ISSN 1814 - 6961 E-ISSN: 2788-9718
Отан тарихы №1 (97) 2022
132
тарихы 1950 жылдан бастау алған деген пікір қалыптасқан. Оған дәлел институттың 40
жылдығы
1990 жылы, 2000 жылы 50 жылдығы, 2005 жылы 55 жылдығы, 60 жылдығы 2010 жылы аталып
өткендігі белгілі.
Оныңда өзіндік себебі бар болатын. 1990 жылы Гурьев педагогикалық институтының 40
жылдығын атап өтер тұста Қазақ КСР Орталық мемлекеттік архивіне ректорат тарапынан арнайы
хат жолданып, институттың тарихына қатысты 1940 жылғы құжаттар сұрастырылған. Өкінішке
орай Орталық архивте аталған жылдары институтқа қатысты ешқандай құжаттар жоқ деген жауап
алынған.
Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік архиві, Қазақстан Республикасы Президенті
архиві, Атырау облыстық мемлекеттік архиві және Атырау қалалық мемлекеттік архиві қорларындағы
құжаттарда университет бастауын сонау 1940 жылдан алатындығына назар аударсақ,
өткен
жылы 80 жыл толғандығына нақты көз жеткіземіз.
1938 жылдың 15-қаңтар күні құрылған облыс орталығы Гурьев (қазіргі Атырау) қаласында
Қазақ КСР Халық Комиссарлар Кеңесінің және Қазақ КСР Халық Ағарту Комиссариатының
бекіткен мамандықтары бойынша 1 курсқа 120 студент қабылдау туралы қаулысын басшылыққа
алған Еңбекшілер депутаттары Гурьев облыстық атқару комитеті 1940 жылдың 1 қыркүйегінде
2-жылдық мұғалімдер институтын ашу туралы сол жылдың 20 мамыр айында №13 шешім шығарған.
Шешімге Еңбекшілер кеңесі облыстық атқару комитетінің төрағасы Қ. Тастайбеков пен хатшының
уақытша міндетін атқарушы Нестрев қол қойған. Қабылданған шешім бойынша жаңадан ашылатын
мұғалімдер институтына қаладағы педагогикалық училищенің оқу ғимаратын беруге, ал аталған
училищеге бұрынғы В.И. Ленин атындағы бастауыш орта мектептің ғимаратын беруді және
120 студентке арналған жатақхана ғимаратын қарастыру Гурьев облыстық атқару комитетіне
жүктеледі.
Сонымен бірге, Қазақ КСР Халық Комиссарлар Кеңесіне 1941 жылдың жоспарына
институтқа жаңа оқу корпусын және 500 орындық студенттер жатақханасын салу өтінішін білдірді.
Институт тарапынан берген сұраныс бойынша «Қазақ Кітап» орталығының директоры Алексеевке
институттың қітапханасын қажеті оқу құралдарымен, оқулықтар, әдебиеттермен қамтамасыз ету
міндеттелді. Облыстық оқу бөлімінің бастығы Сержановқа институтты ашуға дайындық және
ұйымдастыру жұмыстарын жүргізу үшін, біріншіден, 1 маусымнан
бастап институтқа дайындық
курстарын ұйымдастыру, екіншіден, Қазақ үкіметінің бекіткен жоспары бойынша институтты толық
студенттер құрамымен, яғни 120 студентпен қамтамасыз ету, үшіншіден, профессор-оқытушылар
құрамын іріктеп, жасақтау, төртіншіден, оқу құралдарымен, оқулықтармен,
әдебиеттер мен
құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету жүктеледі. Қабылданған шешімнің негізінде облыстық оқу
бөлімінің бастығына шұғыл түрде институттың директоры мен директордың оқу және ғылыми
істері жөніндегі орынбасарын сайлап, Қазақ КСР Халық ағарту Комиссариаты мен КСРО Халық
Комиссарлар Кеңесі жанындағы Жоғары мектеп істері жөніндегі комитетке бекітуге ұсыну міндеті
қоса жүктелген (АОМА, 855: 140-141). Облыстық, қалалық архив қорларымен жұмыс барысында
институттың 1940 жылы құрылып, жұмыс жасағаны туралы құжаттар табылды.
Атап айтсақ,
институттың алғашқы директоры Ә.Б. Тұрсынбаевтің жеке іс қағазы және 1940 жылдардағы
«Социалистік құрылыс» (бүгінгі «Атырау»), «Прикаспийская коммуна» газеттерінде институт
туралы, архив қорларында соғыстың басталуына орай Гурьев мұғалімдер институтын Орал
мұғалімдер институтына қосу жөніндегі үкіметтің қаулысы табылды (АОМА, 855: 40). Мысалы
1940 жылдың 26 қыркүйек күнгі «Прикаспийская коммуна» газетінде «Улучшить преподавание
литературы», 1 қазан күнгі санында «Изменился облик города», ал «Социалистік құрылыс» газетінің
1941 жылғы 15 сәуір күнгі санында «Қала еңбекшілерінің демонстрациясы» атты мақалаларда
институт туралы атап өтіледі. Және де 1941 жылдың 25 наурыз, 12 шілде күнгі «Социалистік
құрылыс» газетінің беттерінде «Гурьев мемлекеттік оқытушылар институты 1941-42 оқу жылына
қарай тарих, тіл және әдебиет (орыс, қазақ бөлімдерінің) факультеттерінің
бірінші курсына
оқушылар қабылдайды», «Гурьевтегі мемлекеттік оқытушылар институты 1941-1942 оқу жылына
студенттер қабылдауды жариялайды» тақырыбында жарнамалар берген. 12 шілдедегі газет
санындағы жарнамада «Институт орталау мектептер үшін мұғалімдер даярлайды. Оқытушылар
институтында орта мектептің 9 класынан кем емес білімі бар, 17 жаспен 40 жастың арасындағы
ССРС-ның барлық еркек және әйел азаматтары алынады.
Инситутқа түсемін деушілер орыс тілі, әдебиет, география жыне ССРС тарихы пәндерінен
емтихан тапсырады. Қазақ тілі мен әдебиет бөлімдеріне кіремдеушілер
қосымша қазақ тілінен
емтихан тапсырады. Орта мектептерді отлично бітіріп шыққандар институтқа емтихансыз алынады.
Арыздар 31 июльге дейін қабылданады. Барлық институтқа түсушілер 1 августыдан 20 августқа
дейін сынақтан өтеді. Институтқа алынғандар оқу құралдары мен қамтамасыз етіледі. Жатаққана
керек ететіндерге әдейі белгіленген төлем бойынша жатаққана беріледі. Отличиниктерге стипендия
беріледі. Институттың алресі: Гурьев қаласы, Москва көшесі № 1 үй. Дирекция».
Сонымен бірге 1997 жылы 23 қазан күнгі жарық көрген «Атырау» газетінің санында
атыраулықтарға белгілі, Ұлттық қауіпсіздік қызметінің генералы Бисен Саппаев туралы жарияланған
Отан тарихы №1 (97) 2022
ISSN 1814 - 6961 E-ISSN: 2788-9718
133
мақалада: «... Оқуға деген ынталығы мектепте байқалған Бисен оны бітірісімен Гурьев оқытушылар
институтының тарих факультетіне түсіп, бірінші курсты жоғары бағалармен бітіреді. Сол тұста
Герман фашистерінің КСРО-ға шабуылы басталды да, Бисен оқуын жалғастыра алмай, 1941 жылғы
шілде айында Қызыл Армияға шақырылды», - деп жазылған (Кенжебаев). Осындай мәлімет 13 наурыз
2020 жылғы «Прикаспийская коммуна» газетінде де жарияланды (Алиева).
Архив құжаттарында институттың мекен-жайы тайға таңба басқандай көрсетілген Жайық
өзеніне жақын Москва көшесі, №1 үй (ҚР ОМА, 1692: 75-76, 83).
Сәйкестікпе, қалай айтуға болады. Бүгінгі күндері бұл көше университет аты иеленген Алаштың
ардақты ұлы,
қоғам және мемлекет қайраткері, ғұлама ғалым Х. Досмұхамедов есімімен аталады.
Іздеп барып көрдім, өкініштісі сол, осыдан үш-төрт жыл бұрын екі қатарлы ғимарат болған екен.
Қазір қиратылған, алайда жертөлесі сақталып қалған. Институт орнын фотоға түсіріліп фейсбук
парақшасына жүктеген болатын.
Архивте сақталған құжаттар арқылы тарқатсақ, Гурьев 2-жылдық мұғалімдер институтының
тұңғыш директоры болып 1928-1931 жылдары Алматы мал дәрігерлік техникумында,
жұмысшы
факультетінде, 1931-1932 жылдары Ташкенттің жоспарлау-экономика институтында оқыған, 1937
жылы Москваның Г.М. Кржижановский атындағы мемлекеттік экономика институтын бітірген,
көрнекті ғалым, тарих ғылымдарының докторы (1957), профессор (1958), Қазақ КСР ғылымына
еңбегі сіңген қайраткер, қасиетті Түркістан қаласында дүниеге келген Әбді Бошынұлы Тұрсынбаев
жолдамамен келді.
Достарыңызбен бөлісу: