Отан тарихы №1 (97) 2022
ISSN 1814 - 6961 E-ISSN: 2788-9718
147
ауыл жастары, 1930 жылдары жан-жақты шыңдалған ұлттық мұнай өндірісі жұмысшыларының
негізін қалады. Оның ішінде 1930 жылы Қазақстанда алғаш болып Гурьевте орта арнаулы білімді
мұнайшы-техниктерді дайындайтын
тау-кен мұнай техникумы ашылып, 1933 жылдан бастап
өндіріс ұлттық мұнайшы техник мамандармен толыға бастады. Орынбор, Орал, Семей, Алматы,
жұмысшы факультетін бітірген ондаған қазақ жастары Мәскеу, Баку мұнай институттарын бітіріп,
алғашқы қазақ мұнайшы техникалық интеллигенцияның негізін салды. Сонымен бірге 1933 жылы
Республикада алғашқы техникалық жоғары оқу орны тау-кен металлургия институты ашылып,
өлкемізге жоғары білімді барлаушы-геологтарды дайындай бастады.
Қазақстанның мұнай-газ
саласындағы геология мектебінің негізі қаланды.
3. 1930 жылдардағы мұнай өндірісінің дамып жаңа кен орындарының көптеп ашуларымен
және маман кадрлар дайындауындағы жетістіктерге қарамастан 1937 жылдардағы нәубет білікті
мамандарды жазықсыз қуғын-сүргінге ұшыратты. «Халық жауы» айдарымен мыңдаған адамдардың
тағдырын тәлкек еткен қуғын-сүргін тауқыметі мұнайлы өңірді де қатты күйзелтті. 1930 жылдың
аяғында елдің қоғамдық саяси өміріндегі осындай келеңсіздік науқаны қаншама сұрапыл,
ауыртпалықты болса да мұнай кәсіпшіліктері ұжымдары мен маман
кадрлары қайыспай қарсы
тұрып, жеңе білді.
Атырау облысының 1920-1930 жж. қоғамдық - саяси өміріндегі мұнай өндірісінің ролі мен
орнын сараптай келе, Елбасы атап көрсеткендей - бүгінде төл тарихымызға оң көзқарас керек.
Бірақ қандай да бір тарихи оқиғаны таңдамалы және конъюнктуралық тұрғыдан ғана сипаттаумен
шектелуге болмайды. Ақ пен қара - бір-бірінен ажырамайтын ұғымдар. Бұлар өзара бірлескенде
жеке адамдардың да, тұтас халықтардың да өміріне қайталанбас рең береді. Біздің тарихымызда
қасіретті сәттермен қайғылы оқиғалар, сұрапыл соғыстар мен қақтығыстар, әлеуметтік тұрғыдан
қауіпті сынақтар мен саяси қуғын-сүргіндер аз болмады. Мұны ұмытуға хақымыз жоқ. Көп қырлы
әрі ауқымды тарихымызды дұрыс түсініп, қабылдай білуіміз керек.
Достарыңызбен бөлісу: