ISSN 1814 - 6961 E-ISSN: 2788-9718
Отан тарихы №1 (97) 2022
12
генерал-губернатор Барабаш Қостанайда прогимназия (4 жылдық толық емес орта мектеп) ашу
жайында бастама көтереді. Қазақ әлеуметі қыздар прогимназиясын ашуға бір реттік көмек ретінде
12000 мың руб. қаржы жинайды, қала қауымдастығы жыл сайын 1830 руб. қосып отыруды міндетіне
алады (Васильев, 1896: 172-174).
1895 жылдың 8 қазанында прогимназия салтанатты түрде ашылады. Оның ашылу салтанатына
жергелікті орыс-қазақ жұртының өкілдері шақырылады. Қазақ қауымы қатарынан Ы. Алтысаринның
жесірі Айғаныс Алтынсарина, Шолпан Қаржасов (уезд әкімішілігінің аудармашысы Х. Қаржасовтың
жұбайы болуы мүмкін), Қатира Тоқтабаева (мектеп ұстазы Д.Тоқтабаевтың жұбайы болуы мүмкін)
қатысады. Іс-шараға 1894 жылы А. Васильевтің орнына Торғай облысының инспекторы болған
А. Алекторов те қатысады. Бұл шара туралы «Тургайская газетада» «И.К.»
деген автор хабарлама
жариялайды (ИК, 1895: 42).
А. Васильев алды 1864 жылы ашылған Торғай, Ырғыз, Қостанай, Ақтөбе, Ырғыз, Қарабұтақта
орналасқан екі сыныптық орыс-қазақ уездік мектептердің 1892-1895 жылдар аралығындағы жай-
күйлеріне, жұмысына сипаттама береді. Аталмыш жылдар аралығында
уездік мектептерде білім
алған оқушылардың саны көрсетілген кесте де ұсынады (Васильев, 1896: 177-182).
Үшінші кезеңнің екінші тарауында А. Васильев Торғай облысындағы бастауыш орыс
мектептерінің ашылу тарихы мен жай-күйіне тоқталады. 1892 жылдарға дейін облыс көлемінде
4 орыс мектебі (2 -бір сыныптық, 1- қыздар мектебі, 1- ересектерге арналған кешкі мектеп) болса,
1892 жылдардан бастап Қостанай және оның аумағында орыс жұртының көптеп қоныс аударып
келуіне байланысты 1895 жылы әр түрлі мәртебедегі мектептер саны 24-ке жетеді. Бұл орайда
орыс мектептерінің көптеп ашылуына провославия шіркеуінің белсенді
көмектескенін айта кету
керек. Жаңадан ашылған мектептердің басым көпшілігі шіркеу жанынан (приходская) немесе оның
тікелей қолдауы арқылы ашылады.
1891 жылы Қостанай қаласында Орынбор епархиясының мектеп ісі Кеңесінің Николаевск
бөлімі ашылып, оған Қасиетті Синод 1200 руб. көлемінде қаражат бөліп отыруды және кітаптармен
қамтамасыз етуді қолға алады. Бұл қаражат жаңадан ашылып жатқан орыс поселоктарындағы
мектептерге көмек ретінде жұмсалып отырды. Провославия шіркеулері алдымен мінажат үйі
жанында жұмыс жасайтын «Сауат ашу» (Школа грамотности) мектептерін және дәрежесі ауылдық
мектеп мәртебесіндегі бастауыш мектептерді ашуға күш салады. Осындай харекеттердің арқасында
1896 жылы Қостанай уезінде шіркеулер жанынан 4 приходьская, 9 сауат ашу мектептері жұмыс
жасайды. Тобыл өзенінің
бойындағы Степановский, Борислвский, Михайловский сияқты орыс
поселкаларында ауылдық мектептер ашылады (Васильев, 1896: 190-192).
Орыс мектептерін ашуда шіркеу ықпалының күшеюі бұрын мектептерде дәріс беріп жүрген
оқытушылардың дін ісіне тікелей араласуына әкеліп соқтырады. Айталық, кезінде орыс-
қазақ
мектебінің меңгерушісі болған Ф. Соколов шіркеудегі священник қызметіне ауысып,
дін ісімен
түбегейлі айналысады. Бірақ ол мектептегі дін сабағынан қол үзбейді. Сол сияқты священник
П. Гордеев те шіркеудегі қызыметімен қатар мектепте дін сабағына дәріс береді. Діни қызметкер
ретінде ол 1898 жылы «Оренбургские епархиальные ведомости» журналының №8-11 сандарында
«Г. Кустанай» деген атпен мақала жариялап, Қостанай қаласына
қоныс аударушылардың тарихы
мен олардың арасында провославия дінін жүргізу жөніндегі жұмыстар туралы мәліметтер береді.
Онда ол мектеп ашу ісінде білім инспекциясы мен шіккеу қоян-қолтық жұмыс жасағанын,
1898 жылға дейін уезде 5 шіркеу, халық ағарту министрлігіне қарасты 8 мектеп жұмыс жасап
тұрғанын жазады (Гордеев, 1898, 11: 435).
Сонымен қатар 1891 жылы 14 сәуірде Қостанайда «Торғай облысының Қостанай және Ақтобе
уездеріндегі бастауыш білімге қамқорлық қоғамы» құрылады. Қоғам өзінің жұмысын балалар үйін
ашудан бастайды. Бұл іске священник Ф. Соколов (Алтынсарин тұсында Қостанай екі кластық
орыс-қазақ мектебінің меңгерушісі болады) көп көмек көрсетеді. Алғашқыда балалар үйіне қазақ
ауылдарында жерді жалға алып күн көріп жүрген орыс жұртының 14 баласын қамқорлыққа алады.
1892 жылы Қоғам Қостанайда «тегін халықтық оқу залын» ашады. 1894 жылы оқу залында 1120
томдық 467 кітап қоры болады. 1893 жылы Қоғам 20 орынға лайықталған бір сыныптық мектеп-
интернат ашады (Васильев, 1896: 186-187).
Достарыңызбен бөлісу: