Ғылыми журнал үш айда бір рет шығатын ғылыми журнал



Pdf көрінісі
бет159/264
Дата30.04.2023
өлшемі4.7 Mb.
#473044
1   ...   155   156   157   158   159   160   161   162   ...   264
34-36-PB (2)

Отан тарихы №1 (97) 2022
ISSN 1814 - 6961 E-ISSN: 2788-9718
145
Бұл жылдары Қазақ Өнеркәсіптік бюросының мұнайлы ауданды басқаруға ұмтылғаны 
жоғарыдан белгілі. 1920- 1922 жылдары мұнай өнімі өз территориямызда өндірілсе де, бірден-бір 
тонна Жоғары Халық Шаруашылығы Кеңесінің рұқсатынсыз алынбаған. 
1922 жылы 10-11 шілдеде осы мәселені талқылаған Жоғары Халық Шаруашылығы Кеңесінің 
Президиумы «Ембі» 2 жылдан бері толықтай пайдаланылмай жатыр. Мұнай сақтау орындары 1920 
жылдан бері толтырулы, ал мұнай өндіру соған қарап тұр (1920 ж. - 186335 пұт, 1921 ж. - 286800 
пұт өндірілді). Мұндай жағдайдан шығудың жолы - Ембіні Қазақ Өнеркәсіптік бюросы қарамағына 
беру. Себебі ол осы ауданға мүдделі және оны толықтай қалыпқа келтіре алады. Ембіні Қазақ 
республикасының қарамағына көшіру кезіндегі 1-ші міндет, мұнайды тасу үшін оны Ташкент темір 
жолымен байланыстыру. Ол үшін бұрынғы тоқтатылған Ембі-Саратов мұнай құбырының құрал-
жабдықтары арқылы көп шығын шығармай-ақ Ембі-Жұрын мұнай құбырын салу қажет. Бұл құбыр 
темір мұнайлы ауданы арқылы, соның ішінде Дөңгелексор, Мәртүк арқылы өтеді. Мұндай жағдай 
Қазақстанның өнеркәсібі мен транспортының жұмысын дамытады - деп мәлімдеді.
Қабылданған қаулыда: 1) Қазақ Өнеркәсіптік бюросының Ембіні басқаруға қатысуын қажет 
деп мойындау және «Ембімұнай» тресінің басқармасына бір мүшені тағайындау құқығын беру. 
2) Қазақ республикасына өндірілген және барлық мұнай қорының 5 проценті бөлінетіндігін 
мойындау. Бұл 5 процент Қазақ Өнеркәсіптік бюросына Орынборда балама (эквивалент) арқылы 
мұнай өнімдерімен тапсырылады.) Ембімұнай тресі кез келген өзінің есептерінің бір данасын 
Қазақ Өнеркәсіптік бюросына жіберілді. Осы есептер Бас отын басқармасында Қазақ Өнеркәсіптік 
бюросының қатысуымен талқыланды (РФ ЭА).
Сөйтіп Қазақ үкіметі де біртіндеп мұнайлы аудан істеріне араласып, өз құқығын анықтай 
бастады. Бірақ большевиктік орталық жағдайды мойындағанымен, мұнай билігін ешқашан Қазақ 
республикасына берген емес. 1920 жылдары елде қалыптасқан ауыртпалықты жағдай мұнайлы 
ауданға, Батыс Қазақстанға өз әсерін тигізді. Зерттеушілер М.Асылбеков, А. Ғалиев өз еңбектерінде 
Қазақстанның халық санындағы өзгерістерге азамат соғысының зардаптары және 1921 жылғы жұт, 
Кеңестік биліктің шаруалардан азық-түлік үшін малдарын тартып алуы ерекше әсер етті дей келіп, 
1921-1922 жылы Батыс Қазақстанда (Ақтөбе, Орал губерниялары және Бөкей ордасы) 40 000 
шаруашылық жойылды деп көрсетті (ҚР ОМА, 109: 25). 
Зерттеуші М.Н. Сыдықовтың Батыс Қазақстан тұрғындарының демографиялық дамуы 
туралы еңбегінде 1920 жылдардағы өлкедегі әлеуметтік-экономикалық жағдайдың халық санына 
айтарлықтай әсер еткенін жазды. 1917 жылы санақ бойынша Батыс Қазақстанда (Ақтөбе, Орал 
губерниялары және Бөкей ордасы) 1 398 984 адам, 1920 жылғы санақ бойынша 1 198 540 адам, 1923 
жылғы санақ бойынша 879 040 адам болған. Көрсетілген алты жыл ішінде тұрғындар саны 519 944 
адамға азайған, яғни 37,1 пайыз. Зерттеушінің көрсетуінше халық саны азамат соғысы жылдарында 
200-500 адамға, аштық пен жұттан 319 500 адамға қысқарған (Сыдықов, 1995).
1922 жылы 25 наурызда Жайық-Ембі ауданының Басқармасы Тау-кен Одағымен отырысында 
аудандағы қиын жағдайды атап өтті. Әсіресе ауданнан мамандығы бар жұмысшылардың кетуі 
қатты толғандырды (РФ ЭА.) Отырыс мынаны мойындады: 1) Ауданның жағдайы өте ауыр. 
Маманданған жұмысшыларды жібермеу үшін олардың азық-түлік жағдайын жақсарту қажеттігі 
туды. Егер 1-мамырға дейін жағдай түзелмесе, онда аудандағы жұмыстарды қысқартуға дейін бару. 
2) Азық-түлік мәселесінде Гурьевке қарағанда Доссорға артықшылық беру.
Ауданда негізінен мамандығы бар жұмысшылардың жағдайын жақсарту қара жұмысшылардың 
ең төменгі разрядтағы есебінен жүзеге асатын еді. Ал осы есеппен бөлу негізінен қара 
жұмысшылар қатарын толықтырған жергілікті халықтың жағдайын қиындата түсетін. Оған 1921-
1922 жылдардағы Батыс Қазақстандағы ашаршылық та өз ықпалын тигізді. Осы жылдары 
Қазақстанның 6 губерниясында егін өнімі аз жиналды. Соның ықпалымен тек Гурьев уезінде 1922 
жылдың қарашасында 112.591 халықтың 11.975 адамы аштыққа ұшырады. Доссор, Ракуша, Гурьевте 
тұратын 9676 адамның 78-і аштыққа ұшырағандар тізіміне тіркелген (ҚР ОМА, 4). Ал шаруалар 
үкімет тарапынан көмек ала алмағандықтан, өз қолдарындағы бар малдарын шетінен соя бастады. 
Көпшілік қазақтар кәсіпшіліктер мен қалаларға қарай жылжыды. Осы кезеңді: «Қазақстанның саяси-
экономикалық жағдайы қауіпті. Орал, Ақтөбе, Бөкей губернияларының кейбір жерлерінде саяси 
бандитизм күшеюде. Қауіп күшеюде» - деп Қазақстан республикасының төтенше комитет мүшелері 
ерекше бағалаған (ҚР ОМА,109).
1922 жылы мұнай кәсіпшіліктеріндегі азық-түлік жағдайының шиеленісуіне Орталықтан 
бөлінген ұн мен бидайдың уақытында жеткізілмеуі де өз әсерін тигізді. Мысалы, осы жылдың 
сәуірінде Новороссийскіден бөлінген шетелдік 40 000 пұт ұн мен бидай маусымның орта кезеңіне 
дейін Ембіге жетпей жолда тұрып қалған. Осыған қатты алаңдаған Бас отын басқармасы мен Ембі 
басқармасы Ф.Э. Дзержинскийге хабар жіберген (РФ ЭА, 1914:23).
Гурьев уезі халықтарының, соның ішінде қазақтардың өмірі мен тұрмысының негізгі көздері: 
1) мал шаруашылығы, 2) балық шаруашылығы, 3) егін шаруашылығы, 4) қазба байлығы болатын. 
Сондықтан айналада бос жатқан жерлерді пайдалану оған егістікті көбейтудің маңызы ерекше 


ISSN 1814 - 6961 E-ISSN: 2788-9718
Отан тарихы №1 (97) 2022
146
еді. Осыны ескергентрест Гурьев уезі территориясынан жалға жер сұрады. 1922 жылы 18-19 
желтоқсанында Орал губерниялық экономикалық Кеңесі Ембі кәсіпшіліктеріне Сағыз өзені жанынан 
және Базар-Соколок, Балка-Рытье жер учаскелерін жалға пайдалануға ұрықсат етті (АтО МА).
Сөйтіп, трест осындай учаскелерді игеру арқылы өз еңбекшілерін көкөніс өнімдерімен 
қамтамасыз ету мақсатын алға қойды. Бұл тек бір ғана мәселенің шешімі еді. Мұнай басқармасы 
1922 жылдың қаңтарынан бері жұмысшылардың жалақысын толықтай төлей алмады. 1922 жылы 
1 тамызда Доссорда мұнайшылардың жиналысы өтті. Жиналыста қаралған мәселе - басқарма 
жұмысшыларға сәуір, мамыр, маусым, шілде айларының еңбек ақыларын төлемеген. Сондай-ақ, 
жұмыс киімімен қамтамасыз етпеген.
Жиналысқа қатысқан Р.Н. Фридман жұмысшылар үшін Мәскеуден 22 млрд. сом ақша мен 
9,2 мың метр мануфактура жіберілгенін, оның таяуда келетінін мәлімдеді. Қаражат пен жұмыс 
киіммен тарыққан жұмысшылар 28 тамызда екінші рет жиналыс өткізген. Оған 256 адам қатысқан 
(Ат ОМА, 1).
Соның нәтижесінде маман жұмысшылар тағы да өз еріктерімен жұмыстан шыға бастады. 
1922 жылдың сәуірінен тамызға дейін кәсіпшіліктен кеткен 674 адамның 231-і маман жұмысшы еді 
(Ат ОМА,41: 14).
Трест босаған маман жұмысшылардың орнын көмекшілерімен, тіпті оқушылармен де 
ауыстыруға мәжбүр болды. Ембі кәсіпшіліктерінде жұмысшыларға төленетін жалақының 
болмауына Орталық та кінәлі еді. Себебі, Ембі өндірген мұнай пайдаланусыз жатты. Ал өндіру болса 
Фридманның жазғанындай оның Ембіден тасылуына байланысты еді, яғни 1921 жылы көтерілген 
мәселе 1922 жылы да өз шешімін таппады. Сондықтан да 1922 жылдың 21 шілдесінде мұнай 
өнеркәсібі Кеңесінің отырысы арнайы «Ракушадан Ембі мұнайын тасу» мәселесін тағы талқылады. 
Кеңес Ембі мұнайын тасу дұрыс жолға қойылмай отырғандығын және оның мұнай өндіруді 
көбейтуге кері әсер етіп отырғандығын атап өтіп, Бас отын басқармасынан «Ембімұнай» тресіне 
мұнай таситын кемелер ұстауға құқық беруін сұрады (Ат ОМА).
1923 жылдан бастап өндірілген мұнайды тасымалдау дұрыс жолға қойыла бастады. Ең алдымен 
бұрыннан сақталып келе жатқан өнімдер жіберілді. 1922-1923 жылдары әкетілетін 10.991.30 пұт, 
мұнайдың, тек 1923 жылдың кеме жүретін уақытында (навигация) 9.456.267-інің тасылуы сөзімізге 
дәлел болады. Тасып әкету 1921-1922 жылдарымен салыстырғанда 146,04 процентке жетті. Осы 
жылдың қыркүйек айында Жайық-Ембі кәсіпшіліктерінде 53 скважина жұмыс жасаған (Ат ОМА, 1).
Қазіргі кезеңде біздің еліміз үшін дүниежүзілік озық тәжірибеге негізделген индустриялды-
инновациялық стратегияны қалыптастырудың маңызы өте зор. Дамыған өркениетті елдердің 
барлығы белгілі бір тарихи кезең бойында физикалық еңбекті қажет ететін өңдірістен капиталды, 
технология мен ғылымға негізделген өндіріске дейінгі жолдан өтті. Қазақстанға да осындай жолдан 
өтуге тура келді. Шикізатқа ғана бағыт ұстаған ел болып қалмаудың амалы ғылым мен техниканың 
жетістігіне, жоғары технологияға сүйенген дүниежүзілік стандартқа сай сапалы өнім өндіретін 
өнеркәсіп орындарын дамытуға тікелей байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   155   156   157   158   159   160   161   162   ...   264




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет