ISSN 1814 - 6961 E-ISSN: 2788-9718
Отан тарихы №1 (97) 2022
134
1950 жылы емес 1940 жылдан бастау алатындығы нақты дәлелденді. Мысалы № 1692 Қазақ КСР
Оқу ағарату министрлігі қорының №353 ісінде Гурьев мұғалімдер институтының алғашқы
директоры, кейін экономика ғылымдарының кандитаты, тарих ғылымдарының докторы, профессор
Әбді Бошанұлы Тұрсынбаевтың Қазақ КСР Халық Ағарту Комиссариатына 4 қыркүйек 1940
жылы жолдаған жедел хатында (телеграмма) 2-қыркүйекте институт базасында алғашқы сабақтың
басталғанын, сабаққа 122 студенттің кешікпей келгенін хабарлайды (ҚР ОМА, 1692: 54).
Архив қорында КСР Халық Ағарту Комиссариатына Гурьев мұғалімдер институтын
ұйымдастыру туралы институт директорының 16 қыркүйек 1941 жылғы есебі сақталып, хатталған.
Есепте біріншіден, институтқа түлектерді қабылдау,
екіншіден, кадр мамандармен қамтамасыз
ету, үшіншіден, оқу ғимараттарымен қамтамасыз ету және жабдықтау, төртіншіден, оқытушылар
мен студенттерді тұрғын үймен және жатақханамен қамтамсыз ету, бесіншіден, студенттерді
тамақтандыру
мәселелері, алтыншыдан, институтқа құрал-жабдықтар алу және қажетті әдебиеттер
алу, жетіншіден, институт базасын отынмен қамтамасыз ету туралы жан-жақты мәліметтер берілген.
Сонымен бірге архив қорларында сабақтардың өтуі және сапалы өтуіне ерекше мән берілгендігі
туралы мәліметтер де сақталған.
Архивтегі №332 істе 1941 жылдың 8-ақпан күнгі берілген мәлімет бойынша Гурьев мұғалімдер
институтында «Марксизм-ленинизм негіздері» пәнінің жүргізілуі туралы Халық Ағарту
Комиссариатына қарасты жоғары оқу орындары басқармасына жолданған есебінде, аталған пәнді
институт директоры Ә.Б.Тұрсынбаевтың жүргізетіндігі хабарланып,
оның жоғары білімді маман
екендігі, Крижановский атындағы Москва жоспар-экономика институтын бітіргендігін және
«Марксизм-ленинизм негіздері» және «Диамат және тарихи материализм» пәндерінен кандитаттық
минимум тапсырғандығын мәлім еткен. Берілген мәлімет бойынша дәріс сабақтарының өткізілуі,
студенттердің өзіндік жұмыстары, семинар сабақтары, қысқы емтихан сессиясына дайындық,
қысқы емтихан сессиясының қортындылары көрсетілген. Құжаттардан байқайтынымыз студенттер
«Марксизм-ленинизм негіздері пәнінен «өте жақсы» бағаға – 19, «жақсыға» – 22, «қанағаттанарлық»
бағаға – 18, ал «қанағаттанарлықсыз» бағаға – 8 студент тапсырған. Погодаев,
Харитонова,
Калмыкова, Есқариева, Кабулов, Өтемісов, Малыгин, Женесенов т.б. сияқты студенттер қысқы сессия
уақытында аталған пәнен «өте жақсы» деген баға алғандығын архив құжаттары нақтылайды
(ҚР ОМА, 1692: 15-17).
Архив құжаттарында институт директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Е.Петрованың
Халық Ағарту Комиссариатына жолдаған 4 сәуір 1941 жылғы баяндау хатында Комиссариаттың
«Педагогикалық және мұғалімдер институттарында оқитын студенттердің сауаттылығы мен сөйлеу
мәдениетін көтеру» атты бұйырығын орындалу барысы туралы хабардар етеді. Баяндау хатта
барлық оқу топтарына диктанттар жүргізілгендігін, студенттердің өте нашар нәтиже көрсеткендігін
атап өткен. 1-курстағы 27-і студентің 22-сі «қанағаттанарлықсыз» баға алған. Тарих факультетіндегі
14 студенттің барлығы да сондай баға алған. Фиология факультетінің орыс тобындағы 18 студенттің
3-уі «қанағаттанарлықсыз» деп бағаланған (ҚР ОМА, 1692: 36).
Халық Ағарту Комиссариатының бұл бұйырығы институт кеңесінде және оқу топтарында
кеңінен талқыланған. Талқылаудың барысында бұйырықты орындау мақсатында іс-шаралар жоспары
жасақталып, орындалуын қадағалау назарға берілген. Қанағаттанарлықсыз баға алған студенттерге
орыс тілі пәнінен қосымша сабақтар өткізу қарастырылған. Орыс тілі пәнінен белгіленген уақытта
академиялық қарыздарын жабу міндеттелген. «Тіл және әдебиет» кафедрасының меңгерушісіне
жүйелі түрде орыс тілі және әдебиеті пәні сабағына қатысу, кафедра
мәжілісінде талқылау және
аталған пәннің берілуін жақсарту туралы ұсыныс-пікірлерін беру тапсырылған. Ең басты назар
студенттер арасында көркем әдебиет оқуды ұйымдастыру мәселесіне көңіл аударылған.
Институтта тарих, тіл және әдебиет факультеті болған, яғни айтқанда екі факультет болған.
«Тарих» факультеті студенттеріне оқу барысында «Марксизм-ленинизм негіздері», «Саяси
экономика», «Психология», «Педагогика», «Мектеп гигиенасы», «Ежелгі дүние тарихы», «Орта
ғасырлар тарихы», «КСРО тарихы», «Жаңа кезең тарихы», «КСРО Конституциясы», «Тарих пәнінің
берілу әдістемесі», «Әскери дайындық» пәндерін, ал «Тіл және әдебиет» факультетінің студенттері
«Психология», «Педагогика», «Марксизм-ленинизм негіздері», «Жалпы тарих», «КСРО тарихы», «Тіл
біліміне кіріспе», «Қазіргі орыс тілі», «Ежелгі славян тілі», «Орыс тілінің граматика тарихы», «Орыс
әдебиеті тілінің тарихы», «Әдебиет теориясы», «Жалпы әдебиет», «Орыс әдебиеті», «Фольклор»,
«ХVІІІ ғасыр әдебиеті», «Ежелгі орыс әдебиеті», «ХІХ ғасыр әдебиеті», «ХХ ғасыр әдебиеті және
совет әдебиеті» және «Орыс тілі және әдебиеті әдеістемесі», «Әскери дайындық» және «Мектеп
гигиенасы» пәндерін оқыған (ҚР ОМА, 1692: 52).
Институт ғимараты бұрынғы педагогикалық училищенің екі қабаты ғимаратында орналасқан.
Барлығы 9 бөлме,соның 5 бөлмесі екінші қабатта, 4 бөлмесі бірінші қабатта орналасқан. Жоғары
қабаттағы 2 бөлме және төмендегі 3 бөлме аудитория болып жабдықталған. Үлкен бөлмеде
кітапхана орналасқан. Шағын бір бөлме директор кабинетіне, тағы бір бөлме оқытушылар бөлмесіне
берілген. Төменгі қабатта оқу бөлімі меңгерушісі, хатшы, әскери кабинет жабдықталған. Оқу