ҒТАМР 03.20.00 DOI 10.51943/1814-6961_2022_1_139
АТЫРАУ ОБЛЫСЫНЫҢ 1920-1930 ЖЖ. ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ӨМІРІНДЕГІ
МҰНАЙ ӨНДІРІСІНІҢ ОРНЫ
З. Мырзатаева
1
, Д. Алипова
1
, К. Жұмабаева
2
, С.Ж. Сапанов
3
, А.С. Уалтаева
4
*
1
Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті, Алматы, Қазақстан
2
Оқытушы, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан
3
«Х.Б. Табылдиев атындағы Каспий өңірінің тарихы, археологиясы және этнологиясы» ғылыми-
зерттеу институты
4
Ш.Ш.
Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты
*Автор корреспондент
E-mail: altyn.lazzat@mail.ru (Уалтаева), zabyra73@mail.ru (Мырзатаева), alipova.d@mail.ru
(Алипова), zhumabaeva1995@list.ru (Жұмабаева), cefosh1@gmail.com (Сапанов)
Түйіндеме. Мақалада Атырау облысының мемлекеттік архивінің негізінде облыстың 1920-1930
жж. қоғамдық-саяси өмірі сарапталады. XX ғасырдың 20-30 жж. Атырау өңірінің қоғамдық-саяси
өмірінде мұнай өндірісі аса маңызды роль атқарды.
1920-1930 жылдар аралығындағы ҚазАСР мен Атырау (Гурьев) облысы экономикасының
дамуындағы балық шаруашылығының алатын орны, оның дамуы, қарапайым еңбек адамдарының
қажырлы еңбегі, олардың әлеуметтік тұрмысын зерделеу өте маңызды. Кеңес үкіметі тұсында
қазақтар да мұнай шаруашылығына араласып, басқа ұлттармен бірігіп осы саланы көтеруге күш
салды.
Атырау өңіріндегі мұнай өндірісі өнеркәсібіндегі өзгерістер негізінен алғанда XIX ғасырдың
ортасы мен соңғы ширегінде қарыштап дамыды. Бұл салалардағы алғашқы жұмысшы кадрларын
қазақ шаруаларының кедейленген бөлігінен шыққан жалданушылар, қоныс аударған орыс
шаруалары, күн көрісі төмен қала тұрғындары, төменгі әскери шен адамдары, сондай-ақ Ресейдің
ішкі губернияларынан келген мамандар құрады.
Қазақстанның атын бүкіл Одаққа әйгілеген Ембі мұнай кәсіпшілігі, ҚазАСР және КСРО
экономикасының дамуына зор үлес қосты. Соған қарамастан Кеңес Одағы тұсында Одақ осыншама
мол байлыққа ие бола отыра, республиканың мұнай шаруашылығының дамуына үстіртін қарап,
оны тек тұтынушы көзі ретінде таныды.
Достарыңызбен бөлісу: |