ғылым. Жаратылыстық ғылым бола тұрып, басқа жаратылыстық ғылымдардың негізгі ғылымдардың патшасы болып табылады. Галилей « Табиғат дүниесінің ұлы кітабы», математикалық тіл арқылы (символдармен), жазылған»- дейді.



    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет