Ғылыми журнал үш айда бір рет шығатын ғылыми журнал



Pdf көрінісі
бет148/264
Дата30.04.2023
өлшемі4.7 Mb.
#473044
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   264
34-36-PB (2)

Отан тарихы №1 (97) 2022
ISSN 1814 - 6961 E-ISSN: 2788-9718
135
ғимаратына жақын жердегі шағын үйде бухгалтерия және шаруашылық бөлімі орналасқан. Оқу 
залы болмаған. Дегенмен де институт әкімшілігі екінші қабаттағы коридордың түпкі бөлмесін 
қайта жабдықтап, жарық орнатып жинақы да жарық зал жасақтаған. Оқуға қабылданған студенттер 
контингентіне аталған ғимараттың толық қанағаттандыратығын алға тартады. Бөлмелерге 100 
стол, 150 орындық сатып алынған. Жатақхана үшін 90 керует пен матрац алынды. Тарих, тіл және 
әдебиет кабинеттеріне 10 мың сомға кітаптар мен көрнекіліктер сатып алынды. Алдағы уақытта 
жаңадан ғимарат салу жөніндегі ұсынысын білдіреді. Студенттерді жатақханамен жабдықтау 
мәселесі де оң шешілген. Алғашқы да қалалық кеңестің тарапынан Жамбыл атындағы мектептің 
үлкен жатақханасы студенттерге беріледі. Бірақ кейін облыстық партия комитеті мен атқару 
комитетінің шешімімен бұл ғимарат телефон станциясына берілген. Кейін Халықшаруашылығы 
есебі мекемесінің ғимаратына 40 студент, партия курсы жатақханасына уақытша 40 студент 
орналасқан. Ал оқытушыларға жаңа салынып жатқан ғимараттан 3 бөлмелі 2 үй қарастырылған. 
Студенттерді тамақтандыру мақсатында облыстық сауда мекемесімен келісім шарт жасақталған. 
Мейрамхана күнделікті сағат 12.00–ден кешкі сағат 7-ге дейін студенттерді әртүрлі ассортимент 
тамақпен қамтамасыз ету қарастырылған. Бұл үшін институт 8 мың қаражат төлуге тиіс болды. 
Кітапхана қорын толықтыру мақсатында сметадан 10 мың сом қаражат қарастырылған. Институт 
ашылған уақытта 6 мың сомға кітаптар сатып алынған. Психология, тілге кіріспе, ежелгі және орта 
ғасырлар тарихы пәндерінен оқулықтар жетіспеушілігі де назарға берілген. Осы олқылықтардың 
орнынын толтыру мақсатында Москва, Ленинград кітапханаларынан, облыстық кітапханадан 
ВКП (б) тарихының 60 дана орысша, 40 дана қазақшасы алдырылған. Бағдарламаларымен толық 
қамтамасыз етілмегендіктен, Москваға сұраныс берілген. «Қазақкітап» орталығы арқылы 
әртүрлі әдебиеттер мен газеттерге жазылу жүргізілген. Қысқы маусымға 100 мың тонна көмір, 
80 кубометров отындық ағаш сатып алынды (ҚР ОМА, 1692: 64-66).
Архив құжаттары бойынша жаңа 1941-42 оқу жылында Гурьев мұғалімдер институтына 120 
студент қабылдау жоспарланған (ҚР ОМА, 1692: 116). 
Жоспарды Қазақ КСР Халық Ағарту Комиссары М.Әбдіхалықов бекіткен.
1941-42 оқу жылына студенттер қабылдау туралы мәлімет (ҚР ОМА, 1692: 62, 84, 85). № 1 кесте.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   264




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет