Ғылыми жобаның бағыты: Математика және экология арасындағы пәнаралық байланыс Ғылыми жобаның мақсаты: «Математика және экология»



бет3/8
Дата11.03.2024
өлшемі37.87 Kb.
#494970
1   2   3   4   5   6   7   8
Тексеруге

Ұлы ойшыл, математик

Архимед (б.з.б. 287 -212 жж)


Ежелгі Грекияның ұлы ғалымы, математигі, механигі. Ол Сицилия аралындағы Сиракуз қаласында дүниеге келген. Ғалым Архимед астроном Фидийдің баласы деген жорамал бар. Ол сол замандағы ірі мәдениет ошақтарының бірі болған Мысырды аралап, Александриялық ғалымдардан соның ішінде Конон мен Эратосфеннен білім алған. Оның математикалық еңбектері өз заманында озық болған, бұл еңбектері дифференциалдық және интегралдық есептеу ашылғанда дұрыс бағаланған болатын. Архимедтің көптеген математикалық еңбектерінің ішінен қисық сызықтардың ұзындықтарын, әр түрлі фигуралар мен денелердің көлемін және беттердің ауданын есептеуде ерекше орын алды. Архимед рычаг заңын, суда өлшеу арқылы қорытпаның құрамын анықтау тәсілін тапқан болатын. Өз атымен аталған гидростатика заңын (Архимед заңын) ойлап тапқан, жер суаратын механизмдерді, жүк көтеретін рычаг жүйелері мен блоктарды, тас ататын қамал бұзатын соғыс қондырғыларын ойлап тапқан.

    1. Математиканың бөлімдеріне шолу

Математиканы бірнеше негізгі салаларға бөлуге болады, олардың әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері мен қолданбалары бар. Негізгі математиканың салаларының кейбірі төменде көрсетілген.


1. Арифметика - бұл қосу, алу, көбейту және бөлу сияқты негізгі математикалық амалдарды, сондай-ақ бөлшек және басқа сандармен жұмыс істейтін математиканың бөлімі. Арифметика сонымен қатар сандардың қасиеттерін және олардың арасындағы байланыстарды зерттейтін ғылым.
2. Алгебра - таңбалар, теңдеулер мен теңсіздіктерді шешуге арналған ғылым. Ол сонымен қатар көпмүшелермен, рационал өрнектерді, теңдеулер мен теңдеулер жүйесін зерттейтін ғылым.
3. Геометрия - кескіндерді,олардың қасиеттерін және кеңістіктегі қатынастарын зерттейді. Бұл геометриялық фигураларды зерттеуді, олардың параметрлерін салыстыруды және геометриялық есептерді шешудің әртүрлі әдістерін қолдануды қамтиды.


  1. Экология ғылымы

Экология – тірі организмдердің бір-бірімен қарым қатынасын қоршаған ортамен байланыстыра отыра зерттейтін ғылым. Экология терминін ғылымға алғаш рет 1866 жылы енгізген Эрнест Геккель болатын.(лат. оіkos – үй, баспана; logos – ілім ) - жеке организмнің қоршаған ортамен тығыз байланысын, ортаға бейімделу заңдылықтарын, сонымен қатар популяциялардың, организмдер қауымдастықтарының, экожүйелердің, биосферамен ұйымдастырылу және қызмет атқару заңдылықтарын зерттейтін ғылым.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет