Ғылыми журнал үш айда бір рет шығатын ғылыми журнал



Pdf көрінісі
бет158/264
Дата30.04.2023
өлшемі4.7 Mb.
#473044
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   264
34-36-PB (2)

ISSN 1814 - 6961 E-ISSN: 2788-9718
Отан тарихы №1 (97) 2022
144
1) Іске жарамды скважиналар (құйылып тұрғандар): 8
2) өндіріссіз тұрған скважиналар: -
3) іске жарамдысы: 94
4) бұрғылау аяқталмағаны:13
5) жөндеуде тұрғандар: 1
6) салынып жатқандар: 10
7) қараусыз қалған скважиналар:11
Басқарма осы скважиналарды іске қосу және жөндеу үшін жұмысшыларды көбейтуге 
ұмтылды. Әсіресе, мамандығы бар жұмысшыларға ерекше көңіл аударылды. Басқарма төрағасы 
Р. Фридман өзінің әрбір бұйрығында, үндеуінде жұмысшыларға тәртіптің қажет екендігін 
ескертумен болды. Қатаң тәртіп нәтижесінде 1920 жылдың аяғында 20 скважина жөнделіп, іске 
қосылды (Ресей Федерациясының экономикалық архиві (одан әрі РФ ЭА).
ХКК-ң Жайық-Ембі ауданына деген назарының төмендеуінен олардың Баку мен Грозныйға 
бағытталған мол үміті қазақ үкіметіне де әсерін тигізді. 1921 жылдан бастап Жоғарғы Халық 
Шаруашылығы Кеңесіне қазақ өнеркәсіптік бюросы Ембі кәсіпшіліктерін өз билігіне алу туралы 
мәселені көтере бастады. 5 қаңтарда болған отырыстарында осы мәселені талқылап, Қазақ 
өнеркәсіптік бюросы Қазақстан мұнай комитетін құрып, осы туралы Жоғары Халық Шаруашылығы 
Кеңесі мен Бас мұнай комитетіне хабарлады. Қаулы арқылы Орынбор мұнай қоймасын т.б. тікелей 
өзіне қаратты (Қазақстан Республикасы орталық мемлекеттік архиві (одан әрі ҚР ОМА).
1921 жылдың басында Ембі кәсіпшіліктерінің жағдайы өзгерді деу қиын. Бұл жөнінде 
Р.Н. Фридман Еңбек және Қорғаныс Кеңесіне 1921 жылы 17 наурызда жазған баяндамасында: 
«Кәсіпшіліктердің қызметі мен ондағы халықтардың тұрмысы тасылатын азық-түлікке, 
материалдарға, суға, көлікке тәуелді. Мұнай кәсіпшіліктерінде мұнай өндіру өндірілген мұнайды 
тасуға, яғни алып кетуге байланысты. Барлық сақтау қоймалары толтырулы, ал өндіріп жатқан 
мұнайды ашық қоймаларға құю қауіпті. 8 млн. пұт мұнай алып кетуге рұқсат берілгенімен не бәрі 
1,5 млн. пұт әкетілді, осыған байланысты мұнай өндіру де тежелуде. Тұрғын үймен қамтамасыз 
етуде қиыншылықтар көп. Бұрын өнеркәсіп иелері үймен тек қана орыстарды қамтамасыз еткен. 
Ал қазіргі кезде қазақтар Кеңес өкіметінен өздерін орыстармен бірдей қарауын талап етуде. Келесі 
үлкен мәселе - сумен жабдықтау. Кәсіпшіліктерді сумен жабдықтаудың 3 жолы бар: 1) мұзды 
пайдалану, ал ол жауған қарға байланысты, яғни қар көп жауса су да көп және керісінше; 2) құдық 
суы, олар қазір кәсіпшіліктерден 25 шақырым жерде; 3) мұнай құбыры арқылы берілетін теңіз 
суы - ол тек қана малға жарайды» - деп ашық жазады (ҚР ОМА, 83:116).
1921 жылы Жайық-Ембі мұнай кәсіпшіліктері үшін мұнайшыларды сырттан шақыру 
саясаты жалғаса берді. Ал жергілікті қазақтар өндіріске кеңінен тартылмады. Сондықтан өз 
республикамыздан мұнайшы мамандарын жинақтау үшін Қазақстандағы Бас Еңбек комитеті 1921 
жылы 4 сәуірде соңғы 10 жыл ішінде тау-кен кәсіпшіліктерінде еңбек еткендерге мобилизация 
жариялады. Қаулы бойынша 7 күн ішінде тіркелген адамдар Қазақ өнеркәсіптік бюросына келуі 
тиіс делінді.
Дәл осы кезеңде КСРО-да үлкен өзгерістер басталды. РКП(б)-ң наурыз айында өткен X съезі 
жаңа экономикалық саясатты (ЖЭС) қабылдады. Жаңа экономикалық саясат бүкіл елдің 
экономикасына түбегейлі бетбұрыс әкелді. Бұл бетбұрыс экономиканың мемлекеттік капитализмге 
бағыт алуымен сипатталды. Өнеркәсіп саласында белгілі шектеулермен капиталистік формалар - 
концессияға, арендаға берулер енгізілді. Өнеркәсіп қорларын тиімді пайдалану үшін коммерциялық 
қатынастар қолданыла бастады. Бір сөзбен айтқанда өнеркәсіп саласында жұмысшылардың 
қабілетін, ынта-жігерін арттыруға үлкен мүмкіндік жасалды.
Қазақстан экономикасын басқару және шаруашылық қатынастарын қайта құру 1921 жылдың 
жазынан басталды. Қазақ республикасының Еңбек және Қорғаныс Кеңесінің 1921 жылғы 26 
тамыздағы қаулысы бойынша республика өнеркәсіп орындарында ЖЭС принциптері енгізілді. Қазақ 
өнеркәсіптік бюросына өндіріс орындарын іріктеу және топтау тапсырылды. Осы бойынша өндіріс 
орындары 3-ке: а) мемлекетке тікелей бағынатындар, ә) жалға берілетіндер, б) жойылатындар болып 
бөлінді (ҚР ОМА, 28: 24).
Жайық-Ембі мұнай кәсіпшіліктері осы қаулы бойынша тікелей мемлекетке бағынды. Өнеркәсіптік 
қайта құрулар нәтижесінде 1922 жылы 1 қазанда Ембі мұнай тресі құрылды. Треске Жайық-
Ембі ауданының мұнай кәсіпшіліктері және 2 мұнай өңдеу зауыттары: Константиновск және 
«26 коммунар» атындағы Варинск кірді. Жаңа құрылған трест мақсаты мұнай өндіру және жаңа 
алаңдарды барлауды коммерциялық есеппен жүргізу, ал зауыттардың міндеті алынған мұнайды 
өңдеу болатын. Сөйтіп, трестің барлық жұмысы өндіру, өндеу өзінде өтетін болды. Трестің таза 
пайдасы былайша бөлінуі тиіс еді: 1) резерв капиталы 25 процент, 2) Тресті кеңейту және жетілдіру 
үшін 10 процент, 3) маңызды міндеттерге 5 процент, 4) қызметкерлерді көтермелеу үшін 10 процент, 
5) мемлекеттік кіріс 50 процент. Осы таза пайда Ембіні қалыпқа келтіру жоспары орындалғанға 
дейін тек қана өзінде қалуы тиіс деп жарияланды .




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   264




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет